Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Е.А. Бөкетов атындағы
ҚарМУ ректоры
_______________ Е.Қ. Көбеев
« __ » ______________ 2009 ж.
Кредиттік технология бойынша оқитын
студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық
Қарағанды
2009
Заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Қ. Көбеевтің жалпы редакциясы бойынша
Көрсеткіш-анықтамалық оқу үдерісін оқытудың инновациялық технологиялары бойынша ұйымдастыруды түсіндіреді. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге арналған жалпы талап, олардың құқығы мен міндеттері бойынша негізгі ұғымдар ұсынылған. Анықтамалық кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған.
Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық / құрастырғандар Каргин С. Т., Гаголина С. В., Ақыбаева Г. С., Сақаева А. Н. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009, …..б
Қарағанды мемлекеттік университеті, 2009
Мазмұны
ҚарМУ ректорының құттықтау сөзі ............................................
|
4
|
Кіріспе..............................................................................................
|
5
|
Оқытудың инновациялық технологияларына байланысты негізгі ұғымдар...............................................................................
|
7
|
Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері..................................................
|
13
|
Студенттерге қолдау көрсету қызметтері....................................
|
16
|
Факультеттер жөніндегі ақпарат ………………………….
|
19
|
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп ережелері........................................
|
28
|
Оқу төлемақысы.............................................................................
|
45
|
Студенттерді несиелеу...................................................................
|
45
|
Кредиттік технология бойынша студенттерді оқыту бағдарламалары..............................................................................
|
51
|
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқитын студенттерге арналған жадынама.................................................
|
56
|
Қосымша..........................................................................................
|
68
|
ЖОО құрылымы.......................................................................
|
68
|
ҚарМУ нысандарының орналасу сызбасы............................
|
69
|
Студенттердің өтініш үлгілері................................................
|
70
|
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың әнұраны......................
|
72
|
Қорытынды......................................................................................
|
73
|
Қымбатты студенттер!
Мен Сіздерді еліміздің көп профилді ірі университеттерінің бірі, 70 жылдық тарихы классикалық университеттердің білім беру дәстүрлері мен академиялық бостандық принциптеріне негізделген Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шаңырағынан көргеніме қуаныштымын. Өз қызметінің барлық кезеңінде университет қоғамның дамуы мен ғылымның идеалдарына мүлтіксіз қызмет етудің үлгісі болды.
Отандық білім беру орындарының алдыңғы қатарынан табылатын Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оқытудың инновациялық технологияларын сәтті енгізіп, ғылыми зерттеулер өткізуді іске асыруда.
Біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз, дәстүрімізді сақтаймыз, жаңа идеяларға ашықпыз. Біздің түлектер білім мен мәдениеттің, отандық ғылымның даңқын көтеруге өз үлестерін қосуда.
Сіздерге шығармашылық табыс, қызықты студенттік өмір мен оқу-білімде үздік көрсеткіштер тілеймін.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ. Көбеев
Кіріспе
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның өзгеруі және әлемдік еңбек нарығының түлектерге деген талаптарының өсуі жағдайында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі жоғары сапалы білімді қамтамасыз ету және жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Бұл міндетті Қазақстан Республикасында 2005 – 2010жж. арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізінде шешу ЖОО–да инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл жағдайда ЖОО–ның білім беру стратегиясы студенттің инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім траекториясын таңдауға бағытталған.
Кредиттік технология мен қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру интеграциялық процестер үшін қолайлы жағдай тудырады.
Бүгінгі таңда студенттердің мыңдаған ұжымы 13 факультетте оқиды. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясы бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде қолданылады.
Бүгінде инновациялық технологияның сәтті жүзеге асырылуын жоғары мамандандырылған профессорлық – оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Университеттің материалдық – техникалық базасы оқу үдерісін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ҚарМУ – дың инфрақұрылымына 12 оқу ғимараты, 17 оқу залы, электронды ресурстар залы, баспахана, студенттердің мәдениет сарайы, 3 мұражай, 6 жатақхана, санаторий – профилакторий, студенттік кафе, студенттік тұрмыстық кешен кіреді.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ – дың миссиясы
- классикалық университеттің дәстүрін жалғастыру;
- үздіксіз білім беру және іргелі біліммен қамтамасыз ету;
- халықаралық сапа стандарттарына сәйкес болу;
- жаңа білім беру технологияларын енгізу;
- еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып қала беру;
- ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ – дың жетістіктері
- ҚарМУ Қазақстанның білім қоғамдастығында алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі және ЖОО–ның ұлттық рейтингісінде көпсалалы университеттердің арасынан 3 орынға ие.
- ҚарМУ Қазақстандағы өзінің экономикалық бағдарламаларын аккредиттеу туралы халықаралық диплом алған ең бірінші ЖОО–ның бірі.
- ҚарМУ «SGS» беделді швейцариялық компаниясында ішкі менеджмент сапасының жүйесін сертификаттады.
- ҚарМУ әлемдегі жетекші университеттерді біріктіретін халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады.
- ҚарМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына (Болонья қаласы, Италия) қол қойып, өзінің классикалық білім беру қағидаларына берік екенін дәлелдеді.
Оқытудың инновациялық технологияларына байланысты негізгі ұғымдар
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.
Қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау администраторы – ЭЕМ-ге арналған «Факел – 1 қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау» бағдарламасының мәліметтер базасын толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.
Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.
Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр, триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі.
Білім алушының акдемиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.
Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50минут), педагогикалық практиканың барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250минут) тең.
Активті таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands –outs ) – сабақ барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі иллюстрациялық материалдар.
Компьютерлік анимация – түрлі динамикалық визуалды эффектілерді қолдануға негізделген динамикалық графика (қозғалмалы суреттер, ерекшеленген түс, т.с.с.); дисплей экранында қозғалыс иллюзиясын тудыратын динамикалық бейнелердің синтезі.
Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – ЖОО-ғы профессорлық – оқытушылар құрамының қызметкерлері.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым–қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Аудиолекция – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.
Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары жазылады.
Бакалавр, магистр, доктор (Bachelor, Master, Doctor) – бұл аталған білім беру бағдарламаларын игерген тұлғаларға берілетін академиялық дәрежелер.
Браузер – гиперсілтеме көмегімен Web–кеңістіктің визуализациясына арналған клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету.
Бейнеконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір–бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) электронды интерактивті өзара қарым–қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Бейнедәріс – интерактивті бейнеқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.
Виртуалды сабақтар – онлайндық және офлайндық технологиялармен қамтамасыз ететін оқу сабақтарының бір түрі.
Гипермедиа – гипермәтін ретінде электронды формада көрсетілген оқу материалдарының бір түрі.
Гипермәтін – интерактивті мәтін сияқты электронды формада көрсетілген, гиперсілтемемен байланысты ақпарат.
Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара әрекет етуін жүзеге асыру.
Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйыммен бекітілген білім алушылардың алдын – ала оқу пәндеріне жазылуы.
Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) – осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген ақпараттық технологияның барлық түрлері,яғни мультимедиа, гипермәтін енгізілген оқу материалы.
Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі.
Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және технологияларын қолданатын корпоративті желі.
Ақпараттық технология (АТ) - өндірістік процестердің және бағдарламалық – техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу, таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.
Internet–тің ақпараттық ресурстары – электронды пошта, телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік – электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар, білім базалары және т.б.
Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны жайлы құжат беріледі (диплом).
Таңдау компоненті (Electives) – кез – келген академиялық кезеңде білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.
Контент (ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы және релеванттылығы табылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі бақылау жұмыстарының (жазба жұмыстары, тесттер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және т.б.) негізінде белгілі бір пән бойынша білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол ағымдық бақылауға, аралық бақылауға, қорытынды бақылауға бөлінеді.
Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік форумы.
Кредит (Credit, Credit – hour) – білім берушінің / оқытушының оқу жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.
Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік дисктер) ақпараттар.
Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement – GER) - әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы.
Міндетті компонент – студенттердің оқу бағдарламасының барысында міндетті түрде оқитын пәндері.
Онлайндық технологиялар (on – line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді.
Пән сипаттамасы(Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (әдетте 5 – 8 сөйлемнен тұрады).
Офлайндық технологиялар (off – line) - желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді.
Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы.
Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.
ЭЕМ–ге арналған «Факел – 1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасы – қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісіндегі автоматтандырылған жүйе.
Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру сияқты өздік жұмыстарын жүргізу.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы (ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.
Желілік оқу материалдары – Интернетте бар материалдар, мультимедиа курстарының желілік нұсқалары.
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.
Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін жүйелік тексеріс.
Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен көрсетілген түрдегі құжат.
Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы.
Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да ақпараттық- коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі.
Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алған білім алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және жеке тұлғаның даму деңгейінің жетістіктері.
Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат.
Форум – Қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне ашық және талқылауға арналған Интернет желісінде ұсынылған тақырып.
Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – Интернет желісінің көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе компьютерлер жиынтығы.
Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.
Эдвайзер (Advisor) – оқу траекториясын, мамандық таңдау негізінде көмектесетін (жеке оқу жоспарын құрастыруда) және білім беру бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, жетекші қызметін атқаратын оқытушы.
Білімнің электронды банкісі – оқу үдерісін және құжат айналымын автоматтандырылған басқару жүйесімен байланысты оқу және ғылыми негізде бағытталған бағдарламалар мен дидактикалық құралдардың жиынтығы.
Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
-
Бір кредиттің академиялық көлемі 50 минут дәрісханалық уақытты құрайды.
-
Бакалавриатта әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар міндетті түрде 2 сағаттық студенттің өзіндік жұмысымен (СӨЖ) қамтылады.
-
Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 аптаны құрайды.
-
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін бір оқу жылының академиялық көлемі 36 аптаны құрайды (немесе 2 семестр), оның ішіндегі 30 апта теориялық оқуға, 4 апта – студенттің қорытынды бақылауына, 2 апта – демалыс уақытына арналған.
-
Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50минут), педагогикалық іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250минут) тең.
-
Оқу жылының академиялық көлемі жазғы семестрдің есебінен 6 аптаға ұзартылуы мүмкін.
-
Жазғы семестр студенттің жеке қалауы бойынша қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру үшін ұйымдастырылады.
-
Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.
-
Оқу траекториясы және пәндер реестрі демалыс уақытында студенттің өзімен анықталады.
-
Оқу траекториясы және пәндер реестрі жазғы семестрда (жоғарғы курс студенттері үшін) бекітілетін студенттің жеке жұмыс жоспарында, 5 қыркүйекке дейін (І курс студенттері үшін) көрсетіледі.
-
Жеке жұмыс жоспарын декан немесе деканның оқу ісі жөніндегі көмекшісі бекітеді және ол деканатта сақталады.
-
Жеке оқу жоспары эдвайзердің, яғни шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан академиялық ұстаздың жетекшілігімен жүзеге асырылады.
-
Оқуды жеке жоспарлау студентке демалыс уақытында ұсынылатын оқу - әдістемелік кешендердің көмегімен және оқу жоспарындағы әрбір пәннің академиялық сипаттамасы, сонымен қатар офис–тіркеушіде және ҚарМУ–дың сайтындағы (www.ksu.kz) элективті пәндер каталогының көмегімен жүзеге асырылады.
-
Оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі шығарушы және қызмет көрсетуші кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:
-
пән бойынша ОӘК;
-
оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша дәрісханалық жұмысқа арналған материалдар, оның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспары, т.с.с.;
-
студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттығушы тесттер, бақылау тапсырмалары, әрбір пән бойынша емтихан сұрақтары;
-
іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, сонымен қатар іс-тәжірибенің барлық түріне арналған жоспарлар мен бағдарламалар;
-
дәрістердің элективті курсы.
15. Студенттерді бір курстан екінші курсқа академиялық ауыстыру бекітілген орташа өту балымен жүзеге асырылады (GPA).
16. Қайта оқу курсы қажетті кредит санын жинамаған студенттерге ұсынылады.
17. Қайта оқу курсын қаржыландыру тек студенттердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
18. Сырттай оқу бөлім студенттері кредиттік технология және қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқиды.
19. Академиялық кезеңдер академиялық күнтізбемен бекітіледі.
20. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған виртуалды сабақтар желілік кеңес беру мен виртуалды сабақтар кестесімен бекітіледі.
21. Сырттай оқу бөлімінің студенттері мен тьюторлары виртуалды сабақтарда ЭЕМ-ге арналған «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасымен жұмыс істейді.
22. «Факел–1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасына кіру үшін дербес логиндерді қолдану және білім беру үдерісіне қатысушылардың паролі арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |