Кудушева нургайша ахметжановна



бет31/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Қорытынды 1:
Студенттерде реттеушілік процестерінің келесі ерекшеліктері анықталды:

  • Іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастырудың жалпы деңгейі өз өмірінің уақытын ұйымдастыруға құрылымдық көзқарасты риясыздық пен икемділікпен үйлестіре алатындығын, барлық компоненттерді бағалай алатындығын көрсетеді.

  • Осы шаққа бағдарланушылық көрсеткіші ең үлкен дамуға ие болды.

  • Фиксация шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер болғанда, студенттердің 30%-дан астамында мақсаттылық және табандылық төмендейді.

Реттеушілік процестерінің көрсеткіштерінің арасында оң корреляция табылды, реттеушілік процестерінің ядросын мақсаттылық, жоспар қоя білушілік және осы шаққа бағдарланушылық сияқты қасиеттер құрайды.
Керісінше, студенттердің оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары мен мағыналық сезімдері неғұрлым төмен болса, соғұрлым олардың оқудағы өз әлеуеттерін ашуға және қабілеттерін дамытуға бейімділігі төмендейді, ал өзін-өзі бағалауы төмен болады.
Содан кейін, біз студенттердегі реттеушілік және мотивациялық процестердің өзара байланысын зерттедік, алынған мәліметтер 13-кестеде және 15-суретте көрсетілген.
Өзін қадағалау 7 мотивациялық процесстермен корреляциялы байланыста:
-Танымдық мотивациямен (r=0,342**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,393**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,404**), өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,200*) оң корреляциялы,
- Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,175*), экстерналды мотивациямен (r=-0,345**) және амотивациямен (r=-0,286**) теріс корреляциялы (сурет 15).
Кесте 13 - Студенттердегі реттеушілік және мотивациялық процесстердің өзара байланысы



Спирмен коэффиценті

Танымдық мотивация



Жетістікке жету мотивациясы



Өзін-өзі дамыту мотивациясы

Өзін құрметтеу мотивациясы




Өзін қадағалау

0,342**

0,393**

0,404**

0,200*

Жоспар қоя білушілік

0,397**

0,465**

0,365**

0,372**

Мақсаттылық

0,620**

0,690**

0,658**

0,520**

Табандылық

0,194*

0,302**

0,283**




Фиксация

0,398**

0,442**

0,331**

0,222**

Өзін-өзі ұйымдастыру




0,168*




0,181*

Осы шаққа бағдарланушылық

0,391**

0,555**

0,490**

0,402**

Ро Спирмен

Интроекцияланған мотивация



Экстерналды мотивация



Амотивация




Өзін қадағалау

-0,175*

-0,345**

-0,286**

Мақсаттылық




-0,414**

-0,570**

Табандылық

-0,292**

-0,446**

-0,495**

Фиксация

0,190*







Осы шаққа бағдарланушылық




-0,215*

-0,256**





Сурет 15 - Студенттер арасындағы реттеушілік және мотивациялық процестердің байланысы


Жоспар қоя білушілік 4 мотивациялық процесстермен оң корреляцияланады: танымдық мотивация (r=0,397**), жетістікке жету мотивациясы (r=0,465**), өзін-өзі дамыту мотивациясы (r=0,365**), өзін құрметтеу мотивациясы (r=0,372* *).


Мақсаттылық 6 мотивациялық процестермен корреляциялы байланыста:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,620**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,690**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,658**), өзін сыйлау мотивациясымен (r=0,520**) оң корреляциялы,

  • Экстерналды мотивациямен (r=-0,414**) және амотивациямен (r=-0,570**) теріс корреляциялы.

Табандылық мынандай 6 мотивациялық процестермен байланысты:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,194*), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,302**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,283**) оң корреляциялы,

  • Интроекцияланған мотивациямен (r=-0,292**), экстерналды мотивациямен (r=-0,446**) және амотивациямен (r=-0,495**) теріс корреляциялы.

Фиксация 5 мотивациялық процестермен оң корреляциямен байланысты: танымдық мотивациямен (r=0,398**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,442**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,331**), өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,222**), интроекцияланған мотивациямен (r=0,190*).
Өзін-өзі ұйымдастыру мотивациялық процестермен 2 оң корреляциялы байланыста: жетістікке жету мотивациясымен (r=0,168*) және өзін құрметтеу мотивациясымен.
Осы шаққа бағдарланушылық 6 мотивациялық процестермен корреляциялы байланыста:

  • Танымдық мотивациямен (r=0,391**), жетістікке жету мотивациясымен (r=0,555**), өзін-өзі дамыту мотивациясымен (r=0,490**), өзін құрметтеу мотивациясымен (r=0,402**) оң корреляциялы,

  • Экстерналды мотивациямен (r=-0,215*) және амотивациямен (r=0,256**) теріс корреляциялы.

15-суретте корреляциялық плеяда сызбалық түрде ұсынылған және жетістікке жету мен өзін қадағалауды байланыстырушы функциясын көрсететін корреляциялық байланыстар графикалық түрде көрсетілген.
Интеркорреляциялық байланыстарды сипаттау кезінде жетістікке жету және өзін қадағалау мотивациясы жетекші функцияларды орындамайтынын, олар корреляциялық плеяданың ядросында емес екенін атап өткен жөн (11-14 және 15-суреттер), бірақ олар бір-бірімен көптеген-көп өлшемді байланыстарды құрайтын реттеуші және мотивациялық процестерді байланыстырады.
Сондай-ақ, студенттер үшін танымдық мотивация, өзін-өзі дамыту және өзін сыйлау мотивациясы олардың мотивациялық әлеуетінің негізін қамтамасыз ететін біртұтас блок болып табылатындығын көреміз (14 және 16-суреттер).
Амотивация және сыртқы экстерналды және интроекциялық мотивация сияқты екі мотив реттеушілік процестерінің тиімділігін төмендетеді.
Реттеушілік процестеріне келетін болсақ, маңыздылықтың екінші деңгейінде осы шаққа бағдарланушылық, мақсаттылық пен табандылыққа назар аударылады, дәл осы процестер өзін қадағалаудан кейін студенттер арасында мотивациялық-реттеушілік жүйесінің бірлескен жұмысын ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет