Smart Whois бағдарламалық өнімі Internet желісінің бір
желішелерінің біреуіне берілген ІР адресінің тәуелділігін
пайдаланушы анықтай алуы үшін жасалынған.
Сонымен
қатар берілген өнім интернет қызметінің провайдерін,
байланыс қызметін көрсетуге жауаптыны,
оның адресін,
сонымен қатар кейбір жеке ақпараттарды анықтауға
мүмкіндік береді. Төменірек суретте Smart Whois
бағдарламасының терезесі көрсетілген.
Жоғары жолда, ІР өрісінде DNS түйнек атауы,
немесе
оның ІР адресі енгізіледі. «Запрос» батырмасын басқаннан
кейін өзінің ішкі мәліметтер базасын пайдалана отырып
суретте көрсетілген ақпаратты генерирлайтын Whois
серверімен автоматты қосылу іске асады. Терезенің сол жақ
бөлігінде таңдалған
компьютердің интернет желіше
топтарына тәуелділігі туралы ақпарат бейнеленеді.
Экранның оң жақ бөлігінде желінің берілген бөлімшесін
иеленген ұйым туралы ақпарат,
және осы желінің
бөлімшесіне қызмет көрсететін әкімгер туралы ақпарат
бейнеленеді.
1 сурет
2. HTTP ГИПЕРМӘТІНДІ БЕРУ ХАТТАМАСЫ
2.1. HTTP хаттамасы туралы жалпы ақпарат
HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді беру
хаттамасы) World Wide Web негізі ретінде жасалынды. HTTP
хаттамасы бойынша жұмыс клиент-сервер принципі бойынша
өтеді: клиент бағдарламасы ТСР –
сервермен қосуды
орнатады (порттың стандартты номері 80) және оған НТРР –
тапсырысын береді. Сервер бұл сұратуды өңдейді және
клиентке HTTP жауабын береді.
Достарыңызбен бөлісу: