Көл арнасы мен жағалау сызығының элементтері Көл түбінің қалыптасуы



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі23.41 Kb.
#454125
1   2   3   4   5   6
13, 14,15,16,17,18,19

17. Көлдердің су балансы

Су теңдестігіне қарай көл қазаншұңқырлары ағысты және тұйық болып екіге бөлінеді. Ағысты көлдер әрқайсысы белгілі бір өзенге бастау болса, ал тұйық көлдерден ешқандай су көзі ағып шықпайды, су тек булануға ғана шығындалады. Аралас топқа өтпелі көлдер жатқызылады.

Ағысты көлдер үшін су теңдестігінің теңдеуі төменде өрнектелген.

X + Үк + Үжа+Со-Үш-ҮФ-Ео-Үхш = ±ΔV+δ,

мұнда X — су айдынына түсетін жауын-шашын; Үк — көлге жер бетімен келіп түскен ағынды; Үжа — көлге құйған жер асты сулары; Co — су айдынына су буларының конденсация арқылы түсуі; Үш — көлден шыққан жер беті су шығыны; Үф — жер асты жолымен кеткен су шығыны; Ео — су бетінен булану жолымен болған су шығыны; Үхж —халық шаруашылығы зәруліктері үшін келген алынған су шығыны; AV — есептеу мерзімі үшін елдегі су көлемінің езгеруі. Су теңдестігінің барлық элементтері көлемдік немесе миллиметр су қабатының өлшемімен көрсетіледі.

Тұйық көлдер үшін (12.7) теңдеуінде Үш және Үф элементтері қатыспайды.

Өткінші жағдайдағы көлдер жоғарғы деңгейде ағысты көлдерге, ал төменгі

деңгейде тұйық көлдерге жатады.Бөгендер үшін су теңдестігінің теңдеуі (12.7) теңдеуіне сәйкес болады, тек оның кейбір элементтері дифференциалды түрде анықталады

X+Үи + Үб+ Ү жа+Ү Ғ +Ү'ф-Үш-Үхж±Vm= Ат+Аб+Аа+6

мұнда Үи —негізгі салалар арқылы құйылған су көлемі; Үб — бүйірлік ағынды (беткейлік және шағын өзендермен); Үғ — бөгенге жақын орналасқан гидротехникалық ғимараттар арқылы келген су ағындысы; Ү'ф— бөгеннен жоғары орналасқан су қоймасынан топырақ арқылы сорғыған су ағындысы; VM — Мұздармен қардағы су қоры; Үш—гидротехниқалық гимарат арқылы су ағындысы; Аб —бөгендегі су жиналуы; Аа — бөгенге құятын салалар мен өзендердің арналары мен жайылмаларында жиналған су; Ат — жағалау мен бөген табанында жиналған жер асты сулары.

Көлдердегі су деңгейінің құбылмалығы, Бұл көлдердегі су көлемінің өзгеруіне байланысты болады. Су қозғалыстары (ағыстар, толқындар, сейштер және жел әсерінен су айдау мен тосқындау көлдердегі су бетінің горизонталдық жағдайын бұзады және су деңгейінің құбылмалылығына әкеліп соғады. Көлдегі су көлемінің езгеруіне байланысты су деңгейінің құбылуы су теңдестігінің жыл бойғы немесе одан да көп мерзім үшін элементтерінің сипатын көрсететін периодты және кездейсоқ өзгерістердің әсерінен периодты емес болып бөлінеді. Су теңдестігінің кіріс элементтері шығыс бөлігінен жоғарғы мәнге ие болған жағдайда деңгей көтерілсе, ал шығын көбейгенде деңгей төмендейді.Көлдердегі жыл бойғы су деңгейі мен су теңдестігінің элементтерінің езгеруі қарастырылып отырған аумақтың географиялық ерекшеліктеріне бағынады. Сонымен бірге су деңгейінің құбылмалылығы көлдердің және алаптарының морфологиялық ерекшеліктеріне тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет