Конкурс өткізу туралы хабарландыру



Дата03.07.2016
өлшемі97.38 Kb.
#175441
"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй, анықтама үшін телефондары: 8 (7242) 23-00- 08, 23-02-44, 23-00-18, факс 23-06-80, e-mail: kzo.ecodep@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

   1. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің 01.08.2016 жылға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).



Негізгі функционалдық міндеттері: Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды алу үшін өтінімдердің материалдарын қарау; кешенді, объективті және сапалы экологиялық сараптаманы жүргізу, экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау; бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар саласы (биотехнология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), жаратылыстану ғылымдары саласы (ядролық физика немесе химия немесе экология немесе география немесе гидрология немесе метеорология), құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық) бойынша мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-О-6, С-R-4, D-O-6,
E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі", "Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Респбуликасы Үкіметінің №535 Қаулысы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



2. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
(С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджеттік өтінім, қаржыландыру жоспарларын жасайды және оны қорғайды, техникалық қызмет пен қызметшілерді қаржыландыру шараларын атқарады. Бухгалтерлік табыс пен әлеуметтік салықты, міндетті зейнеттік жарналарды, жалақыны және басқа да қызметкерлердің табысын есептеу мен аударуды жүзеге асырады. Салық комитетіне, статистикалық басқармасына және жоғарғы органдарға уақытылы есеп беріп отырады. Материалдық жағынан және қаржы ресурстарын үнемді және мақсатты пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бухгалтерлік есеп пен есеп-қисап жұмыстарын үйлестіру. ҚР Энергетика министрлігіне тапсырылатын есепті тапсыруды қамтамасыз ету. Белгіленген уақытқа мемлекеттік сатып алу жоспарының жобасын дайындайды. Мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттарын дайындайды, келісім –шартқа отырып, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының сметасын, экспертизалық сараптамасын және тағы басқа құжаттарының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ықтимал өнім берушілермен жасалған шарттарға сәйкес ерекшеліктері бойынша міндеттеме алынған қаржы жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмауға жұмыс жасайды. Материалды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал өнім беруші, жеткізуші және қызмет көрсетуші мекемелерге аударылуға тиісті қаржының банк арқылы өтуіне ықпал жасайды. Мемлекеттік сатып алу жұмысында, қолданыстағы заңдылықтың тәртібін қатаң сақтауға міндеттеледі. ҚР Энергетика министрлігі, Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетіне және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өз саласы бойынша есепті уақытылы және сапалы тапсыруды ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген басқа да шараларды атқарады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы), құқық саласы (құқықтану немесе халықаралық құқық) бойынша мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-О-6, С-R-4, D-O-6,
E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде және интернетте жұмыс істеу қабілеті, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі", "Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Респбуликасы Үкіметінің №535 Қаулысы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;


2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.


Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 ғимаратта қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қызылорда облысы бойынша экология департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет