Орындаған: Мусаев Имран
Курс:1
Факультет: Жалпы медицина
Қабылдаған: Омарғазы Е.Е.
саяси ғылымдарының кандидаты.
Кіріспе
Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі)
азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа
халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни,
“өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға
негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениет — өркениеттің адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары.
Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер
жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі. Ал енді осы 2 ұғымның бір-
бірімен қандай байланысы, ерекшелігі бар екендігін қарастырайық.
Негізгі бөлім
Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор). Өркениет-
этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі. Мәдениет-аса күрделі, көп деңгейлі
жүйе. Оның құрамына көптеген мәдениеттерді енгізуге болады. Мысалы; философиялық,
адамгершілік, құқықылық, педагогикалық, діни мәдениеттерді енгізуге болады. Мәдениет пен
өркениеттің ең маңызды айырмашылығы- Мәдениет- зиялы құбылыс болса, өркениет зиялы
құбылыс емес.
Біз осы мәдениет пен өркениеттің зиялы және зиялы емес құбылыстар екендігін айттық,
бірақ зиялы және зиялы емес құбылыстың мағынасын білейік. Мәдениет-табынудан пайда
болады. Ол ғибадатханадан пайда болып, соңына дейін дінмен байланысты болады, діни негізі
бар. Ал өркениет табынудан тыс пайда болды.
Мәдениет жеке, терең әрі қайталанбайтын құбылыс болса, өркениетке жалпыдық және
қайталану құбылысын жатқызуға болады. Мәдениеттің рухы бар, ал өркениеттің тек әдістері
мен құралдары ғана болады. Мәдениет жоғарыдан төмен қарай жүреді, оның жолы ақсүйектік
болып табылса, ал өркениет төменнен жоғары қарай жғреді, оның жолы буржуазиялық және
демократиялық болып табылады.
Қорытынды
Өркениет заманы адам өміріне
машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамның
руханилығының құндылығын кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен
айқындалып тұр. Н.А.Бердяев
бұл туралы былай деген:«Өмір органикалық сипатын
жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына,
адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдар қойылған. Өркениеттің негізі енді
табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине өркениет адам
өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне көтерді.
Мәдениет шынайы адамдық
құбылыс, адам бар да мәдениетте бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда
өзінің
нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет
құбылысының мәнін ашуға көмектеседі.Мәдениет –адамдардың өмірі
мен қызметін
ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және
рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи
деңгейі.
Қолданылған әдебиеттер
Ш.Нағмұлы-мәдениеттану, “Фолиант баспасы’ Астана-2007, 5-11 б.
Достарыңызбен бөлісу: |