Кребс цикліне глюкоза және май қышқылдарының ацетилкоферментқосылысы түріндегі қайта өңдеу өнімдері кіреді



Дата07.12.2023
өлшемі134.41 Kb.
#485833
f635a000fadc70


КРЕБС ЦИКЛІ. ЦИКЛДІҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРЫ, РЕАКЦИЯНЫҢ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРІ
1937 жылы Г. Кребс ауқымды зерттеулер нәтижесінде белгілі ди- және трикарбон қышқылдары ферменттер жүйесімен бірлесе отырып, катализдік циклтүзеді деген қорытындыға келді. Осы циклдің көмегімен табиғат заттардың тотығу процестерінен — көмірсулардан, май қышқылдарынан және нәруыздардан оларды көміртек (IV) оксидіне, суға және басқа қосылыстарға айналдыра отырып, сутек бөлу арқылы энергия бөліп алады. Ең соңында сутек атомдары оттекпен қосылады, ал тотығу реакциясына сәйкес келетін энергия АТФ молекулаларында жиналады. Г.Кребс реакцияның айналмалы реттілігін лимон қышқылы циклідеп атады. Қазіргі кезде оны Кребс циклідеп атайды. Демек, Кребс циклі — жасушаға қажетті энергия ағынын қамтамасыз ететін механизмнің құрамдас бөлігі(105-сурет).
Кребс цикліне глюкоза және май қышқылдарының ацетилкоферментқосылысы түріндегі қайта өңдеу өнімдері кіреді.
Құрамында екі көміртек атомы болатын ацетил тобы ацетил-КоА —ацетил КоА гидролизінде Кребс цикліне енеді. Ол қымыздықсірке қышқылына — төрт көміртекті қосылысқа қосылады, нәтижесінде алты көміртекті лимон қышқылы түзіледі. Бұл реакция үшін энергия қажет болады. Оны ацетил-КоА жоғары энергетикалық байланысы береді. Әрі қарай ацетил КоА гидролизінде циклге түсетін ацетил топтары4 жұп сутек атомдарын босатып, сутексізденетін және СО2екі молеку-ласының түзілуімен карбоксилсізденетін ферментативті реакциялар циклі жүреді. Карбоксилсіздену кезінде 2 атом көміртектің СО2-ге дейін тотығуы үшін судың екі молекуласынан бөлініп шығатын оттек пайдаланылады. Бұл процесс тотығу арқылыкарбоксилсізденудеп аталады.
Теңдеу: СН3СООН + 2Н2О 2СО2+ 8Н+
Цикл соңында қымыздықсірке қышқылы қайтадан қалпына келеді. Енді ол ацетил-КоА-ның жаңа молекуласымен реакцияға түсуге қабілетті және цикл қайталанады.
Ацетил КоА-ның тотыққан әрбір молекуласынан бір молекула АТФ, 4 жұп сутек атомы және 2 молекула СО2түзіледі. Сутек атомдары НАД немесе ФАД-қа қосылады және тыныс алу тізбегіне түседі.
Глюкозаның тотыққан бір молекуласынан екі молекула ПЖҚ, екі молекула ацетил КоА түзіледі, сондықтан тыныс алу процесінде тізбектің екі айналымы қажет. Соңында екі молекула АТФ синтезделеді, 4 молекула СО2бөлініп шығады және кейіннен тыныс алу тізбегіне түсетін 8 жұп сутек атомы босап шығады.
Кребс циклінде жүзеге асатын процестердің ең маңызды нәтижесі — энергияға бай НАДН молекуласының түзілуі. Тыныс алу тізбегіндегі осы энергия — энергияның әмбебап “аккумуляторы” АТФ молекула-ларын синтездеу үшін қолданылады.

1. Кребстің катализдік циклі дегеніміз не?


2. Заттардың айналу циклі қандай заттардан басталады?
3. Кребс циклінің негізін қандай химиялық реакциялар құрайды?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет