Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

 
2.2 
Техникалық шығармашылық арқылы болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру технологиясы
Негізгі шығармашылық тапсырмаларды орындау бойынша студенттерді 
ұйымдастыру кезінде П.Я. Гальперин және Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой іс-
әрекетін кезеңмен қалыптастыру бағдары теориясының үшінші тип туралы 
ілімі пайдаланылған. Осы ілімге сүйене отырып психологтар әрекеттің келесі 
компоненттерін ажыратты: 1) әрекеттің мотивациялық негізін қалыптастыру; 2) 
әрекеттің бағдарлы негізі; 3) орындау бӛлігі; 4) әрекеттің бақылау бӛлігі.
Осы компоненттерге сәйкес тапсырманы орындау кезінде студенттерді 
ұйымдастыру үшін келесі жалпыланған жоспар анықталған: 
1) беріген типтегі тапсырманың орындау мәнің студенттін түсініп сезінуі; 
2) тапсырманы орындау бойынша әрекет мақсаттарын анықтау; 
3) әрекеттің ғылыми негіздерін түсіну; 
4) әрекеттің үлгісін (алгоритмін) ұжымдық немесе жеке ізденіс жолымен 
анықтау;
5) кӛп емес жаттығулар ұйымдастыру, ондағы әрекеттер оқытушы 
тарапынан бақылауға жатады; 
6) әрекеттердін орындалуын бақылау әдістеріне үйрету; 
7) берілген 
тапсырма түрін студенттер ӛз бетінше орындалуын 
ұйымдастыру; 
8) берілген тапсырма түрін одан да күрделі іс-әрекет түрлерінде қолдануды 
орындап үйрену. 
Кесте 9-да тақ санмен келтірілген негізгі оқу-зерттеу тапсырмаларының 
түрлі типтеріне келетін болсақ, олардың бәрі қандай да болса нысанның талдау 
әрекетін студенттерге орындауға ұсынады, тек түрлі тапсырмаларда 
нысандарда әртүрлі болады. Сондықтан, осы тапсырмалар үшін үшінші типтегі 
бағдар туралы ілімді іске асыру кезінде, жоғарыда аталған жалпылама жоспар 
қолданылуы мүмкін. 
Жоспардың бірінші бӛлігін іске асыру кезінде студенттер түрлі 
нысаналарды талдаумен байланысты тапсырмалардың мәнін түсініп сезінуі 
қажет. Оқу жағдайын, сабақ үзіндісін немесе тұтас сабақты, оқыту әдістемесін, 
эксперименталды оқу қондырғысын және т.б. талдаусыз, оқу үдерістің жай-
күйін артық немесе кемшілігі тұрғысынан зерттеу мүмкін емес, жалпы оқыту 
тиімділіғі туралы айтуға болмайды. Талдау әдістемесін меңгеру жалпы 
педагогикалық және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін де қажет. 
Келесі жоспардың екінші бӛлігін іске асыруда, ұсынылған тапсырманың 
мақсатын 
студенттерге 
жеткізу 
кажет. 
Жалпы 
жоспарда 
аталған 
тапсырмалардың мақсаты, зерттеу нысанның артықшылықтары мен 
кемшіліктерін анықтау немесе қарастырылатын нысандарда ортақ және ерекше 
жақтарын анықтау. Әр пайдаланатын тапсырмада бұл мақсат зерттеу нысанның 


94 
ерекшелігіне қарай нақтылануы керек. Мысалы, қандайда болса физикалық 
құбылысты зерттеу кезінде оқу жағдайын талдауға арналған тапсырмаларын 
мақсаты - физикалық құбылысты зерттеу кезінде оқушылардың бойында 
қандай білімдер (заңдылықтар, түсініктер және т.б.), икемділіктер бар және 
қандай деңгейде қалыптасқаның анықтау. 
Жасап кӛрсетуге ұсынылған тәжірибенің әдістемесі және техникасын 
талдауға арналған тапсырманың мақсаты - берілген тәжірибені кӛрсетіп жатқан 
студенттің әрекетіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау. 
Жоспардың үшінші бӛлігін іске асыру, алдағы тапсырма бойынша 
студенттерге әрекеттің ғылыми негіздерін түсіндіруді талап етеді. Ол үшін 
талдау әдісінің мәнін, насанды талдау дегеніміз не екендігін түсіндіру қажет. 
Мысалы, тәжірибені жасап кӛрсету әдістемесі мен техникасын талдау- ол 
дегеніміз барлық орындалған әрекеттерді бӛлек элементтерге (операцияларға) 
бӛлу және олардың әр қайсысын түрлі критерилер бойынша бағалап, қандай да 
болса теориялық үлгімен (талаптар, принциптер, нұсқаулықтар, білім 
алушылардың жас мүмкіндіктері және т.б) оларды салыстыру. 
Жоспардың тӛртінші бӛлігін іске асыру, әр тапсырма түрі үшін студенттер 
үшін әрекет үлгісін анықтауды талап етеді. Ақыл-ой және зерттеу іс-әрекетерін 
іске асыру нақты жалпылама ұсыныстар түрінде ұсыну мүмкін еместігін 
ескерте кету керек. Әр нақты жағдайда ол ӛзгеше ӛтеді. Мұндай әрекеттің 
нәтижелері кӛп нұсқалы болады, әсіресе жиі педагогика және әдістемелік 
ғылымдарда. Сондықтан оқу-зерттеу тапсырмалар үшін толық және тізбекті 
алгоритм ұсыну мүмкін емес. 
Тапсырманы орындау кезінде студенттердің іс-әрекетін басқару үшін 
жалғыз мүмкіндік біртін деп ӛсетін мәселелік деңгейі бар мәселелік жағдайлар 
болып табылады. Әр негізгі оқу-зерттеу тапсырма алдында дайындық 
тапсырмаларын қолдану арқылы мәселелік деңгейді біртіндеп кӛтереді. 
Негізгі оқу-зерттеу тапсырмаларды астам қарапайым тапсырмаларға 
бӛлуге болады, олардың әр қайсы аяқталған сипатқа ие және бӛлек ӛз бетінше 
қарастырыла алады.
Қосымша тапсырма - негізгі тапсырманың құрамына кірмейтін шағын 
тапсырма, бірақ ол негізгі тапсырманы орындауға студенттерді даярлаудың 
белгілі кезеңі болады. 
Қиындылық деңгейі бойынша қосымша және қарапайым тапсырмаларды
орташа даярлық деңгейдегі студенттер ӛз бетінше несеме шамалы кӛмек 
арқылы орындайтындай етіп іріктеледі. 
Оқытушының бақылауымен біраз жаттығуларды орындағаннан кейін 
студенттерді әрекеттерді орындауын бақылау әдістеріне үйретеміз, сосын 
тапсырмаларды орындау бойынша студенттердің ӛз бетінше жұмысы жүреді, 
аяғында оқытушыға орындалуы туралы есеп береді. 
Және 
ақырында, 
дайындық 
тапсырмаларды 
орындау 
бойынша 
қалыптасқан ептіліктерді неғұрлым күрделі негізгі оқу-зерттеу, аралас және 
жалпылама тапсырмаларда қолданамыз. 


95 
Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін 
студенттер алдын ала бегілі дайындықтан ӛтуі қажет, ол шығармашылық іс-
әрекеттен тәжірибені табысты қалыптастырудың маңызды шарты болып 
табылады.
Студенттер кӛлемі бойынша кӛп емес белгілі тапсырмаларды, бірақ 
шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды орындауды алдын ала 
дайындық кезеңі қарастырады. Сонымен қатар бұл кезеңде студенттер белгілі 
білімдерді меңгеруін қарастырады, онсыз ұсынылған тапсырмалардың мазмұны 
мен талаптары студенттерге түсініксіз болуы мүмкін. 
Мысалы, бірінші типтегі (оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау 
үшін оқушылар үшін физикалық құблысты түсіндіру әдістемесінің ұсынылған 
нұсқасын зерттеу) (кесте 10) қарапайым немесе қосымша тасырмаларды 
орындау алдында студенттерге келесі түсініктердің мағынасын ашамыз: оқу 
жағдайы, оқу жағдайын талдау. Кез келген оқу жағдайы (кең мағнада 
педагогикалық жағдай) педагогикалық қарым-қатынас арқылы танылады 
(біздің жағдайда оқу іс-әрекет үдерісінде мұғалім және оқушы арасындағы оқу 
қарым-қатынасы), оның ішінде мұғалім және білім алушылардың талаптары 
арасындағы қатынас. Қарастырылып жатқан физикалық құбылысты зерттеу 
кезінде білім алушылардың білімдеріне мұғалімнің талабын және олардың 
білім деңгейін, физика бойынша оқу бағдарламасын және сәйкес физика 
оқулығын талдау арқылы анықтауға болады. Физикалық құбылысты зерттеу 
кезінде зерттелініп жатқан тақырып бойынша қандай заңдылықтарды, 
физикалық түсініктерді, білетінін және қаншалықты деңгейде екенін талдау 
негізінде анықтауға болады.
Студенттерде кӛрнекілік ретінде, педагогикалық сурет туралы, 
педагогикалық суретке қойылатын негізгі талаптар туралы (ғылымилық, 
схемалық, мәнерлік, біртектілік, ауқымдылылық және т.б.) түсінік болуы керек. 
Бұл мәліметтер студенттерге лекцияларда беріледі. 
Еске түсіру үшін студенттерге «физикалық құблысты түсіндіру» 
түсінігінің мазмұнын ашу керек, яғни берілген физикалық құблыстың себебін 
анықтап, ӛту механизмін дәлелдеп ашуы керек. Берілген түсініктеме 
оқушыларда бар білімге негізделіп, қол жетімді және жүйелі түрде болуы тиіс. 
Алдымен, ұжымдық талдау процессінде, осы суретте негізгі әдістемелік 
қаншалықты сәтті немесе сәтсіз іске асырылғаны, қаншалықты сәтті немесе 
сәтсіз ӛзінің тікелей қаржеттігіне сәйкес келетіндігін студенттер анықтайды. 
Практикаға сүйенетін болсақ, алдымен бір бірінен қандайда бір ұсақ туйек 
айырмашылығы бар, бір суреттің екі нұсқасын салыстырмалы талдауына 
арналған тапсырмалар ұсынған дұрыс. Кейіннен әр студент осыған ұқсас 
тапсырмаларды жеке орындайды.
Студенттерге екі суреттің нұсқасын салыстыстырып талдау, бір суретке 
талдау жасаудан жеңіл болады, ӛйткені біріншіде екі кӛрініп тұрған нысанды 
салыстырып, қайсысы жақсы екенін анықтайды және теорияға сүйеніп ӛзінің 
қортындысын негіздеуге тырысады. 


96 
Таңданған сурет нұсқасы керемет болмауы да мүмкін, яғни қойылған 
талаптарға толығымен сәйкес келмейтінін, сондықтан келесі кезеңде таңдалған 
суреттің талдауына кӛшеді, ақырында бір ұсынылған суретін талдау жасау 
бойынша тпсырманы орындауға кіріседі. Бұл жағдайда, студенттің ӛзінің білім 
деңгейіне және шығармашылық қиялына сәйкес келетін, ӛзі ойша құрған сурет 
үлгісін ұсынылған суретпен саластыруға тура келеді. 
Суретке педагогикалық талдау жасауға арналған тапсырманы алдымен 
ұжымен (кіші топ құрамымен), сосын жеке орындайды. 
Ары қарай студенттерге физикалық құбылысты түсіндіру әдістемесінің екі 
нұсқасын саластырмалы талдау жасауға арналған тапсырма ұсынылады, онда 
олар ұсынылған екі нұсқаның ішінен ең жақсысын таңдау мәселесін шешеді. 
Сосын олар ұсынылған оқыту әдістемесінің бір нұсқасын талдауға арналған 
тапсырманы алады. Бұл тапсырмалардың мұндай реті, бір шынайы нысанды 
ойдан шығарылған, студенттердің біліміне негізделіп құрылған, мінсіз 
нысанмен салыстыруға қарағанда, таңдау мақсатында екі дайын нысанаға 
салыстырмалы талдау жасау және оны негіздеу – студенттер үшін карапайым 
және қол жетімді тапсырма болады. Екі тапсырма да алдымен ұжыммен кіші 
топ құрамында жеке орындалады. Тек жоғарыда аталған таспырмалардағы 
жаттығулардан кейін олар бірінші типтегі негізгі тапсырма (білім алушылар 
үшін нақты физикалық құблысты түсіндіру әдістемесін талдау) алады.
Тапсырманы орындау кезінде студенттер қиналған жағдайда, әсіресе 
оқытудың бастапқы кезеңінде, олардың іс-әрекітіне ақпараттық, мәселелік 
сұрақтар және нұсқаулар арқылы жетекшілік жасалынады.
Соңғы кезеңде, берілген тапсырманы орындауда шығармашылық іс-әрекет 
бойынша жеткілікті дәрежеде тәжірибе алған кезде, олар талданатын нұсқаның 
бӛлек элементтерін жетілдіру жолдарын жиі ұсына бастайды. Жиі жағдайда ол 
талданатын нысана - суреттің қӛрінетін бӛліктеріне қатысты. Бұл екінші типтегі 
негізгі тапсырманы сәтті орындауға жақсы негіз болып табылады. 
Сонымен, бірінші типтегі (кесте 10) негізгі оқу-зерттеу тапсырмаларын 
орындауға даярлық тӛменде кӛрсетілген, ретпен орналасқан тапсырмалар 
негізінде жүзеге асырылады. 
1.1) мектепте физикалық құбылысты қарастыру кезінде оқу жағдайын 
талдау;
1.2) Бір физикалық құблысты білім алушыларға түсіндіру кезінде қолдану 
үшін ұсынылған суреттің екі нұсқасын салыстырмалы талдау; 
1.3) қандай да болса физикалық құбылысты білім алушыларға түсіндіру 
кезінде қолдану үшін ұсынылған суретті талдау; 
1.4) физикалық құбылысты түсіндіру әдістемесінің екі нұсқасын 
салыстырмалы талдау; 
1.5) физикалық құблысты түсіндіру әдістемесінің ұсынылған нұсқасын 
талдау. 
Үшінші типтегі оқу-зерттеу тапсырмаларын (ұсынылған тәжрибиенің 
принципиалды схемасынын сипатын, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қолдану 
мүмкіндіктерін зерттеу) студенттер орындау алдында дайындықтың белгілі 


97 
кезеңі болады. Кӛрсетіп жасау тәжірибесінің ӛткізу әдістемесін іске асыру 
кезінде, студенттер схемалық суретті екі жағдайда кӛрнекілік құралы ретінде 
қолданудың қажеттілігін түсінуі, бұл кезеңде дайындық жұмыстың негізгі 
ерекшелігі болып табыды: 
1) тәжірибені жасап кӛрсету алдыңда, оның принципиалды жағын немесе 
идеясын ашу үшін; 
2) тәжірибені жасап кӛрсеткеннен кейін, физикалық құблыстын ӛту 
механизмін түсіндіру үшін. 
Схематикалық суреттердің тікелей мақсаты әр түрлі болғандықтан, 
суреттердің бір-бірінен айырмашылығы болуы керек. Қай жағдайға қандай 
сурет керек екенін студенттің білуі, үшінші типтегі негізгі оқу-зерттеу 
тапсырмаларын орындауға кірісудің басты шарты. Физика бойынша тәжірибені 
кӛрсетудің алдында эксперименталды қондырғының принципиалды схемасын 
тақтаға салып, түсіндіру қажет. 
Тәжірибенің принципиалды жағын (оның идеясын), әр нақты жағдайда 
кӛрсететін суретті студенттер ӛз бетінше жасауды үйрету үшін, негіз ретінде 
индуктивті тәсілді алу шешілді, яғни схемалық (абстрактылы) туралы тусінікті 
қалыптастыру, кӛптеген жеке жағдайларды талдау және салыстыру, кӛптеген 
нақты мысалдарды талдау арқылы схемалық (абстрактылы) жасау тәсілі. 
Дайындық кезеңде қандай да бір нақты кӛрсетіп жасалатын тәжірибеге 
ұсынылған суреттер мақсатты түрде жататынын анықтауға арналған тапсырма 
студенттерге ұсынылады: олардың қайсысын тәжірибенің принципиалды 
жағын түсіндіру үшін қолдану керек, ал қайсысын-физикалық құбылыстың ӛту 
механизмін түсіндіру үшін. Бұл тапсырмалар, студенттерге бір түрдегі 
суреттерді басқа түрдегі суреттерден айырмашылығын салыстыру жолымен 
уйренуі үшін керек. 
Сосын тапсырма күрделенеді, яғни: суретке назар аудартылып, сол суретті 
білім алушыларға тәжірибені жасауға дейін немесе жасалып кӛрсетіліп 
болғаннан кеиін кӛрсеткен дұрыс екенін анықтап, негіздеу ұсынылады.
Студенттер суреттерді ӛзінің тікелей қажеттілігі бойынша ажыратуға 
үйренген соң, олардың зейіні тәжірибенің принципиалды жағын түсіндіру 
кезінде қолданатын суреттермен (схемалармен) жұмыс жасауға шоғырланады. 
Бір тәжірибенің принципиалды жағын түсіндіру кезінде қолданатын 
суреттердің (схемалардың) ұсынылған екі-үш нұсқасын салыстырмалы талдау 
жасауға арналған тапсырмалар ұсынылады, олардың ішінен ең жақсысын 
таңдап, ӛз таңдауын енгізу керек.
Сосын студенттер оқу үдерісінде қолдану үшін жарамдылығын немесе 
жарамсыздығын анықтау мақсатында, алдын ала кӛрсетілген тәжірибеге 
ұсынылған бір суретке (схемаға) әдістемелік талдау жасауға арналған 
тапсырманы орындайды. 
Ұсынылған тәжірибелердің әдебиеттерде келтірілген схемаларын 
(суреттерін) зерттеуден студенттер жинаған тәжірибе, оларды жарамдылыққа, 
жұмысқа қаблеттілігін және сенімділігін тексеру, қажеттілігін тексеру бойынша 


98 
қажет емес жұмыстардан босатады және оқу үдерісі үшін тәжірибені тиімді 
таңдауға мүмкіндік береді. 
Талдау жүргізу процесінде схемадағы кемшіліктерді анықтау бойынша 
тәжірибе жинақтаған студенттер оларды бірте бірте кӛріп және жоюға жолдар 
ұсына бастайды. Яғни субъектикті түрде болса да, қандай да бір 
демонстрациялық жаңа тәжірибенің принципиалды жағын кӛрсететін 
қарапайым схемаларды (суреттерді) жетілдіру және ӛз бетінше жасау бойынша 
негізгі тӛртінші тапсырмаларды орындауға ӛтеді (10 кестені қараңыз). Барлық 
тапсырмалар басында топтық болып (яғни кіші топ құрамында), сосын жеке 
орындалады. Сонымен, үшінші типтегі оқу-зерттеу тапсырмалары үшін 
келесілер болып табылады: 
3.1) ұсынылған суреттердің тікелей қажеттілігін анықтауға арналған 
тапсырмалар; 
3.2) тәжірибенің принципиалды жағын түсіндіру үшін ұсынылған 
суреттердің екі-үш нұсқасын салыстырмалы талдау; 
3.3) бір физикалық құбылысты кӛрсету үшін арналған тәжірибелердің 
сипаттамаларын (схемалар, суреттер) таңдау және оларды салыстырмалы 
талдау; 
3.4) тәжірибенің принципиалды жағын кӛрсететін суретті (схеманы) 
талдау. 
Бесінші типтегі негізгі оқу-зерттеу тапсырмалары ЭОҚ жұмыс 
қаблеттілігін анықтау мақсатында талдауды қарастырады.
Оларды сәтті орындауға студенттерді даярлау келесі қарапайым 
тапсырмалар негізінде іске асады: 
5.1) аспапта немесе ЭОҚ ақауын табу және жою; 
5.2) ЭОҚ бӛлек аспаптардың немесе аспаптардағы бӛлек элементтердің 
ӛзара алмасу мүмкіндіктерін зерттеу; 
5.3) әдебиеттерде кӛрсетілген схемалар сипатамасында ұсынылған ЭОҚ 
жұмыс істеуін және сенімділігін тексеру. 
Бірінші тапсырма жеке орындалады. Оқытушы мен студент арасындағы 
әңгімеде нақты ЭОҚ ең «әлсіз жерлері» анықталады, түрлі болжамдар 
жасалынады, келешекте олардың әр қайсысы тексеріледі. Тексеру әдістері 
оқытушы мақұлдаған кезден бастап іске асырылады. Тексеру барысында 
болжамдардың саны азайған сайын, студенттер ЭОҚ ақауды табады. Мұндай 
тапсырмаларды орындау үдерісінде студенттерде тәжірибе қалыптасады және 
ол келешекте ақауды тез интуитивті түрде табуға және мүмкіндік береді.
Екінші дайындық тапсырма студенттерден физика бойынша аспаптардың 
техникалық сипатамасын салыстырмалы талдаудан ӛткізу мен ӛз бетінше 
техникалық әдебиеттерді (аспаптың техникалық паспортын) талдау ептілігін 
талап етеді. Бастапқы кезең тапсырмаларын орындай алмай жатқан 
студенттерге жалпыланған әрекет жоспары ұсынылады: 
1. Қажетті аспап қандай талаптарға сай келу керек екенін анықтаныздар 
(қандай техникалық сипаттамалар қажет). 


99 
2. Ӛзінің функционалды мақсаты бойынша ақауы бар аспаптан басқа 
қандай аспаптар осы аспап тобына жататынын анықтаңыздар. 
3. Аспаптардың техникалық сипатамаларын қайдан табуға болатынын 
анықтаңыз. 
4. Қойылған талаптарға техникалық сипатамасы бойынша ең жақын 
аспапты таңдаңыз. 
Тапсырманы жоспар бойынша орындау іздеу процесін жеңілдетеді, бірақ 
оның ешқандай бӛлігінде алмастыру үшін қандай аспапты таңдау керек екендігі 
туралы ешқандай бағдар жоқ. Жоспар бойынша бӛлек операциялардың дұрыс 
орындалу әрекеттерін бақылау, оқытушы және студентердін ӛздері үшінде 
ыңғайлы.
ЭОҚ артықшылықтары мен кемшіліктерін оның принципиалды схемасын 
талдау негізінде анықтау әрқашан мүмкін бола бермейді. Жиі жағдайда ол 
туралы ЭОҚ жұмыс істеуін және сенімділігін міндетті түрде тексергеннен кейін 
айтуға болады. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер негізінде ұсынылған схема 
сипатамасы бойынша ЭОҚ жинаудан кейін, тек жеке зерттеу ғана, мұғалімге 
оны ӛзінің жұмыс практикасын қосу немесе қоспау туралы шешім қабылдауға 
мүмкіндік береді.
Бұл тапсырманы орындау студенттерден ӛз бетінше техникалық және 
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап схеманың сипатамасы бойынша ЭОҚ 
жинай алу ептілігін, оның артықшылықтарымен кемшіліктерін анықтауды және 
оларды жетілдіру бойынша ізденіс жасау ептілігін талап етеді. 
Берілген тапсырманы студенттер орындау кезіде, мұғалімнің қызметі 
ұсынылған тапсырмалардың ретін жақсылап ойластыру (қарапайымнан 
күрделіге қарай), ЭОҚ дұрыс жинағанын тексеру, оқу үдерісінде ЭОҚ 
жарамдылығына байланысты студенттін қортындысын бағалау. 
Жетінші типтегі негізгі оқу-зерттеу тапсырмаларын (физика бойынша 
ұсынылған нақты тәжірибені жасап кӛрсету әдістемесі мен техникасын оқу 
үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында зерттеу) орындауға 
дейін студенттер келесі түсініктердің мән-жайын жақсы білуі керек: жасап 
кӛрсететін эксперимент, жасап кӛрсету экспериментінің әдістемесі, жасап 
кӛрсетудің әдістемесі және техникасы, жасап кӛрсету эксперименттінің 
техникасы. Студенттер жасап кӛрсету экспериментіне қойылатын негізгі 
талаптарды (әдістемелік талаптар) жақсы білулері тиіс. Бұл мәліметтердің бәрін 
олар осы сұрақтарға арналған лекциялардан алады. 
Әдістемелік талаптарды іске асырудың негізгі тәсілдері туралы түсініктер 
студенттерге лекцияда беріледі, бірақ әр бір нақты жағдайда шығармашылық 
қиял негізінде және нақты жағдайды ескере отырып ӛз бетінше шешім 
қабылдау керек болады. 
Содан кейін студенттерге жасап кӛрсету экспериментінің әдістемелік 
талаптарының бірін іске асырудың түрлі тәсілдерін салыстырмалы талдауға 
және оны негіздеуге тапсырма ұсынылады. Мысалы, қыздыру кезінде газдың 
кеңейю құбылысын жасап кӛрсету кезінде стаканда ауаны қыздырып, сосын 
оны суы бар кең кюветаға тӛңкеріп қою қажет. Стакандағы су кюветтегі су 


100 
деңгейінен жоғары кӛтеріледі. Бір студент жасап кӛрсету кезінде қыздыру үшін 
спиртті жағып соның отын пайдаланған, ол отты бірнеше секунтқа стаканмен 
жауып қойған, ал басқа студент - стаканға ыстық су құю арқылы оның 
қабырғаларын қыздырды. Оқушылар үшін жасап кӛрсету қай жағдайда жоғары 
болғанын анықтап негіздеу қажет. Бұл таспсырмалармен қатар бір тәжірибені 
жасап қӛрсетудің әдістемелері мен техникасынын түрлі тәсілдерін 
салыстырмалы талдауға, сонымен қатар тәжірибені жасау кезінде 
операциялардың ретін талдауға арналған тапсырмаларды студенттерге ұсынуға 
болады. Ол тапсырмалардың қиындық деңгейі және күрделігі алдынғы 
тапсырмалармен бірдей болады, тек талдау пәні ӛзгереді. 
Сонында, әр студенттін жасап кӛрсеткен тәжірибесі кіші топ құрамында 
әдістемелік және техникалық жағынан кемшіліктері мен артықшылықтары 
аталып талданады. 
Бастапқы кезеңде жоғарыда аталған тапсырмалардың барі ұжыммен кіші 
топ құрамында орындалады, ал соңғы кезеңде-жеке орындалады. Оқытушының 
міндеті-жасап кӛрсетуді талдау процесін ұйымдастыру және басқару, талдау 
пәнің бӛлу, айтылған пкірді негіздеуге кӛмектесу, қортынды жасау. 
Бастапқы кезеңде бұл тапсырмаларды орындау кезінде студенттер келесі 
қателер жібереді: кӛрсеткен адамның әрекеттерінде кемшіліктер табады, бірақ 
оларды дәлелдей алмайды және артықшылықтарында негіздей алмайды және 
т.б. 
Яғни студенттер ӛздерінің бақылап байқағандықтарын сәйкес теориялық 
ережелермен негіздей алмайды. Мұндай жағдайда оқытушы келесі тәсілді 
қолданса болады: студент қандайда болса сұраққа байланысты бір кӛз қарасты 
ұстанатын болса, оқытушы оған қарама-қарсы позицияны ұстанып оны егжей-
тегжей негіздеуге тырысуы керек. Оқытушының талду логикасынан, 
дәлелдерінен, ӛз пікірін қорғау тәсілдерінен студенттер ӛз әрекеттеріне керек 
ұқсастық тауып сәйке тәжірибе жинақтайды. 
Сонымен, жетінші типтегі оқу-зерттеу тапсырмалары келесі дайындық 
тапсырмалары болады: 
7.1) жасап кӛрсету экспериментінің әдістемелік талабының бірін іске 
асырудың түрлі тәсілдерін салыстырмалы талдау; 
7.2) бір тәжірибені жасап кӛрсетудің әдістемесі мен техникасының түрлі 
тәсілдерін салыстырмалы талдау; 
7.3) тәжірибені жасау кезінде операциялардың ретін талдау; 
7.4) тәжірибені жасап кӛрсету әдістемесі мен техникасындағы 
артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау. 
Жоғарыда аталған тапсырмалар тек дайындық ғана болмай, қарапайым да 
болып табылады, ӛйткені олардың бәрі бірге жетінші типтегі оқу-зерттеу 
тапсырмасына құрамдас элементтері ретінде кіреді. 
Тоғызыншы типтегі негізгі оқу-зерттеу тапсырмалары(жасап кӛрсету 
немесе лабороториялық тәжірибені қолдану әдістемесін оқу үдерісінде онын 
сабаққа жарамдығын анықтау мақсатында зерттеу) (10 кестені қараңыз) 
студенттерге алдыңғы тапсырмалар сияқты орындауға бірден берілмей, белгілі 


101 
дайындықтан кеиін беріледі. Дайындық мазмұнына келесі қарапайым 
тапсырмалар кіреді: 
9.1) ұсынылған әдістемелердегі жасап кӛрсету тәжірибесін мақсатты 
қажеттілігі мен оны оқу үдерісінде пайдалануды анықтау; 
9.2) оқу үдерісінде жасап кӛрсету тәжірибесін қолдануға ұсынылған түрлі 
әдістемелер нұсқасын салыстырмалы талдау; 
9.3) жасап кӛрсетілетін тәжірибенің ұсынылған қолдану әдістемесінің 
артықшылығын (немесе кемшіліктерін) анықтау және оларды негіздеу. 
Жоғарыда аталған бірінші тапсырманы жасап кӛрсету, тәжірибенің оқу 
үдерісінде мақсатты қажеттілігі түрлі болатындығына студенттер кӛз жеткізуі 
қажет. 
Екінші тапсырма бірішіні құрамдас бӛлік ретінде толығымен қамтиды. Ол 
студенттердің назарын тәжірибенің мақсатты қажеттілігінің түрлілігіне ғана 
емес сонымен қатар оны оқу үдерісіне енгізу тәсілдеріне де аударуға арналған. 
Тәжірибені енгізу тәсілдерінің қойылған мақсаттарға тәуелділігін кӛрсету 
қажет. Және ол тәуелділік дайын түрде берілмей, шағын теориялық зерттеу 
барысында студенттер ӛздері табуы керек. 
Мұндай жолмен білім алу оқу уақытын кӛп талап етеді, бірақ 
студенттердің білім сапасы жоғары болады және оларды практикада қолданылу 
тиімділігі жоғарлайды. 
Үшінші тапсырма негізінен оқу үдерісінде тәжірибені қолдану 
әдістемесінің артықшылықтары (немесе кемшіліктері) бойынша ӛз пікірлерін 
дәлелдеу және негіздеу әрекеттерін студерттер бойында қалыптастыруға 
бағытталған. Негіздей алу дегеніміз – ӛзінің кӛрген, түсінген нәтижелерін 
негізгі теориялық ережелерге келтіру икемділігі, бұл икемділік осы түрдегі 
тапсырмаларды орындау барысында студенттердің іс-әрекеті арқылы 
қалыптасады. Тәжірибесі кӛбейген сайын, икемділікте нығая түседі. 
Барлық үш дайындық тапсырманы және тоғызыншы типтегі негізгі оқу–
зерттеу тапсырмасын орындау нәтижелері бастапқы кезеңде кіші топ 
құрамындағы ұжыммен немесе топ студенттерімен талқыланады, ал соңғы 
кезеңде негізгі оқу-зерттеу тапсырма бойынша есеп жеке немесе екі студенттен 
тапсырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет