|
«Астана Медицина Университеті» АҚ
|
ӘН № 07.1.19
|
Шығарылған күні
|
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
|
Тексерілген күгні
|
Тексеріс #:
|
бет -
|
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051101 – Мейірбике ісі мамандығы
Құрастырған: оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
2.Мақсаты: Бұл саланы оқып-үйрену құқықтық қатынастар және олардың түрлері туралы негізгі ұғымдарды білуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынастар - бұл жақтары өзара мемлекетпен қорғалатын заңды құқықтар мен міндеттермен тығыз байланысты қоғамдық қатынастар. Мемлекет құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасауда.
3. Оқыту мақсаты:
-Презентацияларды жазу дағдасына үйрену.
-Конституцияның баптарымен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдердің сипаттамасын оқып-үйрену.
-Ауызша бақылау жұмысы кезінде тақырып бойынша мысалдар келтіріп сауатты сұрақтар қойып үйрену.
4.Өткізілу түрі: презентация
5. Тақырып бойынша тапсырма:
- тақырыпқа сәйкес презентация жазу.
- презентация келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс.
- тақырыпқа сәйкес презентацияның жоспарын құру.
- тақырыптық сызбаны пайдалану.
- кішігірім анықтамалардың, терминдердің болуы.
- POWER POINT бағдарламасында жазу.
- презентацияны аудиторияда қорғау.
Презентация үшін сұрақтар тізімі:
1. Құқықтық қатынастардың түсінігі.
2. Құқықтық қатынастарының субъектілері.
3. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
4. Құқықтық қатынастардың белгілері.
5. Заңды фактілердің түсінігі;
6. Заңды фактілердің түрлері;
7. Құқық қабілеттіліктің түсінігі;
8. Әрекет қабілеттіліктің түсінігі;
9. Әрекет қабілеттіліктің түрлері.
10. Құқықтық қатынастардың түрлері.
6. Таратылатын материал: жағдайлық есептер.
7.Әдебиет:
Негізгі:
1. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы ,Жеті Жарғы
1997 жыл, 340-373б.
2. Оспанов К.И Құқық негіздері, оқу құралы Алматы, Жеті Жарғы. 2007 жыл, 106-118 б.
3. Тұрлаев П.Р. Мемлекет және құқық негіздері, Карағанды АРКО баспасы 2004 ж.
4. ҚР Конституциясы 1995, өзгерістер мен толықтырулар 2008жылдың 1 қаңтарында енгізілген. 27 бап
5. ҚР конституциясының түсіндірме сөздігі.
6. «Неке және отбасы туралы» Заң 1998 жыл.
Қосымша:
1. «Жалпы құқық теориясы». "Құқықтану" мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық , А.С. Пигалкина 2-ші баспа, толықтырды МГУ 1996 жыл, 1998жыл
2. «Құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушыларына көмек ретінде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткізу» орындады Р.К. Баймурзаева 2-ші қосымша баспа Алматы Жеті Жарғы 1996 жыл.
3. «Құқықты не және қалай реттейді» Пратасов В.С.оқу құралы М. 1995 жыл.
8.Бақылау: өзіндік жұмыс.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
-
Құқықтық қатынастар дегеніміз не? Құқықтық қатынастардың белгілері.
-
Құқықтық қатынастардың пайда болу себептері.
-
Заңды факт дегеніміз не?
-
Заңды фактілердің қандай түрлерін білесіндер?
-
Оқиға дегеніміз не?
-
Әрекет дегеніміз не? Әрекеттің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
-
Құқықтық қатынастардың объектілері.
-
Құқықтық қатынастардың субъектілері: жеке және заңды тұлғалар.
-
Құқықтық субъектілік: құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік және деликтоқабілеттілік.
-
Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігіне қандай факторлар себеп болады?
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар.
1. Келесі терминдерге түсінік беріңіздер:
- құқықтық қатынастар;
- заңды фактілер;
- құқық қабілеттілік;
- әрекет қабілеттілік;
- деликтоқабілеттілік;
- құқықтық субъектілік;
3. «Заңды фактілер мен оқиғалар» туралы кестені толтырыңыз
-
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051101 – Мейірбике ісі мамандығы
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері.
2.Мақсаты: тақырыпты зердеделеу барысында заңды жауапкершілік туралы нақты біліп және заңды жауапкершіліктің түрлерін ажырата білу. Құқық бұзушылықтың түрлеріне сәйкес заңды жауапкершілік: азаматтық – құқықтық, қылмыстық – құқықтық, әкімшілік, тәртіптік және материалдық болып жіктелуін зерделеу.
3.Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге заңды жауапкершіліктің негізгі санаттары және оның түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру;
-
Студенттердің құқықтық тәрбие деңгейін жоғарылату және аумағын кеңейту үшін база құру;
-
Топта ұжымдық жұмыс істей білуге және өзінің көзқарасын толық та нақты жеткізе білуге үйрету;
4. Өткізілу түрі: шағын топтар.
Әр топқа 3-4 студенттен бөлу керек.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар: шағын топтарға арналған жұмыстың мысалын қолдана отырып, жұмыс түрлерін дайындау «Заңды жауапкершіліктің түрлері».
Топтар Заңды жауапкершіліктің әр түріне толық сипаттама беріп, түрлі жағдайларды көрсетулері қажет:
-
Әкімшілік – құқықтық жауапкершілік;
-
Азаматтық – құқықтық жауапкершілік;
-
Тәртіптік жауапкершілік;
-
Қылмыстық – құқықтық жауапкершілік;
-
Экологиялық - құқықтық жауапкершілік.
Әр команда тапсырма алады. Командалардың жұмысы 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.
Заңды жауапкершіліктің түрлерін ашуға арналған негізгі сұрақтар:
1. Заңды жауапкершіліктің түрлері туралы түсінік.
2. Жауапкершіліктің түрлерінің субъектісі.
3. Заңды жауапкершіліктің негіздері
4. Заңды жауапкершіліктің жеке ерекшеліктері.
5. Заңды жауапкершіліктен босату жағдайлары
6. Құқық бұзушылық үшін берілетін жаза түрлері
Топтарға арналған қосымша сұрақтар:
1. Заңды жауапкершілік дегеніміз не? Ол қандай белгілермен сипатталады? Тұлғаны заңды жауапкершілікке тартудың негіздемесі не?
2.Заңды жауапкершіліктің қандай түрлерін білесіз?
3. Заңды жауапкершіліктен шығарылып тасталған жағдайларды атаңыз 4.Сіздің ойыңызша, құқықбұзушылыққа не себеп?
6. Таратылатын материал: кесте «Заңды жауапкершіліктің түрлері».
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004..
2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті
жарғы, 2007.
3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.
4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О.,«ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.
3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы
«Жеті Жарғы» 2006 ж.
4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті
Жарғы» 1995 ж.
6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша
анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.
7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы
«Жеті Жарғы» 1997 ж.
8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.
9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.
10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
8. Бақылау - «Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері»
тақырыбы бойынша жазбаша бақылау сұрақтары:
-
Заңды жауапкершілікке анықтама беріңіз.
-
Заңды жауапкершіліктің мақсатын, функцияларын, негіздерін атаңыз.
-
Заңды жауапкершіліктен шығарылып тасталған жағдайларды атаңыз.
-
Заңды жауапкершіліктің қандай түрлерін білесіз?
-
Заңдылыққа анықтама беріңіз. Мәні не?
-
Заңдылықтың субъектісі?
7.Құқықтық тәртіп дегеніміз не?
8.Құқық бұзушылық дегеніміз не?
9. Қылмыс дегеніміз не?
10.Теріс қылық дегеніміз не?
2. Тапсырмаларды орындаңыздар.
А) 10 сынып оқушылары Игорь мен Саша көлде қайықпен жүзуді ұйғарады. Терең жерге жеткен кезде Игорь Сашаға суға шомылуды ұсынады. Саша жүзе алмайтынын айтып шомылудан бас тартады. Дегенменде, Игорь жүзуді үйрететінін айтып, әзілдеп Сашаны суға итеріп жібереді.Суға тұншыққан Саша тереңге батып кетеді. Игорь оныіздертаба алмады.
Қылмыс жасалды ма? Құрамын сипаттаңыз.
Б) 5 қабатта тұратын Сухотина өз пәтерінің көшеге шығып тұрған терезесінен бос консерві ыдысын лақтырады. Консерві ыдыс көшеден өтіп бара жатқан Афонинаның бетіне тиеді. Нәтижесінде, зардап шегуші бір көзінен айырылады.
Осы болған оқиғаға Сухотина кінәлі ме? Оның кінәсінің түрі қандай? Қылмыс құрамының элементтерін сипаттаңыз.
3. «Заңды жауапкершіліктен шығарылып тасталған жағдайлар» кестесін толтырыңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
Заңды жауапкершіліктен шығарылып тасталған жағдайлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: "Қазақстан Республикасы соттарының негізгі қызметі ретіндегі сот әділдігінің жүзеге асырылуы"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051101 – Мейірбике ісі мамандығы
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасы соттарының негізгі қызметі ретіндегі сот әділдігінің жүзеге асырылуы
2.Мақсаты: ҚР аумағындағы сот қызметінде әділ соттың жүзеге асырылуы негіздері бойынша студенттерге теориялық ұғым қалыптастыру. Сот билігі органдары қызметінің маңызды қағидалары: заңдылық, адам құқығын сақтау және силау, ізгілік, басымдылық, демократия екендігін студенттерге түсіндіріп, заң бойынша кешенді білім қалыптастыру қажет.
3. Оқыту мақсаты:
-іскерлік ойынның жоспарын құрып үйрену.
-коммуникативтік дағдыларды дамыту.
-мемлекеттік – құқықтық құбылыстар жайындағы алған білім негізінде құқықтық мәденетті дамыту.
4.Өткізілу түрі: іскерлік ойын.
Іскерлік ойын — оқытудың белсенді әдістерінің бірі.
Оқытудың белсенді әдісі ретіндегі іскерлік ойынның талабы: ойынға қатысушылардың арасында ролдердің бөлінуі; ойын бойынша бірлесіп шешім қабылдау үшін екі тараптың сөйлесу әрекеті; уақыт өлшемін пайдалану; ойын жарысы барысында кәсіби білім мен ойынның нәтижесін бағалау жүйесін қолдана; ойын барысында шынайы өмірді көрсете білу.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
-іскерлік ойынның жоспарын құру.
-ойынның жоспарымен хронометражына сәйкес ойынлды жүргізу.
-іскерлік ойынға барлық студенттердің қатысуы.
-іскерлік ойынды өткізу нәтижесінде туындаған қосымша сұрақтарды талқылау.
-қорытынды жасау.
Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:
1. Мемлекеттік биліктің басқа да тармақтарымен сәйкестілігі туралы жалпы түсінік беру.
2. ҚР Жоғарғы сот қызметі.
3. ҚР Сот жүйесінің мақсаты мен міндеттері.
4. Сот әділдігіне түсінік беру.
5. Сот әділдігіне жіберу барысындағы соттың қызметі.
6. Сот әділдігіне жіберу барысындағы конституциялық қағидалардың мақсаты .
7. Кінәсіздік презумциясына түсінік беру.
8. Сот әділдігіне жіберу барысындағы заңдылық қағидасы.
9. ҚР соттарына қойылатын талаптар.
10. Адам және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау бойынша сот әділдігінің қағидасын жүзеге асыру.
Іскерлік ойынның мысалы:
Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап»
Қажетті нәрселер:
-
Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.
-
таза парақтар, қаламсаптар.
-
Жұмыс дәптері.
Жұмыс барысы:
-
Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.
-
Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.
3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.
4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.
5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.
6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.
7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.
8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.
9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.
10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.
11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды. 6. Таратылатын материал: жағдайлық есептер
7. Әдебиет Негізгі
1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-
248 бет. VII бөлім.118-125 беттер..
2.Оспанов И.Қ .«Құқық негіздері»2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті
жарғы , 2007. - 304 бет. VII бөлім 192-224 беттер.
3.ҚР Конституциясы 75, 78 баптар і Алматы 2008 ж.
4.Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.
3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы
«Жеті Жарғы» 2006 ж.
4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті
Жарғы» 1995 ж.
6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша
анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.
7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы
«Жеті Жарғы» 1997 ж.
8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.
9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.
10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.
8. Бақылау: жазбаша бақылау
-
«Әділсоттың қағидалары» терминіне анықтама беріңіз, мысал келтіре отырып соттың маңыздылығын көрсетіңіз.
-
Сот жүйесінің негізгі функцияларын атаңыз.
-
ҚР Конституциясының 77 бабын қолдана отырып сот әділдігі қағидаларының құқықтық мемлекетте алатын ролін анықтаңыз.
-
Оқулықтарды, дәрістерді зерделеу негізінде ҚР сот жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттаңыз.
-
Қандай да бір құқықбызушылық бойынша жағдайлық есеп құрып, құқықтық тәртіп сақтау органдарындағы сот қызметінің құзыреттілігін анықтап көрсетіңіз.
-
«Заңдылық», «құқықтық тәртіп», «құқықбұзушылық», «заңға сыйымды тәртіп» терминдерінің мазмұнынасипаттама беріңіз.
-
Сөйлемді жалғастырыңыз: «Сот жүйесінің бірінші инстанциясына ........... жатады.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: " Әкімшілік жауапкершілікті қолдану тәртібі мен түсінігі"
Сағат саны: 2
Курсы: 1
Мамандығы: 051101 – Мейірбике ісі мамандығы
Құрастырған : оқытушы Н.Т.Какимжанова
Астана, 2012 ж.
1.Тақырыбы: Әкімшілік жауапкершілікті қолдану тәртібі мен түсінігі.
2.Мақсаты: Құқықтың бұл саласын қарастыру оның жалпы құқық жүйесіндегі ролін, сондай – ақ әкімшілік жауаптылық, оны қолдану шарттары мәселелерін түсіну үшін маңызды болып табылады.
3.Оқыту мақсаты:
-Жағдайлық есептерді шешуге дағдыландыру.
- Жағдайлық есептерді дұрыс құрып, тақырыпқа сай сұрақ құрастыруды үйрету.
- Конституция баптарымен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдерге сипаттама беруді үйрету.
-Ауызша бақылау жұмысы барысында нақты мысал келтіре отырып дұрыс сұрақ құрастыруға үйрету.
4.Өткізілу түрі: жағдайлық есептер.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
Келесі сұрақтар бойынша жағдайлық есептерді жазу:
1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және оны қолдану шарттары.
2. Әкімшілік жауапкершіліктің негіздері.
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі.
4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.
5. Әкімшілік жазалардың түсінігі және түрлері
6. Таратылатын материал: жағдайлық есептер.
7. Әдебиет
Негізгі
1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Оқулық, 2 -ші басылым. Алматы, 2004.
- 248 бет. ІІІ бөлімі 47- 50 беттер.
2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті
жарғы, 2007. - 304 бет. ІІІ бөлімі 90- 93 беттер.
3. Қ.Р. Конституциясы ІІ бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.
4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996ж.
Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.
3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы
«Жеті Жарғы» 2006 ж.
4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы
«Жеті Жарғы» 2003 ж.
5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті
Жарғы» 1995 ж.
6. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы
«Жеті Жарғы» 1997 ж.
7. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.
8.Бақылау: тақырыпқа сәйкес 10 термин бойынша кроссворд құрастыру
№ 1 НҰСҚА
№ 1 тапсырма
Жолдың арғы бетіндегі автобус аялдамасына жетуге асыққан 15 жастағы С.Денис 20 шақырым жерде орналасқан жаяу жүргіншілер өтетін жер асты жолымен өтпей, келе жатқан жүк көлігітің алдын кесіп өтіп кетеді.
Жүк көлігінің жүргізушісі Кукушкин С.Денисті қағып кетпеу үшін көлікті оңға бұрып жіберіп жарық шамды бағанды соғып, бағанмен көлікке зақым келтіреді.
С.Денистің теріс қылығына құқықтық сипаттама беріңіз. Қай жастан бастап әкімшілік жауапкуершілікке тартуға болады? Жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны үшін жауапқа тартуға қандай орган құқылы?
№ 2 тапсырма
Мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) мына әрекеттері мемлекеттік басқарудың қай түріне жатады?:
-
ведомстволық нормативтік кесімдердің қабылдануы;
-
қаржылық тексеріс жасау;
-
жеке кесімдер (бұйрықтар) шығару;
-
келісімдер жасау;
-
қызметтік жиналыс өткізу;
-
жинақтаушы құралдар, шикізат, материалдар сатып алу.
№ 3 тапсырма
Астана қ. санитарлық бас дәрігері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының бірнеше қызметкерлерін жұқпалы аурулардың таралмауы үшін жұмыстан уақытша шеттету туралы шешім қабылдайды.
Лауазымды тұлғаның әрекеті дұрыспа? Осы шешімді әкімшілік – құқықтық мәжбүрлеу шарасына жатқызуға бола ма?
№2 НҰСҚА
№ 1 тапсырма
А.В. Демьянов айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапқа тартылған. Дегенменде, ол айыппұл төлеуден жалтарған.
Айыппұл төлеуді жалтару жағдайының соңы неге әкеп соғады? Айыппұл төлеуден бостау мүмкіндігі барма? Жауапты дәлелдеңіз.
№2 тапсырма
Государственный санитарный врач принял решение о временном отстранении от работы повара столовой, являющегося носителем возбудителей инфекционного заболевания.
Мемлекеттік санитарлық дәрігердің іс - әрекеті дұрыс па? Бұл мәселе қай нормативтіке кесімде қарастырылған? Бұл қолданылған шараны әкімшілік ескерту шарасына ма не болмаса әкімшілік алдын алу шарасына жатқызуға бола ма
№ 3 тапсырма
Тәжірибелік сабақта сабақ айтып тұрған стиудент Ивлев әкімшілік алдын алу шараларын атады:
-
құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болатын заттарды немаесе құжаттарды алып қою;
-
заттарды тәркілеу;
-
күш қолдану, арнайы құралдармен оқ атылатын қаруларды қолдану;
-
Ресей Федерациясынан келген азаматтығы жоқ шетел азаматтарын әкімшілік оқшаулау;
-
жеке тексеру;
-
бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларды әкімшілік бақылау;
-
оқу орнынан шығару;
-
жол қозғалысы қауіпі төніп тұрған жолдарда қозғалыс жасауға тиым салу;
-
әкімшілік ұстау;
-
жұмыстан шығару;
-
лауазымынан түсіру;
-
әкімшілік қамауға алу;
Айтылған жауапта қателіктер бар ма? Бар болса қандай қате?
№3 НҰСҚА
№ 1 тапсырма
Полиция қызметкері Кулешов, әскери қызметкер Петров, аудандық салық қызметінің бастығы Осинин, сот төресі Попов және облыс депутаты Абрамов 12 маусымда орманға демалуға барып, от жаққан да өздері көлге түсуге кеткен. Осы кезде лаулап жанған от өрши түскен. Бірінші келіп қалған Кулешов отты өшірген. Болған жағдайды көрген орман шаруашылығының бастығы өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғандығын көрсетіп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрады. Демалушылардың әр қайсына 3 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салады. Келесі күні аудандық прокурорға және әр субъектінің жоғары лауазымды тұлғасына тәртіптік жаза қолдану үшін болған жайды хабарлайды
Лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдерінің барлығы дұрыс па?
№ 4 НҰСҚА
№ 1 тапсырма
Азамат Сидоров қоғамдық трамвай көлігінде өзінің жеке портативті магнитофонын бар дауысына салып қосып қояды. Жолаушылар даусын ақұырындатуды немесе мүлдем өшіруін өтінеді. Бірақ, ол жолаушылардың өтінішіне көңіл аудармайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалдар аудандық сотқа жіберіледі. Сот шешімі – магнитофонды тәркілеу, ал Сидоровты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу.
Қабылданған шешім дұрыс па?
№ 2 тапсырма
1 маусым күні мопед айдап келе жатқан азамат Петровты өзінің үйіне жаяу жүргіншілер жолымен келгенін көріп қалған ІІД қызметкері ұстайды. Құқық бұзғаны үшін оған 4000 теңге көлемінде айыппұл салынады.
ІІД қызметкерінің іс-әрекеті заңсыз және өзі мопед айдап келе жатып ешқандай құқықбұзушылық жасамағанын, сондай-ақ тұрғындардан оған қарсы шағым-арыз жоқ екенін нұсқап Петров сотқа шағым түсіреді.
Осы іс өндірісінде құқықбұзушылық бар ма? Петровтың шағымы бойынша сот қандай шешім қабылдайды?
№ 3 тапсырма
Жол бақылау қызметінің инспекторы автокөлік жүргізушісі Сивцовты көлікті тиісті құжаттарынсыз айдағаны үшін ұстайды да үш есе базалық айыппұл салады. Жүргізуші Сивцов бұл шешім туралы облыстық МАИ Басқармасына өзінің қажетті құжаттарының бәрі бар, бірақ үйінде ұмытып кеткенін айтып шағым түсіреді.
Облыстық МАИ Басқармасының атынан азамат Сивцовқа жауап дайындаңыз.
№5 НҰСҚА
№ 1 тапсырма
1 маусым күні ІІД инспекторы автокөлік айдау рұқсат куәлігінсіз көлік айдап келе жатқан Малковты тоқтатады. Құжаттарды рәсімдеу барысында малков әскери қызметтен шығарылғаннан кейін әскери есепке тұрмаған және «Продмаш» зауытының жатақханасында ағасы коменданттың міндетін атқарушы болып жұмыс істегендіктен сол жатақханада тіркеусіз тұрып жатқандығы және өзі №3 автобазада слесарь жұмысын істейтіндігі анықталады.
Кім қандай құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін?
№ 2 тапсырма
17 қаңтарда 17 жастағы азамат Барсуков жеңіл масаң күйінде троллейбус аялдамасында тұрған адамдардың алдында былапыт сөздер айтады. Осы құқықбұзушылығы үшін азамат Барсуковқа сот әкімшілік жаза түрінде 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарады
Сот төрағасының іс-әрекетіне құқықтық баға беріңіз.
№3 тапсырма
Ворошилов аудандық сотының сот процесі барысында сот төрағасы Фомушкин өзінің талаптарына бірнеше рет бағынбаған жауап беруші Буянованы әкімшілік жауапкершілік түрінде 5 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарады.
Буянованың кәмелет жасқа толмаған Настя атты қызы бар.
Буяноваға берілген жаза дұрыс па?
Достарыңызбен бөлісу: |