Курсымен ішкі аурулар кафедрасы



Pdf көрінісі
Дата01.11.2023
өлшемі3.62 Mb.
#482124
БӨЖ Иммунология Инкар, Аружан

482124

Адамның иммундық 
статусын бағалау әдістері
Топ: 235 ОМ 
Орындаған: Сулейманова Іңкәр 
Шайхимова Аружан
Тексерген: Дәулетхан Е.Д.
Астана Медициналық университеті 
Нефрология, гематология, аллергия және иммунология 
курсымен ішкі аурулар кафедрасы 
1
Астана 2023 ж


Қазіргі кездегі 
иммунодиагностиканың негізгі 
міндеттері
Иммунодиагностика – қазіргі заманғы клиникалық 
иммунологияның маңызды бөлімі. Оның негізгі мақсаты: 
иммундық жүйенің қызметінің бұзылысқа ұшыраған 
буынын табу; 
аурудың этиологиясын, патогенезін, мүмкін болатын 
асқынудың болжамын талдау, иммунокоррекцияға 
арналған дәрілік препараттарды таңдау; 
жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігіне баға беру.


Адамның иммундық статусын бағалау және
иммунологиялық диагноз қою принциптері



Қазіргі иммунологиялық зертханалардың 
жұмысында басты болып табылатын 
әдістердің 3 негізгі тобын бөліп қарастырады 
Ағынды лазерлі цитометрия; 
Иммуноферментті талдау; 
Полимеразды тізбекті реакция


Иммунологиялық зерттеу 
жүргізуге көрсетімдер
1.Адам денсаулығының жағдайын егжей
−тегжейлі зерттеу. Денсаулық паспорты. 
2.Иммундық жүйенің генетикалық ақаулары (ілкі иммундық тапшылық жағдайы). 
3.Жедел және созылмалы бактериялық, вирустық, паразиттік инфекциялар (Боткин ауруы, сепсис, пневмония, лейшманиоз және т.б.), ЖИТС
−ке 
күмәндану. 
4.Аутоиммундық аурулар (ревматизм, РА, ЖҚЖ және т.б.) 
5.Терілік
−венерологиялық аурулар (жанаспалы дерматит, күлдіреуік, микоз, мерез және т.б.) 
6.Туберкулез және лепра. 
7.Аллергиялық аурулар (БД, поллиноз және т.б.) 
8.Қатерлі аурулар (лейкоздар, ЛГМ және т.б.) 
9.Жүктілік патологиясы. 
10.Ашығу және зат алмасу процестерінің бұзылуы. 
11.Реципиенттерді трансплантацияға дейін және транслантациядан кейін тексеру. 
12.Цитостатикалық, иммунодепрессиялы және иммуностимулдаушы терапияны бақылау. 
13.Жоспарлы ауқымды оталарға дайындалып жүрген науқастардың иммундық жүйесін бағалау.


Иммунологиялық диагноз қою 
келесі кезеңдерден тұрады:
1.Иммунологиялық анамнез жинау. 
2.Иммунопатологияның клиникалық көріністерін 
анықтау. 
3.Иммунологиялық зерттеу әдістері. 
4.Негізгі иммунологиялық синдромды айқындай 
отырып, иммунологиялық диагноз қою.


Анамнез жинау барысында төмендегі 
маңызды мәселелерге көңіл аудару керек:
1.Иммунопатологияға тұқымқуалаушылық 
бейімділік: 
− Ди−Джорджи, Луи−Бар, Вискотта−Олдрич 
синдромдары сияқты туа пайда болған ИТЖ;
аралас ИТЖ, комплемент пен фагоцитоз ақаулары, 
аутоиммундық аурулар мен кейбір аллергиялық 
аурулардың отбасылық сипатта болуы;


2.Басынан өткен аурулардың жиілігі мен 
ағымы: 
− қайталанбалы және созылмалы қабыну 
процестері ИТЖ бар екендігін көрсетеді; 
− тіндер мен мүшелердің үдемелі бұзылыстары,
паренхимасының дәнекер тінмен алмасуы 
аутоиммундық және иммундық кешенді аурларға 
тән.


3.Сыртқы ортаның қолайсыз 
факторлары мен кәсіби зияндылықтары:
− көптеген химиялық өндіріс өнімдері иммундық 
тапшылық және аллергиялар туғызады;


4.Иммуносупрессивті қасиеті бар дәрілік 
препараттармен ұзақ уақыт емделу:
− кортикостероидтарды, цитостатиктерді, 
стероидты емес препараттарды, жоғары дозада 
антибиотиктер қабылдау; 
5. 
Рентгендік сәулелену
иммундық тапшылық 
туғызады;


6.Қауіпті топқа жататындар:
− нашақорлық 
− жыныстық бұрмалану (гомосексуализм және т.б.) 
− маскүнемдік


7. Тамақтану сапасының 
бұзылуы:
− ақуыздар, дәрумендер, микроэлементтердің 
жетіспеушілігі


Иммунитеттің Т
−жасушалық жүйесін бағалау 
(жасушалық иммунитет)
1. Лимфоциттердің жалпы санын анықтау. 
2. Жетілген Т
− лимфоциттердің жалпы санын (CD3+) және олардың субпопуляцияларын – хелперлер (CD4+), цитотоксикалық Т− лимфоциттердің санын анықтау. 
3. Т
− митоген ФГА− ға лимфоциттердің бласттрансформация реакциясын (ЛБТР) жүргізу. 
4. CD4+/ CD8+ қатынасын анықтау. 
5. Терілік сынамалар жасау (ЖСБТ). 
6. Қосымша анықтаушы әдістер: 
− Т − лимфоциттердегі CD 25 (ИЛ−2 рецептор) және HLA−DR рецепторын анықтау; 
− цитокиндер өнімін зерттеу (гамма − интерферон, интерлейкин −2, −4, −6 және ІНФ); 
ЛБТС
−та арнайы антигенге пролиферациялық реакцияны анықтау; 
− т − хелпер бетіндегі апоптозды антиген Fas − CD95 және СD8+− лимфоциттердегі Fas − лиганд − FasL бойынша жасушалардың апоптозға дайындығын 
анықтау.


Иммунитеттің В
−жасушалық жүйесін бағалау 
(гуморальдық иммунитет)
1. В 
− лимфоциттердің жалпы санын (CD20+ или CD19+) анықтау 
2. Арнайы емес иммуноглобулиндердің (IgA,IgM, IgG, IgE) санын анықтау. 
3. Қандағы циркуляциялаушы иммундық комплексін анықтау. 
4. В 
− жасушалық митогендермен лимфоциттердің бласттрансформация реакциясын (ЛБТР) жүргізу арқылы В − лимфоциттердің 
функциялық белсенділігін анықтау. 
5. Қосымша анықтаушы әдістер: 
− арнайы иммуноглобулиндердің (IgA,IgM, IgG, IgE) санын анықтау 
− интерлейкин − 6 өнімін анықтау; 
− секреторлық IgA анықтау; 
− кейбір опортунистік микроорганизмдерге антиденелер титрі; 
− антидене аффиндігі және олардың гликолиздену деңгейі;


Комплемент жүйесінің 
көрсеткіштері:
1. гемолитикалық белсенділік; 
2. комлемент компоненттері Clq, 
С1, СЗ, С4, С5, С1
− ингибитор және 
т.б.


Фагоциттер жүйесі 
(нейтрофилдер):
1. Нейтрофилдер санын анықтау. 
2. Фагоцитарлы санды (фагоцитозға қатысқан жасушалар пайызы) және 
фагоцитарлы индексті (бір жасушамен жұтылған микробтар саны) анықтау. 
3. Фагоциттердің бактерицидтігін анықтау (НКТ
−сынамасы). 
4. Қосымша анықтаушы әдістер: 

-фагоциттер хемотаксисінің белсенділігін анықтау; 

оттегі және азоттың белсенді түрлерінің түзілуі; 

лейкоциттегі молекулалар адгезиясының экспрессиясы.


Иммундық статусты бағалау 
әдістері
Иммунодиагностика деп белгілі бір ауруды немесе зерттелетін 
материалдағы ауру қоздырғышын анықтауға мүмкіндік беретін 
иммунологиялық әдістердің жиынтығын айтады. Иммунодиагностика 
әдістері 2 топқа бөлінеді: 
1) Жалпы, арнайы емес әдістер, бұл әдістер иммунитет жүйесінің әр түрлі 
бөліктерінің 
− лимфоциттердің, гранулоциттердің, макрофагтардың, 
комплементтің күйін сипаттайды. 
2) Арнайы әдістер. Бұл әдістер жануарлар организміндегі және сыртқы 
ортадағы антидене, антиген, Т
−лимфоциттерді анықтауға мүмкіндік 
береді.


Иммундық статустың арнайы емес көрсеткіштері. Макрофагтар мен гранулоциттер жүйесінің 
күйін анықтау үшін зерттеушілердің қандағы лейкоциттер мен олардың түрлерінің қатынасын 
(нейтрофил, базофил, эозинофил,моноцит) фагоциттердің жұту және қорыту белсенділігін білу 
қажет. Мұндай зерттеулерде мынаны есте сақтаған жөн: фагоциттердің көрсеткіштері 
иммундық тапшылық жағдайында төмен болады, инфекция қолайлы өткенде жоғары болады 
Лимфоидты жүйені сипаттау үшін лимфоциттердің жалпы санын, лейкоциттік формуланы, Т 
және В 
− лимфоциттердің пайыздық мөлшері мен жалпы мөлшерін анықтайды. Т және В − 
лимфоциттердің жалпы мөлшерін иммундық флюоресценция реакциясында СД деп аталатын 
антигендерге қарсы моноклонды антиденелер көмегімен табуға болады.Олардың санын табумен 
қатар функциялық көрсеткіштерін, мысалы, пролиферациялық және цитотоксикалық 
белсенділігін де анықтайды. 
В 
− лимфоциттердің функциялық өнімдерін, яғни антиденелерді қандағы және әр түрлі 
биологиялық сұйықтықтардағы G, М, А класс иммуноглобулиндерін Манчини әдісі бойынша 
преципитация реакциясы көмегімен анықтайды. Иммундық тапшылық жағдайында Т 
− 
лимфоциттердің көрсеткіштері мен иммуноглобулин деңгейі төмендейді, ал иммундық 
стимулдеу және қабыну кезінде жоғары болады.


Иммундық статустың арнайы 
көрсеткіштері. Мұндай көрсеткіштерді 
бағалау үшін 2 әдіс пайдаланылады.
1.Гуморальдық иммунитет көрсеткіштерін 
анықтауда қолданатын иммунодиагностика әдісі 
(серологиялық реакциялар). 
2.Жасушалық иммунитет көрсеткіштерін 
анықтауда қолданатын иммунодиагностика 
әдістері.


Серодиагностика немесе зерттеудің гуморальдық әдістері гуморальдық 
иммунитет заңдылықтарына негізделген. Серологиялық диагностиканы 
ерекше диагностикалық реакциялар арқылы жүргізеді. Мысалы: 
Преципитация; 
Агглютинация; 
Комплемент байланыстыру; 
Нейтралдау;


Егер де белгілі бір микроб түрінен алынған антиген белгілі болса 
жануарлардың қанының сарысуынан оған қарсы антиденені анықтау 
мүмкін болады, осылайша белгілі бір жұқпалы ауруды диагностикалауға 
болады. Ал арнайы антиденесі бар диагностикалық сарысу арқылы 
антигенді, яғни патогенді микробты микроб культурасынан немесе 
патологиялық материалдан анықтауға болады. Мұндай реакциялардың 
нәтижелерін қаруланбаған жай көзбен көруге болады. Иммундық 
сарысуларды жануарларды (қоян, теңіз шошқасы, жылқы, қошқар, өгіз) 
ұзақ уақыт иммундау арқылы алады. Гипериммундау нәтижесінде 
жануарлардың қанында антиденелер жинақталады. 
Барлық серологиялық реакциялар кезінде “антиген
−антидене” кешені 
түзіледі, бірақ оны тіркеу әдістері әр түрлі болып келеді. Серологиялық 
реакцияларда электролиттер қолданылады және Рн мәні 6,7
−8,7 
аралығында болуы керек.


Преципитация реакциясы
−антиденелердің еритін антигенмен жанасқанда оның 
агрегациясын туғызуына, сөйтіп кешеннің пайда болуына негізделген. Бұл реакцияны 
ерітіндіде (Асколи реакциясы) немесе агар гелінде (иммунодиффузия реакциясы РИД) 
жүргізеді. 
Бұл реакциялар кезінде жарықта көрінетін преципитация сақиналары түзіледі. 
Иммунодиффузияны электрофорез әдісімен қоса жүргізсе де болады. Осындай 
кешенді әдістердің ішінен Фримель бойынша ракеталы иммуноэлектрофорез және 
қарама қарсы иммуноэлектрофорез әдісін атап айтуға болады. 
Агглютинация реакциясының
мәні антиденелердің корпускулярлы антигендермен 
әрекеттесіп оларды желімдеу қасиетіне негізделген. Реакцияны шыныда немесе 
түтікте жүргізеді. Антиген жүзіндісі тамшысына сарысуды қосады. Оң реакция 
кезінде бірден дән тәрізді немесе мақта талшықтары тәрізді агглютинат түзіледі. 
Тура емес гемагглютинация
реакцияларын еритін антигендерді белгілі бір 
корпускулалық ұстағышта немесе жануарлар эритроциттерінде бекіту арқылы 
жүргізеді. Сонда антиген бекіген эритроциттер антиденесі бар сарысу қосқанда 
желімделіп қалады.


Гемагглютинация реакциясын 
(ГАР) Г.Херст, М.Мак
−Клиленд, Л.Хейер 1941 жылы ұсынған. 
Гемагглютинация дегеніміз микробтарда болатын антиген гемагглютинин әсер еткенде 
эритроциттердің желімделіп, тұнбаға түсу қабілеті. РГА
−ны микроорганизмдердің 
гемагглютиндеуші қасиеттерін анықтау үшін қолданады. Түтікте микроб культурасын 
тауық қанынан алынған эритроциттер жүзіндісімен қосып 20
−30 минут бөлме 
температурасында қалдырып, кейін реакция нәтижелерінің есебін жүргізеді. Оңреакция кезінде 
түтік түбінде қолшатыр түрінде эритроцит тұнбасы болады да, сұйықтық мөлдірленеді. 
Комплемент байланыстыру реакциясын
Ж.Борде мен О.Жангу 1901 жылы жетілдірген. Олар 
антиген мен оған қарсы антидене әрекеттескенде түзілген кешенге комплемент байланысып 
адсорбцияланатынын анықтады 
Иммундық флюоресенция реакциясы (Кунс әдісі). Кунс реакциясы микробтардың антигенін 
немесе антиденелерді анықтаудың экспресс диагностикалық әдісі болып табылады. 
Иммунофлюоресценттті әдістер 
(флуорохроммен белгіленген антиденелердің жасушада, оның 
ішінде, ұлпада орналасқан антигенмен әрекеттесуіне негізделген. Флуорохром ретінде 
флуоресцинизотиоцианат (ФИТЦ) қолданылады. Ол ультракүлгін сәуледе жасыл түс береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет