717
4) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚК-тің 106, 107-бабы), осы
талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (440-баптың 3-тармағы).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әскери кылмыстар жөніндегі
істер бойынша сот
тэжірибесі туралы» қаулысының 7-тармақшасына сэйкес:
ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстың бірне- ше рет
жасалу белгісі бойынша, егер адам бұрын жасаған әрекеті үшін жауаптылықтан босатылмаса не ол
үшін соттылығы алынбаса, не жойылмаса жэне қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі етпесе,
әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін екі немесе одан да
көп бұзу деп саралау қажет.
Қылмыстың жалғаспалы белгісі болмаған кезде әр түрлі уақытта белгілі бір адамға қатысты
жасалған әрекеттер бірнеше рет жасалған әрекеттер деп саралауға жатады.
Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған қылмыстық қимылдар бір ниетпен қамтылып
жалғасқан болса, бірак эр түрлі себептермен бір мезгілде жүзеге аспаса, бір уақытта, сол секілді эр
мезгілде бірнеше адамдарға қатысты жасалған әрекет деп таны- лып, ҚК-нің 440-бабы
екінші
тармағының 2) тармақшасы бойынша саралауға жатады. Осы орайда соттар кінэлінің ниетінің
бағытталуын, жасалған қылмыстың нақты мэн- жайын жэне оның себептерін, эр түрлі
жәбірленушілерге қатысты жасалған әрекеттердің арасындағы уақыт шегінің ұзақтығын жэне
т.б.зерттеуі тиіс.
Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармақтарында көзделген қылмыстық топ жасаган не
адам бөліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (440-баптың 4-тармағы)
талданып отырылган қылмыстың өте ауырлататын түріне жата- ды.
Ауыр зардаптарға
жәбірленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсы- зда кісі өлімінің болуы,
жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекеттен қасақана кісі өлтіру болса,
онда іс-
әрекет Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша саралануға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: