Көпағындық программалауды қолдау. Үрдістерді басқару. Жадының ұйымдастырылуы



бет3/3
Дата01.02.2023
өлшемі60.27 Kb.
#469009
түріПрограмма
1   2   3
Лекция 2 (2)

Sleep() әдісі

  • Sleep() статикалық әдісі қай ағын құрамынан шақырылса, сол ағынның жұмысын миллисекундпен көрсетілген уақыт мөлшеріне тоқтатады. Бір ағын жұмысы тоқтатылған кезде басқа ағын жұмысын жалғастыра алады.
  • public static void Sleep(int миллисекундпен_бөгелу)
  • Егер бөгелу уақыты 0 миллисекунд болса, онда шақырушы ағын өз кезегін күтіп тұрған басқа ағынның жұмыс атқаруына мүмкіндік беру үшін ғана бөгеледі.
  • Көпағындық программалауда программаның жұмысын негізгі ағын аяқтау ережесі қабылданған. Бұл ережені ұстану міндетті болмағанымен, осы арқылы программаның ақырғы нүктесін айқын белгілеуге болады.

Көпағындық программаны жетілдіру (мысал 2)

  • Ағын құрылғаннан кейін бірден атқарылуын бастау: жұмыс істеп отырған класс конструкторында Thread типті объект экземплярын алу;
  • Ағын атын бейнелеу үшін Thread класының Name қасиетін пайдалану:
  • public string Name { get; set; }

Бірнеше ағынды құру

  • Бірнеше ағынды құру мысалын қарастыру: мысал 3

Ағынның аяқталуы (мысал 4)

  • Ағынның аяқталуын бақылау үшін келесі қасиетті пайдалануға болады:
  • public bool IsAlive { get; } // true – ағын әлі де орындалуда.

Ағынның аяқталуы (мысал 5)

  • Ағынның аяқталуын бақылаудың тағы бір жолы – Join() әдісін пайдалану.
  • public void Join()
  • Шақырушы ағын шақырылған әдіске қосылғанша күтеді. Егер ағын басталмаған болса, онда ThreadStateException аластамасы генерацияланады. Join() құрамында ағынның аяқталуын күтудің максимал уақытын көрсетуге болады.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет