Курбанбеков бакытжан алимханович


 Тәжірибелік–эксперименттік жұмыс нәтижелері



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

2.3 Тәжірибелік–эксперименттік жұмыс нәтижелері
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар 2014-2019- жылдарда А. Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылысану факультеті 
Физика кафедрасының (5В011000 – «Физика» мамандығы), М.Әуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан университетінің Жаратылысану факультеті Физика 
кафедрасының (5В011000 – «Физика» мамандығы) және Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда университетінің Физика кафедрасының (5В011000 – «Физика» 
мамандығы ) студенттері арасында жүргізілді.Тәжірибелік-эксперимент 
жұмысына барлығы 112 студент қамтылды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары үш кезеңде ӛткізілді: 
1. Айқындау кезеңі (2014-2016 ж.ж.); 
2. Қалыптастыру (2016-2017 ж.ж.);
3. Бақылау (2017-2018 ж.ж.).
Әрбір кезеңдегі зерттеу мәселесі бойынша теориялық қортындылары 
тәжірибелік - эксперименттік тұрғыдан тексеріліп отырды және алынғaн 
нәтижeлepдi caлыcтыpу, тaлдaу жәнe қopытындылaу болашақ физика 
мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің бастапқы дeңгeйiн 
анықтауға мүмкiндiк бepдi. Зерттеу жұмысының аталған кезеңінде біз 
эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың жалпы талаптарын айшықтайтын, 
теория мен тәжірибе арасын байланыстыратын ғылымдағы жалпы және нақты-
бағытталған ұстанымдар жүйесіне сүйене отырып орындадық.  
Айқындау кезеңінде (2014-2016 ж.ж.) зерттелінетін проблеманың нақты 
жағдайының деңгейін анықтау мақсатында физика оқулықтарына, оқу-
әдістемелік құралдарға, жоғары оқу орнында физиканы оқыту әдістемесі 


117 
жүйесіндегі пәндердің бағдарламалары мен оқу, оқу-әдістемелік құралдарына 
талдау жасау негізінде олардың студенттердің физикалық пәндерден алған 
білімдерін жүзеге асыратын теориялық және практикалық білімдерін қандай 
деңгейде қамтамасыз ете алатындығының деңгейі анықталды. Физиканың 
қолдану салалары зерделеніп, тәжірибелік дайындықтың мәні мен ұстанымдары 
талданды; физиканы оқытуда тәжірибелік дайындық жайлы ғылыми 
зерттеулерге сараптама жасалды. 
Айқындау экспериментінде пайдаланылған әдiстер мыналар: зерттеу 
жұмыстары бойынша педагогикалық, әдіснамалық-физикалық, әдістемелік 
кӛздер мен диссертациялық зерттеулер талданды, әртүрлi елдердегі 
педагогикалық бағыттағы физика бойынша мамандарды дайындау процесіне, 
еліміздегі жоғары оқу орындарында 5В011000 – Физика мамандығы бойынша 
студенттерге оқытылатын пәндерге, олардың бағдарламаларына талдаулар 
жасалды; физиканы оқытудағы озық тәжірибелер зерттелінді; студенттермен, 
жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, физик ғалымдармен, мектеп 
мұғалімдерімен әңгіме ӛткізілді. 
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің жоғарыда кӛрсетілген тәжірибелік 
дайындық үшін маңызы болып табылатын білім, біліктерін тексеру мақсатында 
алынған кейбір сауалнамаларды мысал ретінде келтіре кетейік. 
Болашақ физика пәні мұғалімі тәжірибеде қолданылатын құралдар мен 
ӛлшеу құралдарының жұмыс жасау принципін жақсы білуі және оқушыларға 
түсіндіре алуы қажет. Ӛйткені құрал-жабдықтардың жұмыс жасау принципі 
тікелей физикалық заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Физикалық 
тәжірибелерде қолданылатын құралдарды қарапайым техника деп қарастыруға 
болатындықтан оларадың құрылысын жұмыс жасау принципін түсіндіру 
физикалық процестерді, заңдылықтарды техникада, күнделікті ӛмірде 
қолдануды түсіндірумен тең. Құралдың жұмыс жасауы кезінде қандай 
физикалық құбылысытар жүріп жатқанын елестете алуы студенттің тәжірибелік 
дайындығының жақсы екенін кӛрсетеді. Студенттердің тәжірибелік 
дайындығын тексеру мақсатында тӛмендегідей қарапайым ӛлшеу құралының 
жұмыс жасау принципіне негізделген сауалнама жүргіздік. Сауалнама негізіне 
7-сынып физикасында түсіндірілуі тиіс ең қарапайым құралдардың бірі 
барометр – анероидты алдық. 7-сыныпта жаңартылған оқу бағдарламасы 
бойынша құрастырылған физика оқулығында берілген барометрдің жұмыс 
жасау принципі бейнеленген сұлбаны (сурет 2) және осы сұлбаның жұмыс 
жасау қағидаттары толық түсіндірген текст тарқатылды. (Қосымшада А) 


118 
Сурет 2 – Барометр – анероидтың жұмыс жасау принципі (7-сынып) 
Суреттегі тетіктерді жалғастырып тұрған остерді сәйкесінші 6, 7, 8 
сандарымен қосымша белгілеулер енгізілді. Студенттер барометрдің 
құрылысымен жақсылап танысып болған соң тӛмендегідей тапсырмалар 
берілді: 
1. Атмосфералық қысым ӛзгергенде ілгерілемелі қозғалыс жасайтын 
бӛлшектер мен остерді суретте белгіленген сан арқылы кӛрсетіңіз. 
2. Атмосфералық қысым ӛзгергенде ілгерілемелі қозғалыс жасамайтын 
бӛлшектер мен остерді суретте белгіленген сан арқылы кӛрсетңіз. 
3. Берліс тетігінің (3) жұмыс жасау принципін түсіндіріп оның жоғарыдан 
қараған сұлбасын сызып кӛрсетіңіз. 
4. Барометр жоқ болған жағдайда атмосфералық қысымды қалай ӛлшеуге 
болады. 
Бірінші мен үшінші тапсырма арқылы болашақ физика мұғалімдерінің
ӛлшеуіш құралдың жұмыс жасау қағидаттарын білу деңгейін анықтай аламыз. 
Сауалнамадағы 3-ші тапсырма түсінікті болу үшін тӛмендегідей (сурет 3) 
кӛрсетілген, IQ тесттерде жиі қолданылатын әдісті қолдандық. Яғни 
барометрдің беріліс тетігіннің (3) жоғарыдан қараған бӛлігін үшінші бағандағы 
бос орынға сызып кӛрсету қажет. Ал алдыңғы екі бағанда тұрған суреттер 
күнделікті ӛмірде қолданылатын заттарды мысалға ала отырып үлгі ретінде 
келтірілген. Тӛртінші тапсырма арқылы жетпей жатқан құрал-жабдықты балама 
құрал-жабдықтықтармен алмастыру біліктерін тексеруге болады. 
Сауалнама нәтижесінде 90% студентке бұл сұрақ қиындық туғызды. 7-
сынып оқушыларына бұл құрылғының жұмыс жасау принципін ӛздігінен оқып 
түсінуі ӛте қиын екені және бұл жерде мұғалімнің кӛмегі қажет екенін кӛруге 
болады. Яғни бұл сауалнамадан болашақ физика пәні мұғалімдерінің 
қарапайым құрал-жабдықтарды түсіндіріп беруге қажетті тәжірибелік 
дайындығының аздығын байқауға болады. 


119 
Шәйнек 
Автокӛлік
Барометр: беріліс тетігі (3) 
Жан
ы
нн
ан
Жо
ға
ры
дан

Сурет 3 – Барометрдің жұмыс жасау принципі туралы сауалнамадағы 3-ші 
тапсырманы орындау үлгісі 
Осындай сауалнамалардың тағы бір мысалы ретінде жұмыс істеу 
қағидаттары 8-сынып физикасының «электр және магнетизм» бӛлімінде 
түсіндірілуі тиіс демонстарциялық амперметрге байланысты тапсырмаларды 
алуға болады (Қосымша В). Сауалнамада тӛмендегідей тапсырмалар берілді: 
- Демонстрациялық амперметр дегеніміз не? 
- Амперметрді тогы бар тізбекке жалғағанда тілінің ауытқуын не 
мәжбүрлейді. 
- Ампреметрдегі тұрақты магниттің қызметі қандай? 
- Амперметрдегі орама рамканың қызметі қандай? 
- Ампер күші дегеніміз не? 
- Ампер күшінің бағыты қалай анықталады? 
- Амперметрдің ӛлшеу шегін қалай арттыруға болады? 
- Амперметрдің жалғану ерекшелігі. 
- Корректордың атқаратын қызметі қандай? 
- Серіппенің атқаратын қызметі? 
- Амперметр ӛлшеу шегін арттыру үшін не істейміз? 
- Амперметрідің магнитоэлектрлік жүйесінің жұмыс жасау қағидатын 
(принципін) суреттеп беріңіз. (принципалды суретін салу). 
Студенттер сауалнамадағы «Амперметрді тогы бар тізбекке жалғағанда 
тілінің ауытқуын не мәжбүрлейді, Ампер күші дегеніміз не?»-деген сияқты 
сұрақтарға дұрыс жауап береді. Бірақ сауалнамаға қатысқандардың кӛп бӛлігі 
амперметрдің жұмыс жасау қағидатын түсіндіріп беретін сұлбаны сыза алмады. 
Бұл студенттердің оқулықта берілген теориялық мәліметтерді жаттанды түрде 
меңгергенін, практикада қолдана алмайтынын кӛрсетеді. Мектептегі физика 


120 
пәні мұғалімі демонстрациялық амперметр немесе т.б. ӛлшеу құралдарының 
жұмыс жасау қағидатын түсіндіру барысында жоғарыда айтылып кеткен 
дидактикалық принциптердің кӛрнекілік принципі жүзеге асу үшін 
демонстрациялық тәжірибе арқылы кӛрсетіп, ең аз дегенде олардың сұлбасын 
кез келген уақытта сыза білуі қажет. Е.А. Оспанбеков ӛзінің еңбегінде 
«Тәжірибе кӛрсеткендей, табиғат жайлы білімге оқушылардың қызығушылығы 
10-13 жаста ең биік деңгейде болады»-деп 7-9 сынып оқушыларына физикалық 
процестерді және олардың техникадағы орны туралы білімді формализмге жол 
бермей неғұрлым шынайы түрде қызықты тәжірибелер мен технологиялар 
арқылы қол жетімді етуді меңзейді [58, б. 27]. 7-сыныпта оқитын оқушылар 
үшін осындай барометр сияқты құрылғылардың жұмыс жасау принципі 
қызықты екенін ескерсек, дер кезінде кӛмек кӛрсете алмаған физика пәні 
мұғалімі оқыту процесінде формализмге жол беріп, қазіргі кездегі білім беру 
саласында кең етек жайған формализмінің кері жақтарына оқушыларды үйретуі 
мүмкін. Сондықтан политехникалық білімдерін нығайту арқылы физикалық 
білімдерін ӛмірде, техникада қолданып экономикамыздың кӛтерілуіне ӛз 
үлестерін қосатын болашақ ұрпағымызға эксперименттік ғылым болып 
табылатын физиканы оқыту үдерісінде физикалық тәжірибелерді тиімді 
қолдана алуы үшін болашақ физика пәні мұғалімдерін «Мектеп 
экспериментінің техникасы» курсы негізінде тәжірибелік дайындығын 
жетілдірудің маңызы зор.
ЖОО-да болашақ физика пәні мұғалімдеріне физиканың негізгі курстары 
оқытылады. Осы курстың лабораториялық сабақтарында тәжірибе жасау 
үстінде олардың тәжірибелік дайындығы қалыптасады. Бірақ бұл жұмыстарда 
әдістемелік жағы қарастырылмайды және құрылғылардың жұмыс жасау 
принциптері назардан тыс қалып жатады тек берілген нұсқау бойынша берілген 
мақсатқа жету кӛзделеді.
Болашақ физика мұғалімдері «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын 
оқығанға дейін тӛменгі курстарда оқытылатын механика, молекулалық физика 
және т.б. пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды ӛткізу кезінде тәжірибе 
жасау икемділіктері қалыптаса бастайды. Жалпы физикалық практикум, 
болашақ физика оқытушыларының тәжірибелік дайындығын дамыту тәсілі 
және әдісі бола алады және болуы тиіс екенін лабораториялық практикумды 
жүргізудің әдістемелерін талдау кӛрсетеді. Осы мақсатқа жету үшін мұғалімдер 
практикум жұмыстарын формалды әдіспен ӛткізуді қойып, ӛз күштері мен 
біліміндерін физика пәнінің оқытушысына қойылатын талаптарға сәйкес 
оңтайландыруға бағыттауы керек.
Атап айтқанда, біздің пікірімізше, жалпы физикалық практикум 
жұмысының жұмысты орындауға арналған нұсқауларында теориялық 
түсініктемелер келтірмей тек жұмыстың мақсаты, қажетті құрал-жабдықтар 
кӛрсетілсе, студент жұмыстың мақсатына жету үшін қажетті формулалар мен 
заңдылықтарды әдебиеттерден ӛзі ізденіп, ӛз бетінше алған ақпаратты 
талдайды, біріктіреді, жалпылайды және лекциялық дәрістерден алған білімін 
қолданады. Жалпы физикалық практикумды орындау кезінде кәсіби бағытын 


121 
қалыптастыру үшін, нұсқаулықтағы сапалы сұрақтармен қатар, студентті 
мектеп бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік нұсқауларына мұғалім 
тұрғысынан қарауға мәжбүрлейтін әдіснамалық сұрақтарды енгізуге болады, 
яғни зертханалық жұмысты орындау үдерісіңде студент зрттеуші ролінде 
болады. Осылайша, жалпы физикалық практикум жұмыстарын орындау
студенттерде, яғни физика пәнінің болашақ оқытушыларыңда жоспарлау, 
эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Ӛз кезегінде, 3-курста оқу жоспарына сәйкес ӛткізілетін 
мектеп экспериментінің техникасы курсы негізінде тәжірибелік дайындықты 
одан әрі дамытумен қоса мектептегі физикалық экспериментті жүргізу үшін 
тиісті әдістемелік икемділіктерді қалыптастыруға және оны оқу үдерісіне 
қосуға арналуы мүмкін. 
Яғни, «Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқығанға дейін 
студенттердің тәжірибелік дайындығы болуы тиіс, ал аталған курс болашақ 
физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіреді. 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы студентерге физикалық 
тәжірибелерде қолданылатын құрылғылардың жұмыс жасау принциптері мен 
тәжірибе ұйымдастыру кезінде оларды тиімді қолдана білуге, демонстрациялық 
тәжірибелерге қойылатын талаптарды ескере отырып демонстрациялық 
тәжірибенің мақсатына жетудің жолдарын үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет