Конкурс жарияланды Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына бiлiктiлiк талаптары



Дата25.02.2016
өлшемі59.02 Kb.
#22599
2011 жылғы 21 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына бiлiктiлiк талаптары
С-2 санаты үшін:

білімі - жоғары кәсіптік;

мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда алты жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттардағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.

Осы санаттардағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

С-3 санаты үшін:

білімі - жоғары кәсіптік;

мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (докторантура) аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(7272) 330-24-66, 704-544, факс 8(7272) 704-615, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры – бас бухгалтері (С-2 санаты).

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк операцияларының бухгалтерлік есебі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге қатысу; заңнаманың сақталуына арналған бақылау функцияларын жүзеге асыру; Департаменттің қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарларын әзірлеу; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және филиалдардың бухгалтерлік есеп мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру; Ұлттық Банктің қаржылық есептілігін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика немесе мемлекеттік басқару мамандығы бойынша жоғары. Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Мемлекет Басшысының Жолдауларын, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Салық кодексін, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу. Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, психология және кадр менеджментінің негіздерін білуі құптарлық. Банк саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары (С-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Ұлттық Банктің және қаржы ұйымдарының операцияларының бухгалтерлік есебі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге қатысу; заңнаманың сақталуына арналған бақылау функцияларын жүзеге асыру; Департаменттің қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарларын әзірлеу; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және филиалдардың бухгалтерлік есеп мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру; Ұлттық Банктің қаржылық есептілігін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика немесе мемлекеттік басқару мамандығы бойынша жоғары. Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Салық кодексін, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу. Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, психология және кадр менеджментінің негіздерін білуі құптарлық. Ағылшын тілін білуі құптарлық. Банк саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық (кемінде үш жыл). Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бойынша жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш, уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета, кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілуі тиіс); білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері; еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама; 3х4 үлгідегі фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі) конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тапсырылуы тиіс.



Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдаудың көрсетілген мерзімінде азаматтар қолма-қол тәртіппен өткізген немесе почта бойынша жіберілген құжаттар (қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып істер тігілетін папкаға орналастырылған құжаттар) қабылданады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіздеме болып табылады.

Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтерме ақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет