Коричневый и Кремовый Деликатный Органический Копирайтер Фрилансер Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата02.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504240
түріПрезентация
2 курс электротехника күрделі электр



Презентация
Инженерлік пәндер кафедрасы
Орындаған: Қалтұрсын Ұ
Тобы: ФӨТҚ-05-23(Б)
Қабылдаған: 
Шымкент-2024
Тема:Күрделі электр тізбектерін талдау әдістері


I.Кіріспе
II.Негізгі б
өлім
Күрделі электр тізбектерін талдау әдістері
Контурлық талдау әдісі
Беттестіру әдісі
Эквивлентті генератор әдісі
III.
Қорытынды
IV.Пайдаланыл
ған әдебиеттер
Жоспар


I.Кіріспе
Қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен тораптары радиотехника, электроника және
есептеу техникасы саласындағы ең соңғы жетістіктерге негізделген. Мысалы, электр
тізбектерін жатқызуға болады.
Электр тізбегі – электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы. Электр
тізбегіндегі электромагнитті процестер ЭІК-і, электр тогының күші мен кернеуі
арқылы сипатталады. Полюстеріне потенциалдар айырмасы түсірілген қандай да бір
екі қысқышты бір-бірімен қосатын (жалғастыратын) сым осы тізбектің қарапайым
түріне жатады.
Бөліктері
Атқаратын міндетіне қарай электр тізбектерін:
Энергия не сигнал көзі бар бөлікке;
Қабылдағышы бар бөлікке;
Басқа бөліктерді өзара қосатын бөлікке ажыратуға болады.


Күрделі электр тізбектерінде энергия кездері мен тұтынушылар кез-келген түрде
орналасқан бірнеше тұйықталған контурлар болуы мүмкін. Сондықтан мұндай күрделі
тізбектерді параллель және тізбектеп қосылған тіркестер деп қарауға болмайды.
Ом заңын және екі Кирхгоф заңдарын қолдана отырып, кез-келген күрделі тізбектің
барлық учаскелеріндегі токтар мен кернеулер таралуын анықтауға болады.
10 Сурет – Үш энергия көзі бар электр тізбегі
Күрделі электр тізбектерін есептеу тәсілдерінің бірі — ток тарды қосып жинау тәсілі.
Қаралып отырған тәсілдің мәні мынада: қандай да бір тармақтағы ток сол тарамда әрбір
жеке ЭҚК туғызған токтардың алгебралық косындысы болып та былады. 


Контурлық токтар әдісі бойынша есеп теориялық контурлық токтар үшін жүргізіледі.
Контурлық токтардың саны тәуелсіз контурлардың санына тең болып табылады. Теңдеулер
Кирхгофтың екінші заңына сәйкес құрастырылады. Тармақтардың тогы контурлық тоқтар
арқылы табылады. Контурлық тоқтарды I11, I22, I33 – деп белгілейді. Контурлық токтардың
бағыты ойша таңдалады, олардың бағыты сағат тіліне бағыттас немесе теріс болуы мүмкін.
Ток көзінен тұратын контурдың тоғы ток көзінің тоғына теңестіріледі. 4.2-суретте
контурлық токтардың бағыты сағат тілімен алынған. Тәуелсіз контурлардың саны үшеу
болғандықтан үш контурлық ток үшін теңдеулерді Кирхгофтың екінші заңына сәйкесті
құрастырылып токтар анықталған.
Контурлық токтардың бағыты көрсетілген элетр тізбегі
Контурлық талдау әдісі


ef
Тәуелсіз тізбектер үшін Кирхгофтың екінші заңы негізінде теңдеулер жүйесін құрамыз.
Іргелес тармақтардың элементтерінде осы тармақ бойымен өтетін барлық контурлық
токтардан кернеудің төмендеуін ескеру қажет. Алынған теңдеулер жүйесі бұл контур
токтарының әдісі
Теңдеулер жүйесін шеше отырып, біз белгісіз контурлық токтарды, содан кейін тізбек
тармақтарының қажетті токтарын есептейміз:
Есептеу нәтижелерін Кирхгофтың екінші заңы негізінде жасалған теңдеулерге ауыстыру
арқылы тексеруге болады.


Беттестіру әдісі 
Егер тізбектің құрамында бірнеше қорек орналасқан болса, қабаттасу қағидасына сәйкес
тізбекті қарапайым, бір қорек көзді тізбектерге бөліп, жекеше токтарды есептеуге
болады. Жекеше токтардың алгебралық қосындысы арқылы тармақтардың тогы
табылады: 






Қорытынды
Электр энергиясын қолдану бізге барлық іс-әрекеттерді жақсартуға өнеркәсіпке
жаңа автоматтандырылған технологиялық процесстер енгізіп жаңа
мүмкіншіліктерді берді. Ауыл шаруашылығында жаңа қажеттіліктерде құрылған
технологиялар нақты өнім түрін жылдам және жеңіл түрде тудыратын болды.Электр
энериясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты
себебінің бірі – электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа
беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық , жылу ,
химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Электротехника және өндірістік электроника негіздері: дәріс кешені.-Шымкент,
2023 https://base.ukgfa.kz/?wpfb_dl=29967
2. Куракбай М.Б. Электроника және электротехникалық материалдар: оқу құралы.
Алматы: «Medet Group» ЖШС, 2021. – 192 б. https://aknurpress.kz/reader/web/3169
3. Туганбаев, И. Т. Электротехника [Текст] : учебник / И. Т. Туганбаев. - ; Рек. М-
вом образования и науки РК. - Алматы : Эверо, 2014. - 250 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет