Кодексінің 75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата27.02.2016
өлшемі30.25 Kb.
#28361
түріКодекс


Төртінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының

ХХХIХ сессиясы

ШЕШІМ № 39/4

2011 жылғы 21 желтоқсан Өскемен қаласы
2012-2014 жылдарға арналған

Өскемен қаласының бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының


1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2011 жылғы
8 желтоқсандағы № 34/397-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2560 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2012-2014 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2012 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 16 900 760 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 9 876 733 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 46 899 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 108 600 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 5 868 528 мың теңге;

2) шығындар – 18 767 992 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру – 0;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 36 768 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 36 768 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы – - 1 904 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 904 000 мың теңге.

2. 2012 жылға арналған Өскемен қаласының бюджетінде облыстық бюджеттен Өскемен қаласының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар – 0. Өскемен қаласының бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік қайтарып алулардың көлемі – 0.

3. 2012 жылға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдарының резерві 214 167 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. Кірістерді 2012 жылғы қалалық бюджеттің есебіне қосу Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/397-IV шешімімен сәйкес кірістерді бөлу нормативтері бойынша жүргізіледі:

1) төлем көзінен салынатын, кірістерден ұсталатын жеке табыс салығы – 25 %;

2) төлем көзінен салынатын, шетел азаматтарының кірістерінен ұсталатын жеке табыс салығы – 25 %;

3) әлеуметтік салық – 25 %.

5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет салаларының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 25 % жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес 2012 жылға арналған Өскемен қаласының бюджетінде ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына 7 700 теңге бойынша есеппен отын сатып алуға қаражат қарастырылсын.

7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылға арналған Өскемен қаласының бюджетінде 2012 жылғы 1 маусымнан 31 тамыз аралығындағы жаз кезеңін алып тастағанда, күндізгі оқу түрінде оқитын университеттер студенттеріне және колледждер, кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептер оқушыларына қоғамдық көлікте (такси мен трамвайдан басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін жол жүру билеттерінің құнын 1 000 теңге есебінен өтеуге қаражат қарастырылсын.

8. 4 қосымшаға сай 2012 жылға арналған Өскемен қаласы бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

9. 5 қосымшаға сай Меновной ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

10. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Р. Сайдуақасова

Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Өскемен қалалық әділет басқармасымен 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5-1-177 тіркелген.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет