Кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі46.39 Kb.
#29942
түріКодекс

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ

№26/ 2014 жылғы 23 желтоқсан



2015-2017 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы __ желтоқсандағы №___ болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 24 997 453 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 14 477 084 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 16 102 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 679 650 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 9 824 617 теңге;



  1. шығындар – 24 924 977 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 220 742 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 220 742 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 72 476 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 72 476 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 220 742 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 220 742 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 220 742 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.


  1. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 21,3 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;

әлеуметтік салық – 20,4 пайыз.

3. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

4. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерде қарастырылғаны ескерілсін:

1 250 558 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

364 589 мың теңге – үш деңгейлік жүйе бойынша біліктіліктен өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге;

9 633 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;

4 432 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;

3 519 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

3 595 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

670 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыруға;

10 928 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

40 793 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыруға;

984 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға;

4 600 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

500 мың теңге – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге;

17 489 мың теңге - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге

1 302 128 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің мемлекттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлердің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардың қызметшілерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге және еңбек ақы жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбек ақы төлеуге;

15 858 мың теңге – мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге.

5. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен дамытуға арналған жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жалпы сомасы 6 867 911 мың теңге нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

6. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердегі мамандарға әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға – 5 946 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.

7. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен тұрғын-үй құрылысына – 214 796 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.

8. Қала әкімдігінің резерві 10 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

9. 2015 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

10. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

11. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссияға (С.Кутепов) жүктелсін.

12. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.



Сессия төрайымы Қалалық мәслихаттың

хатшысы

С.Шудабаева М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



«23» желтоқсан 2014 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет