Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Тізімдеме жасалган немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке



Pdf көрінісі
бет596/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

425- 
6 а п. Тізімдеме жасалган немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке 
қатысты заңсыз әрекеттер 
1. 
Тізімдеме жасалган, тыйым салынган немесе билік етуге шектеу қойылган мүлікті осы 
мулік сеніп тапсырылган адамның жасаган ысырап етуі, иеліктен шыгаруы, жасы- руы немесе 
заңсыз беруі, сол сияқты кредиттік уйым қызметшісінің тыйым салынган не шыгыс 
операциялары тоқтатыла турган ақша қаражатымен (салымдармен) банк опера- цияларын 
жүзеге асыруы
 -
 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Соттың үкімі немесе қаулысы бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасыру немесе 
иемденіп алу, сол сияқты мүлікке тәркілеу тагайындау туралы заңды күшіне енген сот үкімін 
немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару
 -
 
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Тізімдеме жасалган, тыйым салынған немесе билік етуге шектеу койылган мүлікті осы мүлік 
сеніп тапсырылган адамның жасаган ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасы- руы немесе заңсыз 
беруі, сол сияқты кредиттік үйым кызметшісінің тыйым салынган не шыгыс операциялары 
тоқтатыла тұрган ақша қаражатымен (салымдармен) банк опе- рацияларын жүзеге асыруы - 
кылмыстың негізгі кұрамы болып табылады (425-баптың 
І-тармағы). 
Қылмыстык іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес егер айыпкер, сезікті кылмыс істеу 
арқылы мүліктік зиян келтірсе келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатымен олардың мүлкі 
хатталуга, пайдалануға тыйым салынуга немесе иелік етуге шектелуі мүмкін. 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың объектісі - соттың әділсоттылықты жүзеге асыру жоне сот 
үкімін орындау жөніндегі дұрыс кызметін реттейтін коғамдық катынастар. 
Қылмыстық кұкық бұзушылыктың затына - хатталган, тыйым салынган немесе иелік етуге 
шектеу қойылган мүліктер (425-баптың І-тармағы), тэркі-ленуге жататын мүліктер (425-баптың 2-
тармагы) жатады. 
Қылмыстық құкык бұзушылык объективтік жагы бойынша хатталған, тыйым салын- ган немесе 
иелік етуге шектеу қойылган мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның ысы- рап етуі, иеліктен 
шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты кредит- тік ұйымдары қызметкерінің 
тыйым салынган, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылган акша каражатымен 
(салымдарымен) банк операцияларын жүзеге асыруы аркылы жүзеге асырылады. 
Мүлік өзіне сақтауға сеніп берілген адамның оны өз қажетіне жаратып ысырап етуге, ал осы 
мүлікті бөтенге сату, айырбастау, беру немесе сыйлау жолымен өткізу иеліктен шыгару деп 
танылады. Мүлікті алуға киындық туғызуға байланысты жасалған кез келген эрекеттер оны 
жасырып калу деп, ал тергеушінің немесе судьяның келісімінсіз мүлікті басқа біреуге сактауға 
беруін заңсыз беру деп түсінген жон. 
Несие ұйымдары кызметкерлерінің кінәлінің хатталган салымдарын басқа адамдардын атына 
аударуы, осындай ақша каражаттарын төлем ақы ретінде жұмсауы банк операцияларының 
ережелерін бұзуга жатады. 


689
 
Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жагынан тікелей касақаналықпен істе- леді. 
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың субъектісі - І6-га толган, мүлік өзіне сактауга сеніп берілген 
адам немесе тыйым салынған не жұмсау операциялары тоқтатылып койылған адам каражатымен 
банк операцияларын жүзеге асырган кредит ұйымдарының кызметкері. 
Қылмыстык кодекстің 425-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі - соттың 
үкімі немесе каулысы бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасырып калу немесе иемденіп кету, 
сол сиякты мүлікке тәркілеу тағайындау туралы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын 
орындаудан өзге де жалтару үшін жауаптылык белгіленген. Жасырып қалуға (тэркіленген мүлікті 
тыгып қою), иемденіп кетуге (оны заңсыз өз меншігіне айналдыру), өзге де жалтаруга (мүлікті жою, 
оны ақшаға айналдыру, мүліктің сақталуы жөнінде сот орындаушысын алдау т.с.с) әрекеттер 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет