Курсында тек



Дата02.11.2023
өлшемі18.59 Kb.
#482180
Біліктер мен осьтер (2)


Біліктер мен осьтер
Тісті дөңгелектер мен шкивтерді отырғызуға және пайдалы
айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті білік дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады (1- сурет).
«Машина бөлшектері» курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы
айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер
түзу етіп жасалады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер
етпейді. Осыған орай біліктердің бір қалыпты берік болуы үшін,
олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әртүрлі етіп істейді және басқа бөлшектердің, жұлдызшалардың білікке қондыратын ішкі диаметрлері стандартталған, сондықтан біліктердің де диаметрлері
соларға сәйкес болуы қажет. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды.


1-сурет 2-сурет


Біліктердің әр түрлі диамертлі бөліктері өзара 2-суретте көрсетілген
әдістермен жасалады.

  1. Арнаулы ойықтар арқылы. Бұл ойықтар ажарлағыш дөңгелектің шығуына арналған. Диаметрі 10-50 мм біліктердің оймаларының ені 3мм, тереңдігі 0,25 мм болып, ал диаметрі 50-100 мм

біліктердің оймаларының ені 5 мм, тереңдігі 0,5 мм етіп жасалады.

  1. Радиусы тұрақты қисық сызық арқылы. Бұл радиус өлшемдері білікке қондырылған бөлшектердің фаскасының өлшемдерінен кіші болады және олар стандартталған.

Біліктердің материалдары және оларды өңдеу


Түзу біліктерді көбінесе легирленген және көміртекті


болаттардан жасайды. Себебі легирленген болаттар біліктің
салмағы мен габаритін азайтады және шлецті ( тісті )
берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді. Бұл үшін төмендегі
болаттар қолданылады. Мысалы, Ст. 5 маркалы болат - шынықтырылмаған біліктер үшін, сталь 40, 50 және 40X маркалы болаттар - шынықтырылған біліктер үшін, сталь 10, 20X, 40XH және 40XHMA болаттары өте жоғары, жылдамдықпен айналатын біліктерді жасауға қолданылады.
Диаметрі d≤ 150 мм біліктердің дайындамалары ретінде көбінесе жұмыр прокаттар пайдаланылады. Біліктердің бөлшектер отырғызатын беттері өңделеді.
Біліктердің домалау подшипниктері қондырылатын жерлері 6- дан 9-ға дейінгі дәлдікпен, ал сырғанау подшипниктері үшін 7-ден 9-ға дейінгі дәлдікпен өңделеді.
Бөлшектердің қондырылуын жеңілдету үшін, біліктердің
кесілген бүйір жақтары жұмырланып өңделеді.

Біліктерді беріктікке есептеу


Біліктер өздерінің атқару қызметіне байланысты айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, шкивтерді, жұлдызшалар мен муфталарды т.б. айналмалы бөлшектерді орналастыруға қолданылады. Осыған байланысты біліктерге айналдырушы момент пен отырғызылған бөлшектердігі күшпен пайда болған ию моменті әсер етеді. Сонымен, біліктерді ию мен айналу моменттеріне есептеу қажет, бірақ жаңа машинаны жобалауда ию моментінің шамасы белгісіз болады. Сондықтан біліктерді есептеу үш кезеңмен орындалады: алдын ала есептеу; жобалап есептеу; тексеріп немесе анықтап есептеу.
Алдын ала есептеу. Біліктерді алдын ала есептеу тек қана
айналу моменті арқылы жүргізіледі. Біліктер тек қана айналу моментіне жұмыс істейді деп жорамалдаймыз, бірақ ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік жанама кернеудің шамасын мөлшерден аз аламыз.
[τ ]=10÷40МПа.

  Mай


Mай
  



W 0,2d 2
d 3
Mай
0,2 
A3 N
n

Егер N- кВт, п-айн/мин өлшемдерінде алсақ, d- см өлшемінде табылады.


Біліктерді жобалап есептеу. Біліктерді жобалап есептеу айналу және ию моменттері арқылы жүргізіледі. Біліктердің айналуына байланысты олардың қимасында ию моментінен пайда болатын қалыпты кернеу шама жағынан өзгеріп отырады, бірақ жобалап есептеуде бұл есепке алынбайды. Сонымен, біліктер статиканың заңына байланысты иіледі деп есептеп, оларды материалдар
кедергісі курсында қабылданған жолдармен беріктікке есептейміз.
Біліктерді июші және бұраушы моменттердің және осьтік күштердің әсерінен пайда болатын қосымша кернеулер мынадай тәртіппен есептеледі

    1. Тік және көлбеу жазықтықтарға түсетін күштердің әсерінен

пайда болатын біліктердің тірелетін бөлігінің реакциялары
анықталады

    1. Біліктерге әсер етуші күштердің иілдіретін моменттері есептеледі.

Осьтік ЄА
күшінен пайда болған момент:
M A
ЄА d
2

M ай
Єt d




Айналу моментінің шамасы: 2

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет