Конкурс туралы хабарландыру Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата16.06.2016
өлшемі66.98 Kb.
#139493
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

ЕR-3 санаты үшін:   жоғары білім;

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
ЕG-1 санаты үшін:   жоғары білім;

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары


Санаты



Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-3

96607

129919

ЕG-1

122425

164899

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 бөлме, индекс 080200, тел. 8 (726)33 2-25-02, факс 2-25-02 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1-бірлік, (№2-2).

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы болмаған уақыттарда бөлімнің жұмысын оның міндеттерін атқару. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауды жүргізу. Бөлім жанынан құрылған комиссияларды ұйымдастыру. Ауданның құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал ету. Құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құру қызмет саласында инжирингтік қызметті, құрылысқа қатысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, құрылыс қуатының уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, құрылыс жүргізілудегі бүкіл құжаттардың дұрыс дайындалуын, рәсімделуін қамтамасыз ету. Бекітілген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемі мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердігерлік толық есеп айрысу кезінде орындалған жұмыстарды (ф-2) қабылдау актілерін растау, құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі жұмысшы комиссияға және мемлекеттік комиссия жұмысына қатысу.

Құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі жұмысшы комиссияға және мемлекеттік комиссия жұмысына қатысу. Құрылыс объектілерін жоба сметалық құжаттарының сапалы әзірленуін, құрылыстың жоба сметалық құжаттарға сай жүргізілуін қадағалау, мониторинг жүргізу. Бөлімге жоғарғы органдар мен меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдардан келіп түскен жұмыстарды орындауда өзара іс-қимыл жасау. Бөлімге қатысты нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, мемлекеттік, аймақтық және салаық құрылыс саласы бойынша аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын бақылау.


Құрылыс объектілерін жоба сметалық құжаттарының сапалы әзірленуін, құрылыстың жоба сметалық құжаттарға сай жүргізілуін қадағалау. Құрылыс жүргізу кезінде іздестіру, геологиялық, кескіндеу жобалау, бақылау органдармен, мердігерлермен, жергілікті атқару органдарымен жұмысты үйлестіру.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы - сәулет немесе құрылыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Айша бибі ауылдық округі әкімінің орынбасары, Е-G-1 санаты, 1-бірлік, (№1-01).


Функционалдық міндеттері: Округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру. Әкім болмаған кезде оның міндетін атқару. Ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Округ әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен кеңестердің жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарғы органдар құжаттарының орындалуын қадағалау. Округ әкімі қабылдаған актілердің орындалуын, аппарат қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау. Округ тұрғындарымен өткізілетін жиындардың құжаттарын дайындау. Шаруашылық, кәсіпкерлік субъектілерімен тиісті жұмыстар жүргізу. Идеология және көрнекі үгіт-насихат жұмыстарын қамтамасыз ету. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

Округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы.

Мамандығы - білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мемлекеттік наградалар туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Кәсіпкерлік кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

         Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат) 206 бөлме мекен-жайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет