Конкурстық құжаттама



Дата29.02.2016
өлшемі378.88 Kb.
#30927
түріКонкурс
БЕКІТЕМІН

Қаратал ауданының ішкі саясат

бөлімінің басшысы

_______________ С.Иманғалиева

2014 жылғы «___»_____________

№ __ бұйрық


Конкурстық құжаттама

Алматы облысы, Қаратал ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған


Бұл Конкурстық құжаттама (әрі қарай - Конкурстық құжаттама) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарына (әрі қарай - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі» № 1301 Ережесіне сәйкес Алматы облысы, Қаратал ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші: «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы және Банкілік реквизиттері: индекс: 041000, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, № 31 кабинет, код 4561024, ИИК KZ51070103KSN0916000, БИН 111240019141, Қаратал аудандық қазынашылық басқармасындағы БИК (МФО) KKMFKZ2A.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің өкілі: Иманғалиева Сағира Таңатарқызы – Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, телефон 2-56-40, электрондық пошта ovp-karatal@mail.ru.

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.



1. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық құжаттама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді көрсетушілерге байқауға қойылатын талаптар туралы толық мәліметтерді жеткізу мақсатында әзірленген.

2. Ашық конкурс 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қаратал ауданына қатысты үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау жөніндегі қызметтерді жеткізіп берушілерді анықтау мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша аталған конкурс үшін бөлінген сома 4 752 000 (төрт миллион жеті жүз елу екі мың) теңгені құрайды.

1

Соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистер және 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысының қатысушыларын тарта отырып патриоттық «Мәңгілік Ел» іс-шаралар өткізу

880 

000 теңге



2

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдармен бірігу бағдарламаларын іске асыру

880 

000 теңге



3

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында отбасыны қолдау механизмдерін құруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу

880 

000 теңге



4

Әлеуметтік кәсіпкерлік: жастар арасындағы идеялар мен жобалар


528 

000 теңге



5

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту

528 

000 теңге



6

Қаратал ауданында мемлекеттік этносаясатты іске асыруда қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

528 

000 теңге



7

Тұрғындар арасында қазақстандық толеранттықты, мәдениет, тарих және адамгершілік құндылықтарының идеяларын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізу


528 

000 теңге



Осы конкурстық құжаттамадағы сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі 1-қосымшада көрсетілген.

Конкурс жеңімпазы әр лот бойынша анықталады.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық ерекшелігін;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына  сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету.

4. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін.


2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның

ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 24 наурыз 18 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы.

Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 041000, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №31 кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2014 жылғы 26 наурыз 18 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы http://www.karatal.gov.kz сайтында жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, мекен-жайы бойынша кездесу өткізеді. Қаратал ауданының сайты http://www.karatal.gov.kz.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін http://www.karatal.gov.kz сайтында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

- заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік, статистикалық картасы, СТН) нотариалды куәландырылған құжаттарды;

- заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.

- лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың көшірмесін;

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

- осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс мәлiметтердi.

4) көрсетiлетiн қызметтердiң тізімін (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде;

техникалық және сапалық сипаттамалары, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (техникалық ерекшелiктi);

тауарлардың сандық көрсеткіштері (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтерді көрсету орны, уақыты (аралығы) (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн.


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде) жеке беріледі.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, («Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041000, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №31 кабинет), конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)" және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: 2014 жылғы 3 сәуір, 12 сағат 00 минут.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2014 жылғы 3 сәуір 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге дейін қоса алғанда «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041000, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №31 кабинет, өтінімдерді қабылдауға және оларды тіркеуге жауапты Иманғалиева Сағира Таңатарқызына береді.

16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №31 кабинет мекен-жайы бойынша 2014 жылғы 3 сәуір 12 сағат 00 минутта жүргізеді.

Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы, 9, аудан әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №31 кабинет мекенжайы бойынша 2014 жылғы 3 сәуір 10 сағат 00 минутта өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

- әлеуетті өнім берушілердің сұрауларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын рәсімдейді;

- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді

олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне

конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған жағдайда:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол бірлесіп тартатын орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжаттарды ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол бірлесіп тартатын орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) егер:

1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

32. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін http://www.karatal.gov.kz сайтында орналастырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
33. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

34. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ (конкурстың атауын көрсету) КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫН 2014 жылғы ... сағат ... минутқа ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.



7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын

конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс

жеңімпазын анықтау
35. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

- конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

- конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

36. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.

38. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық

баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына – конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

39. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

40. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

41. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
42. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес және осы конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес үлгi шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

43. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.

44. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

45. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

46. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

- қажет болған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып

алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Үлгі конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        1-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің

тізбесі

2014 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының үкіметтік емес ұйымдарының арасында өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалардың ашық конкурсы




Лот



Тапсырыс
берушінің
атауы

Тауарлардың
(жұмыстың,
қызметтің)
атауы

Өлшем
бірлігі

Саны,
көлемі

Қызметтер
көрсету
мерзімі


Тауарлар
беру, жұмыстарды
орындау,
қызметтер
көрсету
орны

Аванстық
төлем
мөлшері,
%

Конкурс
тәсілімен
мемлекеттік
сатып алу
үшін
бөлінген
сома (N лот
бойынша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистер және 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысының қатысушыларын тарта отырып патриоттық «Мәңгілік Ел» іс-шаралар өткізу

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

880 000 теңге

2

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдармен бірігу бағдарламаларын іске асыру

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

880 000 теңге

3

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында отбасыны қолдау механизмдерін құруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

880 000 теңге

4

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Әлеуметтік кәсіпкерлік: жастар арасындағы идеялар мен жобалар


Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

528 000 теңге

5

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

528 000 теңге

6

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Қаратал ауданында мемлекеттік этносаясатты іске асыруда қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

528 000 теңге

7

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Тұрғындар арасында қазақстандық толеранттықты, мәдениет, тарих және адамгершілік құндылықтарының идеяларын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізу


Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

Алматы облысы, Қаратал ауданы

30%

528 000 теңге

        * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.




«Қаратал ауданының ішкі

саясат бөлімі» ММ басшысы С. Иманғалиева
М.О.

«__» ________ 2014 жыл



Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша

сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

I. Үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым конкурсқа қатысу үшін келесі мазмұннын тұратын жобаны ұсынуы қажет:

1) 1 қосымшадағы лот нөмірі және қызмет атауы:______________.


2) сатып алынатын қызметтің миссиясына сәйкестгін көрсететін негіздеме (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйым қызметінің негізгі бағыттары мақсаттары):______________________________________.

3) Ұйымның конкурсқа қатысу мақсаты: ___________________________.

Жоба мақсаты: _______________________________________________

4) Жобаны іске асыру орны (облыс аумағындағы қала, аудан, кент, ауыл аттарының көрсетілуімен):

5) Жобаны орындау мерзімдері;

6) Санаттарының және санаттары бойынша санының көрсетілуімен жобаның мақсатты тобы;

7) Іс-шараларды орындаудың күнтізбелік жоспарына және әр кезеңнің құнына сәйкес олардың 3 кезеңді толық сипаттамасы көрсетілген тәжірибе жүзінде іске асыру механизмі;







Іс-шара

Өткізу мерзімдері

Өткізу орны (қала, аудан, кент, қала атауының көрсетілуімен)

Күтілетін нәтижелер (мақсатты топтың және сандық көрсеткіштердің көрсетілуімен)

1

2

3

4

5

8) Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық сипаттамалары көрсетілсін) соның ішінде:

- жоспарланып отырған іс-шараларды өткізу нәтижесінде қамтылатын мақсатты топ өкілдерінің нақты саны:

- тікелей қамту (жоба іс-шараларының барысында);

- жанама қамту (жоба туралы ақпаратты тарату және басқалары арқылы);

Мақсатты топ өкілдеріне қатысты болатын оңды өзгерістердің сипаттамасы: _____________________________________;

7) қызметті тиімді көрсетуді қамтамасыз ету үшін мақсатқа лайықтылығы негізделген жұмыс әдістері, түрлері, соның ішінде ұйымның (тартылатын мамандардың) оларды қолдану бойынша тәжірибесі, олардың табыстылығының нақты мысалдары, соның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде: _________________________________________________________.
II. Жобаны ұсынып отырған үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым келесі сипаттамаларға сәйкес келуі керек:


  1. штаттық қызметкерлері – 2 адамнан кем емес;

  2. жобаны орындау үшін қажетті базаның болуы (кеңсе, ұйымдастыру техникасы, телефон);

  3. оқу-әдістемелік және ақпараттық базаның болуы;

  4. облыстық қалалары мен аудандарына шығу мүмкіндігі (егер жобаны іске асыру облысқа бағдарланған болса);

5) жоба бойынша қызметтерді сапалы түрде ұсыну үшін білікті мамандарды тарту мүмкіндігі.

6) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өтуі, қызмет көрсетуде еңбек өтілінің болуы.


ІІІ. Қаржылық операцияны жүзеге асыруға қойылатын талаптар:

штаттық қызметкерлердің қызметті орындау үшін еңбекақысының төлемі шарттық негізде жүргізіліп, қатысушы ұсынған жоба құнының 20 %-дан аспайтын мөлшерін құрауы керек;

полиграфиялық өнімдерді дайындау бойынша шығындар жобаның жалпы құнының 40 %-ынан аспауы керек;

авиабилеттердің орнын толтыру бойынша шығындардың орны толтырылмайды.

15 % әкімшілік шығындар: жайларды жалға алу, кеңсеге арналған кеңсе тауарлары, техникалық қызмет көрсету,

10% - шығын материалдары, байланыс қызметтері.

Іс-сапар шығыстарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына сәйкес жүргізеді.

IV. Тұрғындарды жоба іс-шараларымен қамтуды жоспарлау барысында келесі сандық көрсеткіштерді ескеру қажет:


Іс-шара түрі

Қатысушылар саны

Облыстық деңгей

қалалық/аудандық деңгей

конференция

100 адамнан кем емес

80 адамнан кем емес

дөңгелек үстел

40 адамнан кем емес

30 адамнан кем емес

семинар

45 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

тренинг

25 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

акция

200 адамнан кем емес

100 адамнан кем емес


V. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен ұсынылатын барлық қызметтерге Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі сырттай мониторинг жасап отырады.

VI. Қызметті көрсетуге қатысты барлық әрекеттер Тапсырыс берушімен келісіліп отыруы керек;

әр кезеңде БАҚ-та жобаның орындалу барысы туралы материалдың жариялануы;

өткізілген іс-шаралар туралы фоталарымен бірге қысқа ақпарат, әдістемелік материалдар Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ресми сайтында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады (http://www.karatal.gov.kz).
VII. Іске асыру мерзімдері: 2014 жылдың ІІ, ІІІ, ІV тоқсандары.
VIII. Есептерді тапсыру - әр айдың 10-на, келесі есепті кезеңде (қажет болған жағдайда сұрату арқылы)

Конкурстық құжаттамаға

2 а-қосымша
Сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2014 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының үкіметтік емес ұйымдарының арасында өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалардың ашық конкурсы




Лот №

Қызмет көрсетудің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы

1

Соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистер және 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысының қатысушыларын тарта отырып патриоттық «Мәңгілік Ел» іс-шаралар өткізу


Қаратал ауданының соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистер және 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысының қатысушыларын тарта отырып «Мәңгілік Ел» республикалық акциясы шеңберінде патриоттық іс-шаралар ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайы төмен ардагерлерге көмек көрсету;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- «Біз сіздерді ұмытпаймыз» ардагерлерге арналған айлық – 2;

- «Мәңгілік Ел» патриоттық акция – 1;

- дөңгелек үстел – 2;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;


2

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдармен бірігу бағдарламаларын іске асыру

Қаратал ауданының мүмкіндігі шектеулі адамдарға денсаулықтың әлеуметтік құндылығы туралы түсінікті қалыптастыру бойынша практикалық ұйымдасқан іс-шаралар өткізу және салауатты өмір салтын дәріптеу;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- массаж кабинетінің жұмысын ұйымдастыру – 1;

- семинар-тренинг – 2;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



3

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында отбасыны қолдау механизмдерін құруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу

Отбасыны қолдау механизмдерін құруға, жағымсыз отбасылар санын қысқартуға, жауапкершілігі жоғары ана мен әкені дәріптеуге, рухани-адамгершілік дәстүрлерін түлетуге және оны сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру.

Қиын-қыстау жағдайға кездескен Қаратал ауданының отбасыларына психологиялық, заңдық, әлеуметтік көмек көрсету;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- акция – 2;

- дөңгелек үстел – 1;

- семинар – 2;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



4

Әлеуметтік кәсіпкерлік: жастар арасындағы идеялар мен жобалар

Жастардың өмірінің сапасын жақсартудың маңызды факторы ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған инновациялық жобаларды дайындау технологиясы бойынша оқытудың кешенді іс-шараларын өткізу;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- оқытатын семинар-тренинг – 3;

- байқау – 1;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



5

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту

Қаратал ауданының мүмкіндігі шектеулі адамдарын спортқа баулу, шығармашылыққа тарту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында спорттық және шығармашылық шараларын ұйымдастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- кескіндеме, графика және қолөнер көрмесі – 1;

- спорттық іс-шаралар ұйымдастыру – 2;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



6

Қаратал ауданында мемлекеттік этносаясатты іске асыруда қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

«Бір ел – бір тағдыр» акциясы шеңберінде әр түрлі мақсатты топтардың қатысуымен қазақстандық патриотизмді нығайтуға, мемлекеттік ұлттық саясатты насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру. Тақырыпқа сай баспа және имидждік өнімдерді шығару (плакаттар, бүктемелер, стикерлер және т.б.);

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- акция – 2;

- дөңгелек үстел – 1;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



7

Тұрғындар арасында қазақстандық толеранттықты, мәдениет, тарих және адамгершілік құндылықтарының идеяларын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізу

Азаматтық көзқарасты және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, көп ұлтты мемлекетіміздің мәдени құндылықтарын, ұлттық дәстүрлерін түлету және оны сақтау бойынша іс-шаралар өткізу;

Төмендегі іс шараларды өткізу және ұйымдастыру:

- фестиваль - 1;

- ұлттық дәстүрлерді түлету бойынша үйірме – 1;

- дөңгелек үстел – 1;

- БАҚ-та жариялау;

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша электрондық (www.karatal.gov.kz сайтына жариялау үшін) және баспа түрде 3 көшірмеде сурет/бейнематериал қосымшасымен әзірлеу;



«Қаратал ауданының ішкі

саясат бөлімі» ММ басшысы С. Иманғалиева
М.О.

«__» ________ 2014 жыл

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша



Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)
Кімге_____________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен____________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:


Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары;

  

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы;

  

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні.

  

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.


5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
Толтырылған күні ___________________________________

М.О.

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)


1. Әлеуетті өнiм берушiнiң атауы _________________________________
2. Соңғы бес жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушiнің көрсеткен қызметтері конкурсында дәл осындай сатып алынатын қызметтердің (олар болған кезде) көлемі, теңгемен______________


Көрсетiлген

қызметтердiң атауы



Тапсырыс

берушiлердiң атауы

мен олардың

телефондарының

нөмiрлерi


Қызметтер

көрсетiлген орны

және жылы


Шарттың құны,

теңге













3. Қызметкерлердің біліктіліктері мен тәжірибесі




Р/с



Т.А.Ә.

Лауазымы

Аталған

конкурс


қызметтерінің

саласындағы

жұмыс өтілі


Біліктілігі (мамандығы) диплом, куәлік

және білімі туралы басқа да құжаттары





Санаты, разряд,

мамандығы бойынша

сыныбы (бар болса) бойынша


Азаматтығы





















4. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы. Төменде санамалау және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берілген.

5. Ұсынымдар туралы мәлімет. Ұсыным хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың басқа да пікірлері санамаланған және қоса берілген.

______________________________/__________________/

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Қолы ___________________________________
М.О.
Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша


Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)


Р/с



Мазмұны

Тауарлардың, жұмыстардың,

қызметтердің атауы



1.

Қысқаша сипаты




2.

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)




3.

Өлшем бiрлiгi




4.

_______бiрлiктің бағасы ___________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _________ (межелі орны)




5.

Саны (көлемi)




6.

Барлық бағасы =__________ 5-бет х 6-бет




7.

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ межелі орны, әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар



Әлеуетті өнім беруші басқа да шығындарды, соның ішінде мөлшерін, берілетін жағдайда жеңілдіктерді көрсетуге құқылы.

Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз.

Төлемнің келесі альтернативті шарттарын

__________________________________________________________________

(бар болса төлемнің альтернативті жағдайлары тізбеленеді) немесе басқа жағдайларды

(тізбелеу:_________________________________________________________)

ұсынамыз, сонымен бірге_______________________________ мөлшерде баға

(ақша сомасын толық жазып көрсету)

жеңілдігін ұсынамыз.


____________________________(лауазымы, Т.А.Ә) .____________(Қолы)

М.О.


Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет