Корей сәулет өнері Сипаттамасы



Дата19.01.2024
өлшемі17.44 Kb.
#489456
академиялык (2) 2


Корей сәулет өнері
Сипаттамасы:
КОРЕЯ (корейше - Чосон – таңбамалының елі) - Азияның шығыс бөлігіндегі Корей тұбегіне жөне оның төңірегіндегі 3300 шағын аралдарға орналасқан ел. Солтүстігінде Қытаймен және Ресей шектеседі. Шығысы Жапон теңізіне, батысы Сары теңізге ұласады. 220,8 мың км2 жерді алып жатыр. Ежелгі Кореяда буддизм, конфуцийшілдік, даосизм жүйелері өзіндік ерекшелікпен дамиды. Махаяна буддизмінің көрнекті өкілдері Вонхё (7 ғ.,) және Ыйчхон (11 ғ.) болды. Конфуцийшілдіктің теоретиктері 7 ғ-да Соль Чхон, 9-12 ғ-да Чхве Чхи Вон, Чхве Чхун, Ким Бу Сик т.б. Олар азаматтарды адамгершілік рухта тәрбиелеудің негізі буддизм деп, ал мемлекет басқаруда конфуций іліміне сүйенген жөн деп санады. 13-14 ғасырлардың соңында қытай философы Чжу Сидің жаңа конфуцийшілдік ілімі тарап, ол 14 ғ. соңында мемлекеттікидеологияға айналады. Кейіннен жаңа конфуцийшілдік әр түрлі идеялық ағымдарға және философиялық мектептерге бөлінеді. XX ғасыр Корея мемлекетінің тарихындағы аса ауыр және қатыгез ғасырлардың бірі болып саналады. Ғасырдың басындағы елде болған жапон үкіметінің басқыншылық саясаты, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар мен 1950-1953 жылдары болған Корей соғысы, Кореяның екіге бөлінуі XX ғасыр Корея мемлекетінің тарихындағы аса ауыр және қатыгез ғасырлардың бірі болып саналады. Ғасырдың басындағы елде болған жапон үкіметінің басқыншылық саясаты, Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар мен 1950-1953 жылдары болған Корей соғысы, Кореяның екіге бөлінуімемлекеттің барлық салаларына өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Музыкасы. Корея музыкасының ладтық құрылысы Ежелгі Шығыс елдеріндегідей диатоника мен хроматизм элементтерінен тұратын пентатоникаға негізделген. Осы кезеңнің аяғында сарай жанынан аспаптық ансамбльдерұйымдастырылды. 200-ден астам композициялардың авторы, каягым аспабын жетілдіруші Урыка және көптеген музыкалық аспаптарды (лютня секілді 6 шекті комунгоны) жасап шығарған Ван Санаканың еңбектері Корея музыкасына қосылған елеулі үлес болды.
Театры. Кореяның ежелгі тұрмыс-салт ойын-сауықтарында драматикалық элементтер болған. Үш мемлекет кезеңінде маскамен орындалатын би тхальчхум қалыптасты. 14-15 ғасырда маскалы халық театры - камёнгык және қуыршақ театры - инхёнгык пайда болды. Халық театрының қалыптасуына квандэнің (гистриондардың) әсері болды. 19 ғасырда корейдің профессионал театры құрылды. 1911 жылдан «Хёксиндан» («Реформа труппасы») театрының негізі қаланды.
Киносы. 1921 ж. тұңғыш кинофильм түсірілді. 20 жылдардың 2-жартысында халықтың ауыр тұрмысын бейнелейтін «Қаңғыбас» (1927), «Бұлыңғыр көше», «Көмескі жол» (екеуі де 1928 ж. түсірілген) кинофильмдері жарық көрді. Үлттық прогрессившіл киноның дамуына режиссёр, актёр әрі сценарист На Ун Гю мол үлес қосты.
Міндеті:
Корей сәулет өнерімен таныстыру. Сонымен қатар корей сәулет өнерінің өзге елден қандай сәулет өнерінен айырмашылықтарын және ерекешеліктерін салыстыру.Өзге елдегі корей сәулет өнерлері мен корей еліндгң өзіндік қайталанбас туындыларын айқындау.
Дерек көздер:

  1. https://stud.kz/referat/show/100297

  2. https://www.uniface.kz/education/index.php?post=article§ion=1&id=825

  3. https://www.yoair.com/kk/blog/travel-guide-south-korea-elegant-yet-traditional/

  4. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

  5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

  6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет