Критериалды бағалау



бет1/12
Дата10.11.2022
өлшемі97.94 Kb.
#464479
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Критериалды бағалау
Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара
байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне
төмендегілер жатады:
• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік
мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі
болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика
түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны
өткізудің жолдарын анықтайды.
• Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл
бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын
қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің
оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады,
бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты
болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау
түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу
бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
• Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті
ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін
- өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін
арттырады.
• Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін
анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму
бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске
қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға
мүмкіндік тудырады.
Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы
мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар:
қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша
өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)бағалау болып табылады
Бағалау түрлер



Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру
барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып
табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға
қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті
арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға,
сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін
аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында,
триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы
оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша
өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі
болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән
және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік
нұсқаулықтарда берілген.
Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін
оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат
беру үшін қолданады.
Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп
жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет