Конкурс жариялау туралы хабарлама Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: е-3



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі231 Kb.
#175475
түріКонкурс
  1   2   3

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 29.08.2015 жыл




«Знамя труда» 29.08.2015 жыл

Бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға


конкурс жариялау туралы хабарлама
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-3 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.



Е-4 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.



Е-R-1 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.



Е-R-2 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.



Е-R-3 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесінің болуы.



Е-R-4 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-3 - санаты үшін Жоғары білім;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-4 - санаты үшін жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақылары

Теңгеден

Теңгеге дейін

Е-3

78798

106345

Е-4

59579

80720

Е-R-1

109548

147986

Е-R-2

98017

132611

Е-R-3

74313

99938

Е-R-4

56376

76235

E-G-3

53813

72391

E-G-4

48047

64704


Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты

(080600, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі № 147 үй, кабинеттер №36, №23. Телефон/факс 8(72642)2-44-87, 8(72642)2-49-42, электрондық пошта moinkum_akimat@mail.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.


1. Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-3. (кадрлық коды №01-03-02).

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімінің өкім, шешімдерінің, аудандық әкімдіктің қаулыларының және жоғарғы орган актілерінің ауылдық округ және ауыл әкімшіліктері мен аудан әкімдігінің бөлімдерінде орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Облыстық, аудандық мәслихатпен байланысты ұйымдастырады. Ауыл тұрғындарының жиындарын ұйымдастырып, жиындарында және облыстық, аудандық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың іс-шарасын жасап орындалуын қамтамасыз етеді. Орындалу барысы туралы аудан әкіміне, облыстық, аудандық мәслихатқа хабарлама дайындайды. Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын ала ескерту және оларды жою жөніндегі комиссиясы жұмысына хатшылық жасайды. Селекторлық кеңестермен облыс әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің күн тәртібін облыстық құрылымдардан алдырып, материалдарын жинақтап, дайындауды ұйымдастырады, хаттамаларын жүргізіп, селекторлық және аппараттық кеңестерінде берілген тапсырмаларының жергілікті органдар мен ауылдық округтер мен ауылдарда орындалуын бақылайды. Аудан әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің күн тәртібін дайындап, материалдарын жинақтап, дайындауды ұйымдастырады, хаттамаларын жүргізіп аппараттық кеңестерінде берілген тапсырмаларының жергілікті органдар мен ауылдық, кенттік округтерінде орындалуын бақылайды. Тиісті салалар бойынша аудан әкімінің баяндамаларының мәтінін дайындайды. Аудан әкімі аппараты басшысының аудан әкімдігінің бөлімдерімен, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерімен, облыстық, аудандық бағыныстағы барлық мекемелерімен, аудандық «Шапағат» қорымен, барлық меншік нысанындағы құрылыс және жол құрылысы мекемелерімен, барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен, барлық меншік нысанындағы емдеу алдын-алу және фармацевтік мекемелермен, қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен ақпараттық-ұйымдастырушылық байланыс жасайды. Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу және брондау жұмысын ұйымдастырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе ветеринария немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары.

Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе ветеринария (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе экология.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



2. Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-4. (кадрлық коды №01-01-02).

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімінің аппаратында, ауылдық округ және ауыл әкімшіліктері мен аудан әкімдігінің бөлімдерінде бос тұрған қызмет орындарына конкурс жариялайды, кадр резервін қалыптастырады. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілердің қозғалысы туралы, өткізілген конкурстар, кадр ағымы туралы есебін дайындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің облыстық Департаментімен байланыс жасайды. Мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары реттейтін нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету. Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдейді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Аудандық конкурстық, аттестациялық және мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін анықтайтын комиссияның жұмыстарын ұйымдастырып, құжаттарын дайындауды үйлестіреді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе ветеринария немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе есеп және аудит немесе ветеринария (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



3. Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-4. (кадрлық коды №01-05-02).

Функционалдық міндеттері:

Азаматтардан жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды рәсімдейді, аппараттың бөлімдерінде мерзімінде орындалуын қадағалайды, есебін қатаң түрде жүргізеді. «Айқын» бағдарламасы бойынша облыстық құрылымдарға аудандық статистикалық есебін тапсырады. Сенім телефонының жұмыстарын жүргізеді. Аудан әкімінің бақылауға алынған нормативтік-құқықтық актілерінің аппаратқа қайтарылуын ұйымдастырады. Кеңсенің іс жоспарларының, ережесінің, аппараттың номенклатуралық тізбесінің жобасын дайындайды. Іс құжаттардың тек мемлекеттік тілде әзірленуін және жіберілуін қадағалайды. Шығыс құжаттарын рәсімдейді, уақтылы жіберілуін ұйымдастырады. Аудандық мұрағатқа мерзімі келіп, уақыты жеткен аудан әкімі аппаратының актілерін өткізуге, бөлімдермен келісе отырып, зерделеп, дайындап өткізеді. Фирмалық үлгідегі түрлі бланкілердің қатаң түрде тіркеліп берілуін қадағалап, есебін жүргізеді. Аудан әкімдігінің мәжілісіне ұсынылатын мәселелер бойынша материалдарын жинақтап, дайындайды, мазмұны мен сапасын зерделейді, материалдардың уақтылы кеңсеге тапсырылуын қадағалайды, аудан әкімдігі қаулыларының, оның ішінде бақылауға алынған актілердің жинақтау папкелерінің ішіндегі құжаттардың дұрыстығын зерделейді, қаулының уақтылы орындалуын қадағалап, аппарат кеңсесіне қайтарылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі бөлімдері мен мекеме басшыларының елді мекендерде ай сайынғы қабылдау кестесін жасап, бақылау жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе ветеринария немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары.

Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе ветеринария (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе экология.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



4. Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-R-1. (кадрлық коды №01-06-01).

Функционалдық міндеттері:

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша қабылдаған Аудан әкімінің өкім, шешімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын және жоғарғы орган актілерінің орындалуын бақылау.Нарықтық экономика бағытында мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарына практикалық көмек көрсету және қызметін ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, ұйымдардан тілдер туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақ тілі мен басқа тілдерді жетілдіру жөніндегі салалық бағдарламалар әзірлеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тілде іс жүргізілуін енгізу бойынша шаралар дайындау және жүзеге асыру.Аудандық мәдени іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде ауданның мәдени – ағарту мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық.

Мамандығы: білім (жалпы) немесе мәдениеттану немесе экономика немесе қаржы немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



5. Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі басшысының орынбасары «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-R-2. (кадрлық коды №01-11-02).

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес, ветеринария саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді. Ветеринария саласы бойынша қабылдаған аудан әкімінің өкім шешімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын және жоғарғы орган актілерінің орындалуын жүзеге асырады. Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын бақылайды. Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының алдын алу, диагностикасы және жоюы бойынша жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды. Ветеринариялық заңнамалардың орындалуы жөнінде анықтамалық талдау материалдарын дайындайды. Мал өнімдері мен шикізаттарды дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін және өткеретін мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауға жататын объектілерді тексеріп бақылайды. Округтер бойынша жануарлардың аса қауыпты аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімінде орындалуын, ветеринариялық препараттардың талапқа сай сақталуын, профилактикалық жұмыстардың сапалы жүргізілуін және толық мал басының қамтылуын үйлестіреді. Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың сапалы, әрі уақтылы орындалуын бақылау, малдардың аса қауіпті ауру ошақтарын жою жұмыстарын тиісті деңгейде орындалуына бақылау жасап жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыруды үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдарды талдайды жауабын әзірлейді. Аудан бойынша жануарладың энзоотиялық аурулары тіркелген жағдайда алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құжаттарын дайындап, тиісті органдарға мәліметтер беріп, оның профилактикасы, диагностикасы және жою бойынша жүргізілетін іс-шараларды әзірлеп, жүзеге асыру. Ветеринариялық іс-шаралардың есебін жүргізіп, ветеринария саласындағы заңнамаларына сәйкес облыстық ауылшаруашылығы басқармасының ветеринария бөліміне тапсыруға дайындауды ұйымдастырады. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын ішкі сауда орындарында қауіпті тағам өнімдерінің сақталуын анықтау және жол бермеу мақсатында ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мен мониторинг жасауды іске асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: ветеринария.

Мамандығы: ветеринария (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Ветеринария туралы», «Мемлекеттік бақылау және қалағалау туралы» Заңдарын осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



6. Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау секторының меңгерушісі «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-R-3. (кадрлық коды №01-10-02). (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттарын айқындау, сараптау және жоспарлай білу, жергілікті бюджетті қалыптастыруға және жоспарлауға, бюджеттік инвестициялардың басым бағыттарын анықтау жұмыстарын үйлестіреді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік және орта мерзімдік даму жоспарларын дайындаумен айналысады, ол туралы анықтамалық ақпараттарды жоғары органдарға тапсырады және оның іске асырылуына жауапты болады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының айлық, тоқсандық, жылдық көрсеткіштеріне сараптама жасайды, орта мерзімдік жоспарлар белгіленген болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы анықтамалар мен индикаторлық көрсеткіштерін және ауданның төлқұжатын әзірлейді, аталған есептерде базистық және ағымдағы жылдық есептерді салыстыра отырып талдау және сараптау жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің бұйрықтарының, тұрақты комиссиялардың шешімдерінің орындалуын бақылайды, оның заңдылығына жауапты.

Бөлім бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және құрастыру мәселелерімен айналысады. Шығыстар сметасының, кредиторлық берешектер туралы, қаржы бөліміне қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептерді тапсырады. Еңбекақының есептелуін, ақшалай қаражаттардың қозғалысының талдамалы және синтетикалық есеп жүргізуін, бухгалтерлік балланстың құрастырылуын жасайды. Қазынашылық арқылы ақшалай қаражаттардың аударылуын жасайды. Экономикалық жоспарлау секторының жұмысын басқаруды жүзеге асырады, секторға жүктелген мақсаттар мен міндеттердің атқарылуын ұйымдастырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдары, Бюджет кодексін осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.



7. Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттік қаржыландыру, орындалуы және талдау секторының меңгерушісі «Б» корпусы, 1 бірлік, санаты Е-R-3. (кадрлық коды №01-09-02). (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері:

Сектордың жұмысын ұйымдастырады. Бағдарлама әкімшісінің және мекемелердің қаржыландыру жоспарын бақылайды. Мемлекеттік мекемелердегі тіркелген атқарылмаған және төленбеген міндеттемелерге талдау жүргізеді. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін уақтылы орындау үшін шешімдер қабылдау және ұсыныстар енгізеді. Жергілікті бюджеттің нақты ақша қорының жобасы және оған талдау жүргізеді. Басқа да түсімдер мен салықтарға талдау жүргізеді. Бюджет қаржысының игерілуіне болжауды және талдауды жүзеге асыруды бақылайды. Бюджет бағдарламасының орындалуының тиімділігіне баға береді, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің негізділігіне назар аудара отырып айларға бөлінген жылдық қаржыландыру жоспарына талдау жүргізеді және баға береді. Бағдарлама әкімшісінің бюджет қаржысын тиімді пайдалануын жақсартуға ұсыныс енгізеді. Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы, ауданның штат кестесі мен құрамы жөнінде есеп жасауға қатысады, сонымен қатар жылдық есепке түсініктеме береді. Тізім бойынша бекітілген мекемелерді қаржыландырып, жетекшілік жасап үйлестіреді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдары, Бюджет кодексін осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, білуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі және MS Word, MS Excel, интернет, электронды пошта бағдарламалары бойынша персоналды компьютерде жұмыс істей алу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет