Көрнекілігі: кітап көрмесі, ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері Нақыл сөздер



Дата10.06.2016
өлшемі39 Kb.
#126318
Мақсаты: ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері

Нақыл сөздер:

1. Әрбір адамның ең жақсы досы-өмірлік досы- кітап болуы тиіс. М.Әуезов

2. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге. А.Құнанбаев

3. Кітап жинап түптеймін,

жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін,

қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабы кір демесін. М.Әлімбаев
Кітапханашы: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітаппен достассаң көп білесің. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім-бұлағы, білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші.

Олай болсы, құрметті ұстаздар, қымбатты оқырмандар! Бүгін оқушылардың қатысуымен «Кітап-мәңгі шамшырағы заманның» атты сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымыз арқылы қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз.



Жүргізуші: ХХІ ғасыр-білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Евразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген.

Бәсекеге қабілеттіктің басты көрсеткіші-білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Болашақ білімді жастардың қолында.

Бүгінгі сайысымыз 5бөлімнен тұрады.

Бүгінгі болғалы отырған сайысымызға қатысушы оқырмандарды таныстырайық.

Сайысқа қатысатын оқырмандар, әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылады.

І бөлім. Кітап-білім бұлағы

Дейді оқушылар «Кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың,

Анық тағы білімпаз боп шығары.

Өзі оқыған кітаптарынан түсінік айту.Сайыскерлер оқыған, өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтады.


ІІ бөлім. Өлең сөздің патшасы

Өмір мәні-өнер менен білімде

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың-рухани қазынаң

Құнды байлық баға жетпес, бұл өте.

Тақпақты мәнерлеп айтып жарысады.


ІІІ бөлім. Мақал-сөздің мәйегі.

Мақал-мәтел айту.

Әр оқырман жеке-жеке кітап, білім, жазу жайлы мақал-мәтел айтады.
ІҮ бөлім. Білім көзі-кітапта.

Сұрақтарға жауап беру.



Қойылатын сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата.

2.Бірінші маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

3.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?

(Ыбырай Алтынсарин)

4.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

5.Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің, атап бер? (Тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, қыз қуу, көкпар, теңге алу т.б)

6.22 қыркүйек қандай мереке? (Тілдер мерекесі)

7. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

8.Жыл атауынан құ қалған жанур? (Түйе)

9.Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)

10.1912 жылы Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім?

(Ахмет Байтұрсынов)

11.Абайдың қандай өлеңдерін білесің? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», т.б)

12.Ыбырай Алтынсаринның қандай әңгімелерін білесің? («Мақта қыз бен мысық», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп», т.б)

13. «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» кімнің өлеңі? (Абай Құнанбаев)


Ү бөлім. Тапқыр болсаң.

Кітаптан үзінді оқылады, кітаптың аты мен авторын табу. Ақын-жазушылар аталады, кітаптарын, шығармаларын атау.


Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

Үздік оқырмандарға орындар беріліп, марапатталады.



Жүргізуші: Білім сүйсең, кел сүн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.



Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жан дос, ізденейік қосыла,-дей отырып, кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық, бірге жұмыс жасайық демекпіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет