Курстық ЖҰмыс тақырыбы: “Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”



бет3/15
Дата26.05.2023
өлшемі243 Kb.
#474315
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
araichok 124 2kaa (1) 5

Зерттеу мақсаты:бастауыш сыныпта ағылшын тілі грамматикасын оқыту әдіс-тәсілдерімен танысу
Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың маңызы

  2. Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағына грамматиканы оқыту тәсілдері туралы түсінік беру

Зерттеу кезеңдері: Бастауыш сынып
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың маңызы
1.1.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен: табиғатпен, өз-өзімен, басқа адамдармен белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Қазіргі кезде ағылшын тілі бастауыш мектептерде, жоғары және аурнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытуда. Ағылшын тілі және грамматикалық категорияның өзі арнаулы ғылыми – зерттеу жұмыс объектісі болып, олар жөнінде мектеп ғылыми еңбектер жазылуда. Балалар бастауыш сыныпта жазуға, оқуға үйреніп, ойын анық және дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады.
Сөйтіп, ағылшын тілін оқыту теориясы мен технологиясы мақсаты мен міндеті – болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бастауыш сынып оқушысын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге дағдыландыру әдіс-тәсілдерімен формаларына қатысты әдістемелік әрі іскерлік дағдыларымен, қаруландыру болып табылады.
Курс бойынша барлық әдістемелер психология, педагогика, лингвистика секілді ғылым салаларымен өзара тығыз байланыстарды қамтып, сабақ, лекция, семинар және студенттердің өзіндік жұмыс жүргізу түрінде ұйымдастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компонеттерді қамтиды.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс деп саналады. Бұл жазба жұмыстарына да қатысты талап.
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен орфограммаға сай білгендерімен, яғни, терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте сақтап қалдырады, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің , басқа да кездескен құбылыстарына "тасымалдай" алатын - ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс.
Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады, өйткені, оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ және синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, жалпылайды, сөйтіп жаттығу арқылы білім жүйеленеді. Бастауыш сыныпта, жаттығулар әр түрлі көркем мәтіндерден тұрады. Соңғы ағылшын тілі оқулықтарының сапасы жақсарып, әр түрлі формадағы жаттығулармен толықтырылды.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе "С" мен ''Ш'", '"Р мен "Л", "Ж" мен "3" дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер дұрыс оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда фонетикадан жаттығулар тек дұрыс жазумен қатар, "балалардың әдеби тіліміздің нормаларын сақтап оқуға үйрейтілуі үшін де пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетілісі сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық талдауды үйретудің 4 кезеңі бар. Әр кезең оқушылардың психофизилогиляық ойлау ерекшеліктеріне сай құрылады.
1 кезең – түсіндірілетін грамматикалық ұғымның белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалдық талдау болып табылады. Сөздердің лексикалық мағыналарымен қатар, ортақ қызметтерін қоса үйретеді. Талдау мен абстракциялау операцияларын меңгере алады.
2 кезең – анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арасындағы өзара байланысты аңғарту, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Салыстыру және жинақтау қызметін меңгере алады.
3 кезең – грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. Бұл кезеңде оқушылар танымы мен сөздік қоры кеңейіп, көбейеді.
4 кезең – түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығулар орындау арқылы іс жүзінде қолдану.
Грамматикалық ұғымды оқытудың әр кезеңдері сыныптан сыныпқа көшу барысында қайталанып отырады. Себебі бастауыш сыныпта оқытылатын грамматикалық ұғымдар сыныптан өткен сайын бірте-бірте күрделендіріліп және сабақтастыра беріледі.
Тілдің ойлау және қарым-қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты болып келеді. Бастауыш сыныпта білім берік қалыптасу керек. Себебі, жоғары сыныптардағы оқыту жұмысының табысты болуына кепілдік бере алады. Бастауыш сыныпта берілетін грамматикалық талдау жоғары сыныпта өз көмегін сөзсіз тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет