Курбанбаев А. И



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі95.37 Kb.
#450709
  1   2   3
sf 13 agro 141



С.С

ейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің  60  жылдығына  арналған 



«Сейфуллин  оқулары–  13:  дәстүрлерді  сақтай  отырып,  болашақты  құру»  атты 

Республикалық  ғылыми-теориялық  конференциясының  материалдары  =



 

М

атериалы  

Республиканской  научно-теоретической  конференции  «Сейфуллинские  чтения  –  13:  сохраняя 



традиции, создавая будущее», посвященная 60-летию Казахского агротехнического университета 

имени С.Сейфуллина. - 



2017. - Т.І, Ч.1. - Б.126-129 

  

ЕЛІМІЗДЕГІ АЗЫҚТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ МАЛ АЗЫҒЫ 

БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ 

 

Курбанбаев А.И. 

 

Солтүстік  Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағы  жағдайында  сүтті-етті 

бағыттағы  ІҚМ  қорада  ұстау  кезеңінде,  оларға  азықтық  құндылығы  жоғары 

мал  азығын  дайындау.  Сүтті  және  етті  мал  шаруашылығында  оның  ішінде 

қысқы қорада ұстау кезеңінде  әр түрлі мал азығының құрамындағы азықтық 

құндылылыққа  қарай  отырып,  пішен,  шөп  ұны,  түйіршікті  жемді  жетілдіру 

мақсатында  солтістік  Қазақстанның  құрғақ  дала  аймағының  климаттық 

жағдайларына  бейімделген  дәнді  жемазықтық  дақылдары  өсіріліп,  

зерттеледі. 

Елбасымыз  биылғы  Жолдауында  аграрлық  секторда  айтқаны:  өнімнің 

өңдеу  сапасын  жақсартып,  тауарларды  сақтаудың,  тасымалдаудың  және 

өткізудің  тиімді  жүйесін  құру  қажеттігі  [1].  Осыған  байланысты  2017-2021 

жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығын 

дамыту  мемлекеттік  бағдарламасындағы  өсімдік  шаруашылығының  басты 

мәселелердің  бірі  ауылшаруашылық  мақсатындағы  жерлерді  тиімсіз 

пайдалануы [9]. 

Елімізде  саны  қарқынды  өсіп    келе  жатқан  ауылшаруашылық 

малдарына  қажетті  тұрақты  жемшөп  қорын  жасауда  шалғындар  мен 

жайылымдарды  тиімді  пайдаланумен  қатар  мал  азықтық  дақылдар  егісін 

ұлғайту  және  жемшөп  сапасын  арттырудың  маңызы  зор.(2)  Азықтық 

құндылығы  жоғары  мал  азығы  базасын  жасау  еліміздегі  мал  азығын  өндіру 

саласының  өзекті  мәселесі.  Солтүстік  Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағы 

жағдайында  сүтті-етті  бағыттағы  ІҚМ  қорада  ұстау  кезеңінде,  оларға 

азықтық  құндылығы  жоғары  мал  азығын  дайындау  өзекті  мәселе  болып 

табылады. 

Мал  шаруашылығын  дамытудың  маңызды  тетіктерінің  бірі  –  жемшөп 

мәселесін  жолға  қою.Бүгінде  жемшөп  өндірісінің  даму  қарқыны  мал 

шаруашылығының сұранысын қанағаттандыра алмайды және болашақта мал 

өнімдерін  қарқынды  өндіруді  тежеуі  мүмкін.  Жоғары  сапалы  жем  өндіруге 

қажетті жер мен биотабиғаттық мүмкіндік бізде мол. Бүкіл әлемде азық-түлік 

ретінде  мал  өнімдерін  пайдалану  көрсеткіші  қоғамның  даму  жағдайының 

деңгейін  көрсетеді.  Мал  өнімін  өндіру  көлемі  мен  оның  сапасы  жемшөп 

шаруашылығының даму дәрежесіне тығыз байланысты. [3].  

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік 

бағдарламасындағы  өсімдік  шаруашылығының  тағы  бір  басты  мәселелердің 

бірі  қолданылатын  технологиялардың,  стандарттар,  сертификаттау  жүйесі 




және  сапаны  басқарудың  талаптарға  сәйкес  келмеу  [9].  Сапалы  мал  өнімін 

өндіру  және  осы  саланы  дамыту  өңірде  өндірілетін  барлық  мал  азықтық 

дақылдардың құндылылық құрамына таңдап алған жөн.  Сүтті және етті мал 

шаруашылығында  оның  ішінде  қысқы  қорада  ұстау  кезеңінде  балаусадан 

жасалынған  жемшөптің  маңызы  зор.  Өйткені  бүгінгі  таңда  мал  азықтық 

құндылығы  жоғары    жем  өндіру  толық  шешімін  таппай  отыр.    Жемшөп 

өндірісін  дамыту  үшін  мал  азықтық  дақылдарына  құрамындағы 

құнарлылығына,  ондағы  ақуыздың  және  қорытылатын  протеин    жемнің 

маңызды көзі болып табылады. Жемшөп  өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін 

арттыру  үшін    біржылдық  шөптерден  құнарлылығына  қарап  мал  азықтық 

шөптерді  іріктеп  алуымыз  қажет.  Атап  өтер  болсақ  асбұршақ,  пайза, 

құмай,жүгері,арпа,  африкалық  тары,  судан  шөбі  сол  сияқтыларды  іріктеп 

алғанымыз жөн. Мысалы  асбұршақ еліміздегі негізгі дәнді-бұршақ дақылы. 

Оның  азық-түліктік,  мал  азығындық  және  агротехникалық  маңызы  өте  зор. 

Бұршақтағы  -  ақуыз  мөлшері  жоғары, бағалы  дән  бұршақты  дақыл.  Бұршақ 

дәнінде  орта  есеппен  28%  ақуыз,  50%-тен  астам  крахмал,  көптеген 

дәрумендер  (А,  В1,  В2,  С)  болады.    Бұршақтың  мал  азығында  зор  маңызы 

бар.  Бұршақ  тұқымының  1  килограмында  орта  есеппен  195-240-қа,  дейін 

сіңімді  протеин  және  1-17  азық  өлшемі,  1  кг  бұршақ  сабанында  25  г  белок 

және 0,13 азық өлшемі, ал 1 кг көк балаусасында 0,23 азық өлшемі және 31 г 

белок болады.(4) Ал,сүт түзуіне өсімдік ақуызының маңызы зор. Сүтті сиыр 

әрбір 40 кг мал азығынан 2-2,4 кг ақуыз бөлсе, ал етті малдар бордақылаған 

мезгілде тек қана 400 г. ақуыз бөледі.Мал азықтық дақылдардың бірі- Пайза. 

Пайза Үндістан, Қытай, Корея және Жапония  астық және малазықтық 

мақсатында өсірілетін дақыл. Пайза жасыл балаусасы - пішен, сүрлем, шөп, 

дәрумендер және шөп ұн қабылдау үшін жақсы шикізат. Бұрынғы КСРО-да  

ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болды.  [4]  Ресейде  пайза  дақылы    25  мыңнан  

гектардан  кем  себілмейді.  Жыл    сайын  пайза  алқаптары  Украинада  да 

ұлғайып келеді. 2004 жылы 12 гектар эксперименттік негізде себілген болса, 

ал  2007жылы  250  га  орын  алды.Бір  жылдық  мал  азықтық  дақыл  ретінде 

өсіріледі.  АҚШ  –та  мал  азығы  ретінде  өсіріліп  одан  жылына  8  рет  өнім 

алады. Көк балаусасынан 400-600ц/га ал, пішенінен 150 ц/га немесе  30 ц/га  

дән алынады. (5) Пайза өсімдігінің 100 кг көк балаусасында 12,5 а.ө. және 1,6 

кг, ал пішенінде 60,5 және 6,9қорытылғыш протеин болады (6). Арпа - үздік 

жарма  жем,  сіңімділігін  және  жалпы  тағамдық  құндылығы  сұлы  қарағанда 

жоғары.  Арпа  сиыр  сүті  салыстырмалы  түрде  тамақтандыруда  жоғары 

сапалы  дақыл.  Арпа  дақылында  100  кг-да  57  азықтық  өлшем  және  6  кг 

қортылғыш  протеин  бар.  Арпаны  пішенге  масақтану  сатысында  орғанда 

оның  құрамында  19%  протеин  16%  ақуыз,  3%  май,  21%  жасұнық,  9%  күл 

және  47%  азотсыз  сығымды  заттар  болады.  Судан  шөбінің  көк  шөбінде  

12,3%  протеин  2,4%  май.  Пішендегі  осы  көрсеткіштер  12,5%-2,8%-ға  тең. 

100кг көк балаусасында 17 , пішенінде 52 сүрлемінде 228 мал азықтық өлшем 

бар.  Африкалық  тары  тропикалық  аймақтарда  өсетін,  құрғақшылыққа  және 

ыстыққа төзімді өсімдік. Мал азығы үшін өсірілген африкалық тарының көк 

майса  шөбін  жаз  бойы  2-3  рет  орып,  малды  азықтандыруға,  дәндерінің  сүт 

болып  пісу  мезгілінде  сүрлем  дайындауға,  қысқы  шөп  ретінде  және  дәнге 




пайдалануға болады. Соның ішінде ірі тауарлы сүт кешендеріндегі сауын ірі 

қара  малдары  үшін  жасыл  азықтың  маңызы  ерекше  [7].  Жүгері  мал  азығы 

және басқа  өнім  түрлері  үшін  егіледі.  Оның құрамында    ақуыз,  минералдар 

мен  дәрумендерге  бай.    (бұршақ  пішен,  концентраттары  және  т.б.).  Жүгері 

дақылы  малдыңтез  семіруіне  ықпал  ететіндіктен  өйткені  құрамында  май 

жоғары.  Сондықтан,  уатылған  жүгері  қорада  ұстайтын  мал  үшін  күніне  3-5 

рет  қажеттілігін  аспауға  тиіс.  Құмайдың  дақылының  құрамы  мен  қоректік 

құны  жүгеріге  жақын,  бірақ  құмай  ақуызға  бай  және    майы  аз  болып 

табылады.  [8]  Осындай  дақылдардың  химиялық  құрамындағыақуыздың, 

майына  азотсыз  сығымды  заттарға, және  сол  азықтық  өлшемдерге  мән бере 

отырып, ірі қара малдардан сүтті-етті өнім алу мақсатында егіп одан аралас 

әр  түрлі    жемшөп  дайындау.    Мысалы  пішен,  шөп  ұнын  және  сол  шөп 

ұнының құрамындағы ылғалдылықты анықтай отырып, одан түйіршік жасау 

болып  табылады.  Өсірілген  аралас  дәнді  жемазықтық    дақылдарынан  екі 

мерзімде  шабу  жүргізілетін  болады.  Әр  шабылған  шөбіне,  шөп  ұнына 

ылғалдылығы мен химиялық талдаулар жасалынады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет