Көркем негізгі мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанының өткізілгені жайлы ақпарат
Аталған іс-шара «Балалардың өмір сапасын жақсарту-ертеңгі болашақтың кепілі» ұранымен өткізілді. Бекітілген жоспар бойынша оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
-
«Бала және отбасы» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.Кездесуде баланың отбасындағы құқықтары жайлы айтылды.Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу , әр балаға сырласыңдай қарау жайлы сөз қозғалды.
-
« Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын « тақырыбында 5-9 сыныптар арасында шығармалар жазылды.
-
«Балаларға қарсы зорлық ЖОҚ!» өз ойларын ортаға салды.
-
Құқықтану пәнінің мұғалімі кәмелет жасына жетпегендердің құқықтық сауаттылығын ашу барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
-
«Бозбала мен бойжеткен» 8-9 сыныптарға сынып жетекшілері түрліше ақпараттар беріп, оқушы тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.
-
.
-
Іс шараның қорытынды күндерінде « Барлық әлем мен үшін» тақырыбында сурет көрмесі болды.
Орынд: Жаркынбекова Ж. О.
ТЕЛ:2-33-03
Достарыңызбен бөлісу: |