Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет89/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Зерттеу әдістері
Мақалада келтірілген зерттеу барысында 
мектептегі оқу әдебиеттерін апробациядан өткізу 


87
Ф.Т. Саметова және т.б. 
үшін критерийлер жүйесі дайындалды. Қойылған 
міндеттерді кешенді шешу мақсатында мынадай 
зерттеу әдістерін пайдаланамыз: талдау, синтез-
деу, жүйелеу, салыстыру, зерттеу мәселесі бойын-
ша материалдарды іріктеу, зерттеу мәселесі бой-
ынша педагогикалық әдебиетті талдау; дерек терді 
өңдеудің статистикалық әдістері, қорытындыны 
тұжырымдау, педагогикалық эксперимент.
Зерттеу нәтижелері мен талдаулар. 
Талқылау
Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған 
оқулық жазу ісі ұлттық руханиятты насихаттап, 
дамытудың басты құралы болуы керек еді. Де-
генмен, әртүрлі жағдаяттарға байланысты бұл 
саладағы жұмыстар әлі де болса таза ұлттық сипат 
ала алмай келеді. Алайда, жиырма-отыз жылда 
қордаланған проблемалар осы уақыт аралығында 
там-тұмдап қалыптасқан тәжірибенің арқасында 
шешімін тауып жатқаны шындық. Соның бірі – 
мектеп оқулықтарына қойылатын талаптардың 
жан-жақты қарастырылып, оның негізгі, басты 
критерийлерінің анықталуы [10] (Рубди, 2003: 
33-56). Осы бағыттағы зерттеулер мен жасалған 
тұжырымдарды жинақтай келіп, қазіргі 
уақыттағы оқулық жазуға қойылатын талаптар 
мен пікірлерді төмендегідей саралауға болады:
- Оқулық – білім бағдарламасының негізін-
де даярланатын құрал. Сондықтан оқулықтың 
сапасына ең алдымен білім бағдарламасының 
мазмұны ықпал етеді.
- Оқулық жазудың теориясы мен техноло-
гиясымен толық қаруланған мамандардың бо-
луы. Ол үшін оқулық жазумен айналысатын 
ғалымдар, әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін 
түгел арнайы дайындықтан өткізіп, тек сертифи-
кат алған мамандарға ғана оқулық жазуға рұқсат 
беру керек. Бұл шара осы күнде толығымен 
жүзеге асты [11] (Бұйрық, 2020). 
- Оқулық мазмұны – ұлттық қауіпсіздікпен 
тікелей қатысы бар үдеріс. Сондықтан бұл 
шараға қауіпсіздік саласының бақылауы да 
қажет деп санаймыз. Өйткені, баламалы сұраныс 
бойынша оқулық әзірлейтін баспалардың өнімін 
қадағалау жан-жақты болуы керек.
- Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқулық-
тары «базалық оқулық» принципі бойынша 
жазылуда. Бұл жерде оқулықты пайдалануда 
баламалық тәсіл жүзеге аспайды. Мұның өзі 
оқулық жазу ісін монополияландыруға әкеледі. 
Қоғамдық мәні бар құбылыстардың ішінде осы 
оқулық даярлау ісін бір қолға беріп қою – білім 
сапасының әлсіреуіне апаратын тіке жол.
- Тәуелсіз сарапшылардың болуы.
- Сараптаудың ашық болуы. Сарапшылардың 
кім екендігін баспалар да қоғам да білуі керек 
[13] (Корбин, 2008: 340). 
Бірнеше жылғы үздіксіз жүргізілген бақы-
лау, сараптау жұмыстардың нәтижесінде қалып-
та сқан мұндай талаптар оқулық сапасының 
артуына зор әсерін тигізері сөзсіз. 2019 жылы 
Педагогикалық ғылымдар академиясы мен 
«Оқулық» РҒПО бірлесіп дайындаған оқулық 
жазуға қойылатын критерийлер жаңа буын 
оқу лықтарын жазудағы басты талаптарды ай-
қын дап берді. Бұл критерийлер жекелеген пән-
дік оқулықтың ерекшеліктерін емес, жалпы 
оқулықтарға қойылатын талаптарды қамтиды. 
Аталған критерийлерді оқулық сараптамасын 
жасайтын мамандар ғана емес, оқулық автор-
лары, баспалар, мектеп мұғалімдері де басшы-
лыққа алуда [14] (Құсайынов, 2019: 9-16). Осы 
ба ғыттағы жұмыстарды кешенді жүргізудің 
тиімді әдістерін іздестіру мен жүйелі зерттеу-
лер жасауды жолға қою үшін Педагогикалық 
ғылым дар академиясында «Оқулықтану орта-
лығы» құрылып (2019 жыл), іргелі зерттеулер 
жүр гізілуде. Ал «Мектеп оқулықтарын апроба-
циядан өткізу критерийлері жүйесін әзірлеу мен 
енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақы-
рыбындағы ғылыми жобаның мақсаты – ең алды-
мен мектеп оқулықтарының сапасын анықтауда 
қажетті ғылыми-теориялық, әдістемелік талап-
тарды айқындау. Бұл мақсат мектеп оқулық тары 
мен оқу-әдістемелік кешендерді апробация лау-
дың мониторингтік жүйесін жасау мен өткізу 
мін детін айқындады [15] (Кусаинов, 2019:
34-53). 
Бұл жұмыс басталмас бұрын шетел мем ле-
кеттерінде апробация процесінің барысы зерт-
телген болатын: мемлекеттік деңгейде өтіл-
генімен, нақты критерийлер жүйесінің жоқтығы 
әлі де осы сұрақ төңірегінде шешімін күткен 
мәселелер жеткілікті екені байқалып отыр.
Оқулық сапасын анықтау арнайы сарапшы 
мамандар мен қоғамдық пікір өкілдерінің ғана 
емес, сондай-ақ мектеп мұғалімдері, оқушылар 
мен ата-аналар тарапынан да қарастырылуы тиіс 
деп санаймыз. Оқулықпен тікелей жұмыс жасай-
тын контингент ретінде олардың пікірі мен талап-
тары аса маңызды. Сол себепті де арнайы таңдап 
алынған тірек мектептердің 8-сынып оқушылары 
мен пән мұғалімдері және ата-аналар арасында 
сауалнама (гуманитарлық, математикалық және 
жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша) 
жүргізілуде. Биылғы оқу жылы сауалнамаға 
99 оқушы, 9 мұғалім және 19 ата-ана қатысып, 


88
Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері
пікірлерін танытуда (Алматы қаласының №159, 
№15 гимназиялары, Қарағанды қаласы №3 
гимназия өкілдері). Сауалнамадағы сұрақтар 
ғалымдар мен әдіскерлер тобының арнайы 
зерттеу нәтижесінде сұрыпталды. Сауалнамада 
оқулықтың құрылымы мен мазмұны, рәсімделуі 
мен арнайы талаптарға сәйкестілігі де жан-
жақты қамтылуы көзделді. Мектеп оқулығының 
жалпы сапасын айқындау үшін әр сабақтың 
тиімділігі талданады. Мысалы, әр сабақтың са-
пасын анықтау үшін оқушылардан мынадай са-
уалнама алынды:
1. Саған оқулықта берілген материал ұнады 
ма? Ол пәнге деген қызығушылығыңа ықпал ете 
ме. Сенің осы пән бойынша қосымша білім алуға 
деген ниетің бар ма? Өз пікіріңді жаз.
2. Пән бойынша алған білімді бекіту тап-
сырмалары саған қалай көмектесті? Өз ойыңды 
түсіндір.
3. Орындау кезінде қиындық тудырған 
тапсырмалар кездесті ме? Бұл тапсырмада не 
түсініксіз болды?
4. Саған оқулық мәтініндегі барлық нәрсе 
түсінікті болды ма? Нақты нені түсінбедің?
5. Сабақ тақырыбын ашуда схемалар, кесте-
лер, диаграммалар және т. б. қалай көмектеседі?
6. Алған білімің күнделікті өмірде саған 
қаншалықты көмектеседі? Өз пікіріңді жаз.
7. Оқулықтың бұдан да жақсы және қызықты 
болуы үшін қандай ұсыныс айтасың?
Респонденттердің сауалнамаға берген жауап-
тарының нәтижесінің көрсеткіші келесі дей бол-
ды: оқулық сапасына жоғары баға берген оқушы 
саны – 51 % (өте жақсы); жақсы деген баға берген 
оқушы саны – 38 %; қанағат та нарлық баға берген 
оқушы саны – 11 %. Сауалнама нәтижесін оқулық 
мазмұны мен құрылымына саралап айтқанда, 
оқушылар мәтіндердің күрделілігіне, қызықты 
тапсырмалардың аздығына, ережелердің нақты 
еместігіне, суретті есептердің аздығына, оқулық 
көлемінің үлкендігіне көп көңіл бөлген. Әр 
тақы рыптың берілуі және оны оқытудағы 
мүмкін діктер мен талаптарды анықтауда 
оқушы лар дың дербес пікірі маңызды. Сауална-
мадан байқа ға нымыздай, оқушыларды бірінші 
кезекте пәнге деген қызығушылығын оятатын, 
дүниета нымын кеңейтетін, сыни тұрғыдан ойлау 
қабілетін шыңдайтын, шығармашылық қабілетін 
ұштайтын, өз бетімен орындауға бағытталған 
әр деңгейлі тапсырмалар қызықтыратыны 
анықталды. Өйткені респонденттердің тапсыр-
ма күрделілігіне қатысты пікірлері әртүрлі. 
Бірнешеуі күрделі тапсырма қажет десе, енді 
кейбірі тапсырмаларды жеңілдету керек деген 
ұсыныс білдірді. Сонымен қатар оқушыларды 
құр сөзбен берілген ақпараттан гөрі, оқулықтағы 
диаграмма, сызба, кесте, т.б. сияқты формалар-
да берілетін ақпараттар мен тапсырмалардың 
қызықтыратыны байқалды. Бұдан шығатын 
қорытынды, білім нәтижесін оқушының 
оқулықта берілген материалды түсініп қана 
қоймай, күнделікті өмірде қолдануы және нақты 
ой қорытындысы арқылы анықтау ең оңтайлы 
тәсіл екендігі рас.
1-сурет – Оқушылар сауалнамасының нәтижесі


89
Ф.Т. Саметова және т.б. 
Оқушыларға білім беруде тікелей оқулықта 
берілген материалға сүйенетін мұғалімдердің де 
сауалнама сұрақтарына жауабы дидактикалық 
мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сондықтан да 
пән мұғаліміне қойылатын сұрақтар да ауқымды 
болды.
1. Сабақтың мазмұны тақырыпқа сай келе ме? 
Сіз қандай да бір сәйкессіздікті байқадыңыз ба? 
2. Оқу материалы бір сабаққа жеткілікті ме? 
(Егер шамадан тыс көп болса немесе жеткіліксіз 
болса, көрсету керек)
Тапсырмалар түсінікті және сауатты 
құрастырылған ба? Бағалаңыз.
3. Оқушылар үшін күрделі тапсырмалар бар 
ма? Оның күрделілігі неде?
4. Оңай тапсырмалар бар ма? Көрсетіңіз.
5. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері 
мен сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсыр-
малар бар ма? Оларды әзірлеу барысында оқу-
шылардың жас ерекшеліктері ескерілеген бе?
6. Суреттер (иллюстрациялар) бар ма және 
олар моральдық және эстетикалық нормаларға 
сәйкес пе? 
7. Сабақ материалы оқушылардың бойына 
рухани-адамгершілік құндылықтар мен тәрбие 
постулаттарын сіңіруге бағытталған ба? Олар 
сабақ тақырыбымен қалай байланыстырылған? 
8. Сабақ мазмұнында қазақстандық контент 
көрініс тапқан ба? Ол тәрбиелік мақсаттарға 
қалай қызмет етеді? 
9. Сабақ материалында тұтас емес мәтіндер 
(кестелер, сызбалар, графиктер, диаграмма-
лар, инфографикалар) бар ма? Сабақта аталған 
типтегі мәтіндер тым көп емес пе? Олар 
математикалық сауаттылықты қалыптастыруға 
ықпал ете ме (қандай деңгейде)?
10. Сабақта қанша жаңа термин кездеседі? 
Оларды оқушылар игере ме?
11. Мәтіндер мен тапсырмалар пән бойын-
ша жаңа білім алуға ынталандыра ма (пәнге 
қызығушылығын арттыра ма)? Қалай?
12. Сабақтың мәтіндері мен тапсырмала-
ры оқу сауаттылығын қалыптастырудың қай 
деңгейіне жатады? 
13. Сабақтың мәтіндері мен тапсырмалары 
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалып-
тастырудың қай деңгейіне жатады? 
14. Мәтіндер мен тапсырмалар нәтижеге, яғни 
тәжірибелік бағдарлы білім алуға бағыт талған ба? 
15. Грамматикалық, орфографиялық және 
стилистикалық қателер бар ма? Көрсетіңіз. 
16. Түзетуді, өңдеуді қажет ететін тапсыр-
малар бар ма? Көрсетіңіз және өз нұсқаңызды 
ұсыныңыз. 
17. Сіздің тағы нені көрсеткіңіз келеді? 
Бұл сұрақтар бір сабақты өту барысында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет