Көл арнасы мен жағалау сызығының элементтері Көл түбінің қалыптасуы



бет1/6
Дата02.01.2022
өлшемі23.41 Kb.
#454125
  1   2   3   4   5   6
13, 14,15,16,17,18,19



  1. Көл түрлері

  2. Көл арнасы мен жағалау сызығының элементтері

  3. Көл түбінің қалыптасуы

  4. Көлдің морфометриялық сипаттамалары

  1. Көлдердің су балансы

  2. Көлдердің деңгей режімі, тербелісі

  3. Көлдердің динамикалық құбылыстары.


13. Көл түрлері

Көл қазаншұңқырларының қалыптасу сипатына қарай бөгелген немесе тоғандалған, қазаншұңқырлы және аралас сипатты көлдер болып бөлінеді. Бөгелген көлдер өзен аңғарларын тау көшкіндері, сыргымалары, мұздыктар, шөгінділер басып қалған қалған жағдайда пайда болады. Мысалы, Памирдегі Ескендір көл мен Сарез көлдері, Кавказдағы Рица көлі. Бұл көлдер өзен аңғарларының сұлбасын толық қайталаумен сипатталады. Бұл топқа табиги бөгелген көлдерден өзге жасанды көлдер — Рыбинск, Цимлян, Бұқтырма бөгендеpi жатады. Қазаншұңқырлы көлдердің паида болуының себептері көп. Бұл топқа мореналық тектониқалық, вулкандық, дефляциялық немесе эолдық және карстық көлдер жатады. Мореналық (мұздық) көлдер мұздықтардын, эрозиялық жұмысының әсерінен, әсіресе төрттік дәуірде, пайда болған. Мұздықтардың шегінісі (еруі) кезінде көп мөлшерде тау жыныстарын (саз балшық, малта тас, құм және қойтастар) тасымалдаған және морена түрінде шөгінділер қалдырып отырған. Мореналық көлдер Мұздық шөгінділердің біркелкі болмауы себепті пайда болған ойыстарда қалыптасқан. Олар әр түрлі сұлбада кездеседі (дөңгелек, созылыңқы, сопақ т.б.). Қазан-шұңқырлы көлдер әсіресе ежелгі мұздық дәуір дамыған жерлерде көп тараған (Карел, Қола түбегі). Тектониқалық көлдер жер қыртысының опырынды ойыстарында зілзала және басқа да тектониқалық құбылыстар кезінде пайда болады. Әдетте, бұл көлдер терең, созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді. Бұл топқа Каспий, Арал, Ладога, Омега, Байқал, Ыстықкөл, Оваи, Виктория, Танганика, Эрн, Онтарио, Мичиган және тағы басқа да көлдер жатады. Вулкандық көлдер өшкен вулкандардың еңешіне (кратер) су толуы арқылы қалыптасқан, сондықтан да сұлбасы дөңгелек, воронка тәрізді болып келеді. Қамчаткада, Қурил аралдарында және Армян тауларында кездеседі. Дефляциялық (эолдық) көлдер жер қыртысының ұсақ бөлшектерін желмен суырып әкетуінен пайда болған қазаншұңқырларда, ойыстарда қалыптасады. Әдетте, олар көлемі кішігірім, саяз болып келіп, Арал-Каспий үстіртіндегі бархандар мен құм төбелерінің арасында кездеседі. Карстық көлдер әктас тау жыныстары таралған аумақтарда қалыптасады, себебі әк тастар суда тез ериді. Бұл көлдердің қазаншұңқырлары кішігірім, сұлбасы дөңгелек, кейде терең болып келеді. Көптеген карстық көлдер Солтүстік Даугава алабында, Еділ-Онега су aйрығында, Нижний Новгород аймағында, Марий, Башқұрт республикаларында территорияларында кездеседі, Мәңгі тоң таралған аудандарда термокарстық көлдер кездеседі. Олар мәңгі тоң қабатының немесе көмілген мұздың еруінен пайда болған шұңқыр, ойыстарды қалыптасады. Мұндай көлдер Якут-Саха елінде көп. Аралас текті көлдер жер бетінде көптеген факторлардың әсерінен пайда болып отырады. Мысалы, көптеген тектониқалық қазаншұңқырлар кезінде мұздықтардың әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ладога, Онега және Теле көлдерінің тегі аралас





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет