Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет88/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Зерттеу мақсаты. Бағдарламаның тиімді 
жү зеге асуы үшін сапалы оқытуға ықпал ете-
тін оқыту құралдарын қалыптастыру керек. 
Кез келген білім бағдарламасы уақыт талабы 
мен келешектің міндетіне сай білім беру мақ-
сатын көздегенімен, кейбірі түрлі себеп тер-
дің салдарынан ол үдеден шыға алмай жата-
ды [6] (Құсайынов, 2016: 43). Соңғы жыл дар-
дағы еліміздегі орта білім беру үдерісін ұйым-
дастырудағы басты құжат – жаңартылған үлгілік 
білім бағдарламасы мен соның негізінде жазы-
лып, қолданыста жүрген оқулықтар жоғарыда 
айтылған міндет, мақсаттарға сай ма? Қоғам 
талаптары мен сұранысына жауап бере ала ма? 
[7] (Құсайынов, 2020: 65). Біз мақаламызда осы 
мәселелерге мүмкіндігінше талдау жасауды 
мақсат еттік. 
Зерттеу болжамы. Оқулық сапасын анықтау 
арнайы сарапшы мамандар мен қоғамдық пікір 
өкілдерімен қатар мектеп мұғалімдері, оқушылар 
мен ата-аналар тарапынан да қарастырылған 
жағдайда объективті пікір мен нақты ұсыныстар 
қамтылады. Оқулықпен тікелей жұмыс жасай-
тын контингент ретінде олардың пікірі мен та-
лаптары аса маңызды болып табылады. 
Әдеби шолу. Теориялық негіздеме
Оқулық – оқу үдерісін ұйымдастырудағы бас-
ты құрал. Оқулық жазу ісі ХVІІ ғасырда бастау 
алып, бүгінгі күнге дейін үзбей жалғасып келе 
жатқан әрі тарихи, әрі жанды құбылыс. Оқулық 
жазған педагог, ғалым, авторлар оны жазуға 
қойылатын талаптарға да аса мән берген. Ол 
талаптардың дидактикалық, ғылыми маңызын 
аса жоғары бағалаған. Оқыту мен тәрбиелеудің 
теориясын алғаш негіздеп, ең бірінші жүйелі 
оқулықтар жазған Я.А. Коменский бұл туралы: 
«Оқыту дегеніміз – оқушыны оқу материалымен 
таныстыру. Сонымен, біздің алдымызда мұғалім, 
оқушы және оқу материалы бар. Мұғалім – 
бұл білімді жеткізетін адам; оқушы – оны 
қабылдайтын адам; оқу материалы – бұл білімнің 
берілуі және оның мұғалімнен оқушыға ауысуы... 
Мұғалім мен оқушылар өзара қарым-қатынаста; 
оқу процесінде біреуі де, екіншісі де болмауы 
мүмкін емес. Мұғалім мен оқушы арасындағы 
байланыс – бұл бір-бірінен екіншісіне ауысатын 
оқу материалы. Жақсы мұғалім, жақсы оқушы 
және жақсы материал білімді тиімді арттырады» 
[8] (Коменский, 1982: 532). 
Әлем картасында жаңа мемлекеттер пайда 
болып, жаңа ұлттар мен ұлыстар қалыптасқан 
сайын бұл үрдіс жаңаша қарқын алып, адам-
зат мәдениетінің асыл мұрасы ретінде дәстүрін 
жалғастыруда. Жалпы білім беру жүйесінің 
теориялық негізіне айналған Ян Амос 
Коменскийдің «Ұлы дидактикасынан» басталған 
оқулық жазу ісі ұлттық оқулықтың бастау 
бұлағы болған ұлт ұстазы Ы. Алтынсариннің 
«Қазақ хрестоматиясынан» үлгі алып, ХХ 
ғасыр басындағы Алаш оқымыстылары жазған 
оқулықтармен дамыды. Олар әр пән бойынша 
оқулық жазумен қатар оқулықты қалай, кімге 
арнап жазу мәселесін де талқыға салып отырған. 
М. Жұмабаев: «...оқу құралдарының құралатын 
негізі – мектеп. Оқу құралдардың мінезі – мектеп 
мінезінің айнасы. Түрлі пәннің (предмет) мек-
тепке қай шамада, қай түрде кіруі де мектептің 
өзінің қандай негізге құрылуына, қандай мінезді 
болуына байлаулы нәрсе. Олай болса, жазылашақ 
біздің оқу құралдарымыздың да мінезі 
мектебіміздің мінезіне байлаулы болуға тиіс» 
[9] (Жұмабаев, 2003:189), – деп, ары қарай оқу 
құралдарын жазып жүрген азаматтардың кейбір 
салғырттықтарына ашынады. Кеңестік кезеңдегі 
оқулық жазу ісінің өзіндік ерекшеліктері мен 
кемшіліктері болғанымен, әлемдік білім беру 
кеңістігінде жетістіктерімен танылған дәстүрлі 
кеңестік оқыту жүйесінің артықшылықтары да 
болды (Кусайынов, 2017: 19).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет