Курстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар Жұмыс оқу жоспарына сәйкес 050301 Құқықтану мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттері «ҚР Әкімшілік құқығы»



Дата17.07.2016
өлшемі105.5 Kb.
#205777
Курстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар

Жұмыс оқу жоспарына сәйкес 050301 Құқықтану мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттері «ҚР Әкімшілік құқығы» пәнінен курстық жұмыс жазады және қорғайды. «ҚР Әкімшілік құқығы» пәні бойынша курстық жұмыстарын орындау студенттердің пәнді оқу барысындағы студенттердің білімін жетілдірудің негізі болып табылады және соңғы курстарда мемлекеттік емтиханға дайындықтың бастамасы болып табылады.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік ойлау қабіеттігін тексеру, осы тақырыптар бойынша білімді бекіту және тереңдету болып табылады.

Курстық жұмысты жазбастан бұрын студент белгілі бір дайындық жұмыстарын жүргізуі керек, яғни жоспарда берілген тақырыптар бойынша өздік жұмыстарын мынадай нысанда орындауларына болады:

1 Қосымша конспект жазу.

2 Баяндама дайындау.

3 Ауызша талдау жасау. Аталған нысанда жұмысты орындағанда жалпылай талдаумен қатар жұмысқа кіріспе мен қорытынды міндетті түрде сақталуы шарт.

Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын негізгі талаптар – оның дербестігі және шығармашылық сипаты. Оқулықтарды, мақалаларды механикалық түрде көшіріп жазуға жол берілмейді. Курстық жұмыстының мәтінінде зерттеген қайнар көздерден сөздерді қолдануға болады, бірақ оған сілтеме көрсетілуі керек.

Курстық жұмыстың құрлымы келесі бөліктерден тұруы керек:

алдыңғы бет (титульный лист);

жоспар;


кіріспе;

негізгі бөлім;

қорытынды;

тапсырмаларды шешу;

қолданған әдебиерттердің тізімі.

Негізгі бөлімде таңдалынып алынған тақырып бойынша жоспарда көрсетілген сұрақтарды қарастырады. Ол толық және нақты болуы шарт. Студент өзінің курстық жұмысында әртүрлі авторлардың теориялық мәліметтерін алып, олар бойынша құқықтық танымдар, мысалдар келтіре отырып, қорытындылар шығаруы қажет. Қарастырылған әрбір жаңа тақырыпты жаңа беттен бастап сұрақтың аталуын толықтай жазуы керек. Әрбір сұрақта студенттің қысқаша қорытынды пікірі болуы шарт.

Қорытынды бөлімде қарастырылған барлық сұрақтар бойынша негізгі қорытынды мен жұмыс нәтижесін шығарылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде ең алдымен реттік негізі бойынша құқықтық нормативті актілер, содан кейін тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер жазылып, жұмыста оларға сілтемелер көрсетіледі.

Өрескел қателіктермен орындалған, сонымен қатар басқа да өрескел кемшіліктер жіберіліген жұмыстар бағаланбайды, бірақ қателіктерді жою үшін немесе қайтадан орындау үшін жұмыс студеттерге беріледі.


ЕСКЕРТУ ТАҚЫРЫП СТУДЕНТТІҢ СЫНАҚ КІТАПШАСЫНЫҢ СОҢҒЫ САНЫ БОЙЫНША ТАҢДАЛАДЫ!!!!!!!!!

Бір жумыс екінші рет қорғалуға жатпайды!

Курстық жұмысты рәсімдеу және жазу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Курстық жұмысты А-4 А4 (210x297 мм) ТМОС 2,301-68. форматты ақ беттің бір жағына жазылады. Құжаттың түпнұсқасы тқөменде көрсетілген тәсілдердің бірімен орындалады:

- қолжазбамен - Әріптің және санның биіктігі 2,5 мм кем болмау керек. Әріп пен санды құжаттың барлығында анық жазу (тушпен, сиямен немесе шарикті қаламмен, бір түспен-қара немес күлгін) керек;

- түсті қаламдарды қолдану, құжаттардағы бояулар мен сызып тасталынған мәліметтер қабылданбайды;

- ЭЕМ жазу немесе кестелік сызбаларды жазу. Шрифт – кәдімгідей KZ Times New Roman, кегль 14 пунктмен, жоларалық қашықтық интервалы - біреу. Басып шығарудың эконом түрі қабылданбайды.

Беттің төрт жағы бойынша барлық қашықтық сақталуы керек. Сол жақ 25мм, оң жақ 10мм, жоғарғы және төменгі жақтары 15мм кем болмауы тиіс.

Текстегі азат жол қол жазбада 15-17 мм немесе ЭЕМ жазғанда (1,25мм) тең болуы қажет. Қолмен жазылған тестің ара қашықтығы 10мм кем болмауы тиіс.

Қолмен немесе машинамен жазған кездегі жіберілген текстегі (графикалық) қателіктерді ақ бояумен юояп, қаламмен немесе тушпен қателікті жоюға болады. Бір бетте бес қателікке дейін жіберуге болады.

Шимай немесе із қалып бүлінген бетті жұмыс қабылданбайды.

Курстық жұмыстының қажеттілігіне қарай тарау, бөлімшелерге бөлуге болады.

Тараулар реттік санмен көрсетіліп, нүстесіс араб сандарымен және азат жолдан жазылады. Бөлімшелердің әрқасйсысы реттік санмен белгіленуі тиіс. Бөлімшелердің реттік санынан кейін нүкте қойылмайды. Тарудың бөлімдері бірнеше болуы да мүмкін.

Егер бөлімшелер жоқ болса, онда әрбір тармақтардан кейін тармақтық нөмірлері болады. Тармақтардың нөмірінің соңынан кейін нүкте қойылмайды.

Егер құжатта бөлімшелер болса, онда тармақшаларға бөлімшелердің нөмірін қоя отырып, бөлімшенің реттік санынан кейін нүкте қойып тармақшаның реттік санын жазады соңынан нүкте қойылмайды.

Егер текст тек тармақтарға бөлінсе құжаттың реттік санымен нөмірленеді.

Атаулар тарулар, бөлімдер, тармақтарды нақты көрсетуі керек.

Атаулар үлкен әріптермен азат жолды көрсетпей-ақ жазылып, соңына нүкте қойылмайды. Атауларда мөздерді тасымалдауға болмайды. Егер атау екі сөйлемнен тұрса онда арасына нүкте қойылады. Атаулардағы бөлімдер мен тармақтарға жартылай қарйтылған әріптермен жазуға жол беріледі.

Атау бөлімдері мен текс арасындағы қашықтық 3-4 интервал, қол жазбамен жазғанда 15мм, ЭЕМ жазғанда 2мм, сонымен қатар атау мен тару, бөлім мен тармақшалар арасындағы қашықтық қол жазбамен 8мм, ЭЕМ 1мм қашықтықта болады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫНЫҢ ПАРАМЕТРІ БЫЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ

Беттің сол жағы 2,5мм, оң жағы 1мм, жоғарғы және төменгі жағы 1,5мм қашықтықтан басталады.

Атаулар мен мәтіндер жалғасы бір бетте болады. Атаудың бір беттен екінші бетке жалғасыруға болмайды.

Әрбір мәтіндік құжат жаңа беттен (парақтан) басталады.

Беттерде бос орындар болмауы керек. Барлық беттер толықтай (соңғы қорытынды бетте) толтырылып жазылады.

Мазмұнда аталған құжат бойынша барлық беттердің саны көрсетіледі.

«Жоспар» сөзі ортаға жазылып алғашқы әріп әдеттегідей үлкен әріппен қалғаны қалыпты негіз бойынша жазылады. «Жоспар» сөзі жартылай қарайтылып жазылады.

Мысалы::
Жоспар

Кіріспе …………………………………………………………………….3

1 Хххххххххххххххххххххххх ……………………………………………….4

1.1 Хххххххххххххххххххххххх ……………………………………………….5

1.2 Ххххххххххх хххххххххххх ………………………………………………6

2 Ххххххххххххххххх ххххххххххх ………………………………………..9

2.1 Ххххххххххххххххххх ххххххххххххххххххххх хххххххх

хххххххххххххххххххх ххххххххх…..………………………….……...11

3 Ххххххххххххххххх хххххххххххххххх……………………...….………13

Қорытынды……………………………………………………….…............15

Қолданылған қайнар көздердің тізімі………………………….…...........16
Беттерге нөмер қою бірінші сыртқы беттен басталады. Бірақ сыртқы бетке нөмір саны қойылмайды, кейінгі беттерге н.өмір араб саны бойынша «Кіріспе» бөлімінен бастап беттің жоғарғы жағыныың оң жағына қойылады

Мәттінің соңында құжатты жазған барлық қолданылған әдебиеттердің тізімі беріледі. Әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді.

Мәтінді дайындауға қолданылған әдебиеттер тізімі мына реттермен құрылады: ҚР заңдары, заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы, министерліктер мен ведомствалардың нормативті актілері), оқулықтар, оқу құралдары, ақпаратты құралдар, монография, кезеңдік басылымдар.

Оқулықтар жөніндегі мәліметтерге (монографиялар, оқулықтар,ақпараттар және т.б.) мыналар кіруі тиіс: авторлар жөніндегі ақпараттар (автордың ат, жөні, тегі); кітаптың аталуы; басыолым жөніндегі ақпарат; шыққан орны; шыққан жылы; томның реттік саны, шығарылым немесе бөлімі; бетінің саны көрсетілуі керек.

Автордың тегін атау септігінде көрсетуі керек. Егер екі немесе оданда көп автор болса кітіпта көрсетілген рет бойынша жазып ортасына үтір қояды. Кітіптың баспадан шыққан орынынын атау септігінде көрсетуі керек.

Кезеңдік басылымдардағы мақалалар бойынша мәліметтер (ретімен) басылымы мына реттерде: автордың аты, жөні, тегі, мақаланың тарауы, мақаланың аталуы (журнал, серияның аталуы, ол болатын болса), шыққан жылы, том (қажеттілігіне қарай), басылым нөмері (журнала), мақаланың басылған беті. Заглавие статьи приводят в том виде, в каком оно дано в периодическом издании.

Бетті көрсеткенде басталған беті мен аяқталған беті көрсетілуі керек.
Құжат мәтінінің мазмұны

Құжат мәтіні қысқаша, нақты және әртүрлі талқылаулар жасалынған болуы керек.

Құжат мәтінінде мыналарға жол берілмейді:

1 Кәсіби, тенхницизм, сөйлеу сөздерін қолдануға;



  1. Сол және сондай түсініктерді әртүрлі ғылыми-техникалық термидерді, сонымен қатар шет ел сөздерін және орыс тілінің теорминдері мен сөздерін синонимдік мағаналарын қайталап қолдануға;

  2. Қарапайым сөз тіркестерін қолдануға;

  3. Қазақ орфографиясында көрсетілген ережелер бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес, сонымен қатар аталған құжатта көрсетілген қысқатулардан басқасын қолдануға;

Егер құжатта қысқартулар жиі қолданылатын болса, онда «Кіріспенің» алдындағы «Атаулар мен қысқартулар» бөлімінде қысқатулар жөнінде көрсету керек.

Әріптік шартты белгілер, суреттер немесе белгілер мемлекеттік стандарттар мен қолданыстағы заңддылықтарға сәйкес болуы керек.


Сноскалар. Сілтемелер

Сілтемелер қолданылған қайнар көзді көрсету үшін квадрат жақшада жазылады. Мысалы: "Кедендік бақылау шаралары ҚР барлық аумағында жүзеге асады [26]"

Сноскалар азат жолдан кейін беттің соңында, кестелерде, кестенің соңында горизонтальді сызық бойынша сөздің оң жағының жоғарғы бөлігінде көрсетіледі.

Сноска белгісі сөздің, санның, символдың, қосымшаға түсіндірме беру үшін мәтіннің мәнін түсіндіру үшін қойылады.

Сноска араб санымен жартылай жақшада азат жолдың жоғарғы жағына қойылады.

Мысалы: «...басып шығару құралы1)...».

___________________________

1) ххххххххххххххххххххх
Сносканы нөмірлеу әрбір беттен басталады..

Сносканы санмен қатар жұлдызшаменде қолдануға болады. Төрттен көп жұлдызшаны қолдануға тиым салынады.



Курстық жұмыстың тақырыптары
1 тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері

Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы. Әкімшілік-құқықтық нормалар құрылымының ерекшеліктері. Әкімшілік құқықтың нормаларды қолданудың түсінігі. Әкімшіліктің құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және жүйесі.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгертілуінің және тоқтатылуының негіздері. Жүйе түсінігі.

2 тақырып. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың жалпы және арнайы әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Азаматтардың құқықтарын,бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету , қорғаудағы атқарушы органдардың рөлі мен маңызы. Жолдамалардың түрлері. Жалпы және арнайы шағымдар.



3 тақырып. Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі

Атақарушы билік органдары туралы заңнама. Орталық және жергілікті атқарушы билік органдары. Орталық атқарушы биліктің органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері. Үкіметтің құрылу тәртібі. Үкіметтің құзыреті. Үкіметтің мемлекеттік органдармен қатынасы. Олардың қызметін ұйымдасуының түсінігі,құқықтық негізі. Жергілікті атқарушы билікі органдары олардың түсінігі және қызметін жүйесі, ұйымдастыру негіздері.



4 тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік қызмет қағидалары. Мемлекеттік қызметкерлердің санаттары. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік қызметті лауазымдарын ұйымдастыру.

5 тақырып. Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Кәсіпорындар мен мекемлер туралы заңнама. Кәсіпорындар мен мекемлерді тіркеу тәртібі.



6 тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары

Құқықтық және құқықтық емес қызмет нысандары. Материалды-техникалық операцияларды жүзеге асыру. Басқару құқықтық актілерінің түрлері. Басқару актілерін жою және тоқтату тәртібі. Әкімшілік-құқықтық келісім.



7 тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері

Мемлекеттік басқару аясында мәжбүрлеу және сендіру. Олардың түрдері ,мәні. Жанама басқаруға әсер етуші әдістердің түрлері, мәні. Марапаттау түрлері.



8 тақырып. Әкімшілік мәжбүрлеу

Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі. Бақылау мен қадағалау шаралары. Құжаттарды, төл құжаттарды тексеру. Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің кейпін, санитарлық жағдайларын және тұлғалардың медициналық жағдайларын куәландыру. Заңға қайшы келетін әрекеттерді тоқтату. Арнайы құралдары және қаруды қолдану. Бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан тұлғаларға әкімшілік қадағалдау жасау.



9 тақырып. Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершіліктің нормативтік-құқықтық негізі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы. Қылмыстық, тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы. Әкімшілік жазалардың мақсаттары, түрлері. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.



10 тақырып. Әкімшілік процессуалдық қызмет

Әкімшілік-процессуалдық қызметтің нормативті-құқықтық негіздері.

Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары , құрылымы. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізудің жалпы сипаттамасы. Іс жүргізу мерзімдері. Тергеуге қатысушылар. Қаулы,оның мазмұны және түрлері. Атқарушылық өндіріс.



11 тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

Басқаруда заңдылық қағидасының мәні. Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің заңнамада нормативті-құқықтық бекітілуі. Заң шығарушы билік органдарының бақылауы. Тікелей және жанама соттық бақылау. Азаматтар мен ұйымдардың қызметіне қадағалау жасауды жүзеге асыратын субъектілер. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен нысандары. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.



12 тақырып. Әкімшілік-құқықтық режимдер

Әкімшілік-құқықтық режимдердің түсінігі, түрлері. Төтенше жағдайды енгізудің, ұзартудың, тоқтатудың тәртібі. Төтенше жағдай режимі кезінде мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. Соғыс жағдай режимінің құқықтық негіздері. Әскери жағдай режиміндегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі,оның құқықтық негізгі құрамдас бөліктері:мемлекеттік шекара режимі, шекаралық режим,мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим.



13 тақырып. Экономика аясын әкімшілік-құқықтық реттеу

Өнеркәсіп, энергетика мен сауда салаларын басқаратын мемлекеттік органдар. Жоспарлауды бақылаудың ұйымдастырушылық-құқықтық жүйесі. Ауыл шаруашылығын басқаратын мемлекеттік органдар. Көліктік-коммуникациялық кешенді басқаратын мемлекеттік органдар. Табиғатты пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау салсындағы мемлекеттік бақылау. Қаржы саласын басқаратын мемлекеттік органдар. Қаржы-экономика аясындағы құқық бұзушылықпен күрес. Құрылыс және тұрғын үйді басқаратын мемлекеттік органдар.



14 тақырып. Әлеуметтік -мәдени саланы әкімшілік-құқықтық реттеу

Білім беру, және ғылым мекемелерін басқару. Мәдениет мекемелерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына мемлекеттік бақылау. Фармацевтикалық өнімдерді өндіру және сату аясындағы бақылау. Азаматтардың әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары. Туризм және спорт саласындағы мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Көші-қонды басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.



15 тақырып. Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік -құқықтық реттеу

Әскери қызмет. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары. Қазақстанның шетелдегі СІМ органдары. Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.



16 тақырып. Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқықтық негіздері

Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.


17 Тақырып Басқару, мемлекеттік басқару, атқарушы билік

Атқарушы, басқарушылық және құқық қорғау қызметінің негізгі қағидаларының ұғымы және топтастырылуы.

Объективтік басқарушылық қызметтің қағидасы ретінде.

Басқару, атқару және құқық қорғау қызметінің ұйымдастырушылық қағидаларының мазмұны.


18Тақырып Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері

Құқықтық реттеу әдістері. Құқықтық реттеу тәсілдері. Қоғамдық қатынастарды басқаруды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.


19 Тақырып Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі

Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ұғымы және нысандары (тәсілдері). Әкімшілік-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың сипаттамасы. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері. Әкімшілік-құқықтық қатынастарды топтастыру негіздері.


20 Тақырып Атқарушы билік органдары

ҚР Президентінің атқарушы билік саласындағы өкілеттіктері.

ҚР Үкіметі.

ҚР атқарушы билігінің орталық басқару органдарының ұйымдық-құқықтық мәртебесі.

ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін ҚР Мемлекеттік органдары.
21 Тақырып Жеке және заңды тұлғалар

Заңды тұлға ұғымы және негізгі белгілері.

Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары. Мемлекеттік кәсіпорындар.

Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық жағдайының негіздері.

Кәсіпорындар, мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардың түрлері.

ҚР мемлекеттік кәсіпорындарын басқару органдары.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар түрлері.

Қазыналық кәсіпорын ұғымы және тағайындалуы.

Еншілес мемлекеттік кәсіпорын. Шаруашылық серіктестік ұғымы және нысандары.
22 Тақырып Әкімшілік-құқықтық нысандар. Әкімшілік-құқықтық әдістер

Басқарудың әкімшілік әдістерінің мазмұны.

Басқарудың әкімшілік әдістері.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің түрлері.


23 Тақырып Әкімшілік мәжбүрлеу

Әкімшілік мәжбүрлеудің мақсаттары мен негіздері.

Әкімшілік мәжбүрлеуді топтастыру.
24 Тақырып Әкімшілік-мәжбүрлеу шаралары

Әкімшілік-мәжбүрлеу шараларының өзіне тән белгілері, олардың әсер етудің басқа шараларынан айырмашылығы.

Әкімшілік-мәжбүрлей шараларының мақсаттары.
25 Тақырып Әкімшілік алдын кесу шаралары

Әкімшілік алдын кесу шараларының өзіне тән белгілері, олардың әсер етудің басқа шараларынан айырмашылығы.

Әкімшілік алдын кесу шараларын қолданудың мақсаттары мен негіздері.
26 Тақырып Әкімшілік құқық бұзушылықтар. Әкімшілік жауаптылық

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы мен негізгі белгілері.

Әкімшілік жауаптылықтың заңнамалық негіздері.

Әкімшілік жауаптылықтан босату.


27 Тақырып Әкімшілік жазаға бұйыру

Негізгі және қосымша әкімшілік жазаға бұйыру.

Әкімшілік жазаға бұйыру ережелері.
28 Тақырып Басқару саласындағы заңдылық. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері

Бақылаудың құрамдас бөлігі ретіндегі атқаруды тексеру және қадағалау.

Әкімшілік қадағалау.

Бақылаудың сатылары (алдын-ала, ағымдағы, соңғы).

Бақылауды жүзеге асырушы субъектілер (Президент, заң шығарушы билік органдары, атқарушы және сот билігі органдары).

ҚР Президентінің бақылаушы өкілеттіктері.

Заң шығарушы (өкілді) органдардың бақылауы.

Атқарушы билік органдарының ( жалпы, ведомстволық, ведомстоның үстінен жасалатын) бақылауы.

Сот бақылауы.
29 Тақырып Әкімшілік процесс. Әкімшілік өндіріс. Әкімшілік юрисдикция

Әкімшілік-іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

Әкімшілік-іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары пайдалану тәртібі.
23 Тақырып Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдардың (лауазымды тұлғалардың) өкілеттіліктерінің жүйесі мен шектері

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің ведомствоға қарастылығы.


30 Тақырып Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істер бойынша өндірістің міндеттері, тәртібі, қағидалары және субъектілері. Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша істердің дәлелдеулері мен дәлелдемелері. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қозғау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістің қатысушылары.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылатын қаулылар. Олардың түрлері мен орындалу тәртібі.
31 Тақырып Ұлттық қауіпсіздікті басқару

Мемлекеттік құпия ұғымы және оны қамтамасыз ететін органдар.

Мемлекеттік шекара және оны қорғау.

Мемлекеттік шекара туралы ҚР заңнамасы.

Шекаралардың түрлері.

Шекараның саяси қорғанысы.

Шекараның экономикалық қорғанысы.

Шекараның санитарлық қорғанысы.


32 Тақырып Ішкі істер облысындағы және ҚР ІІМ ішкі әскерін басқару

Ішкі істер органдарының қызметі.

Ішкі істер.

Жол қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау.


33 Тақырып Әділет басқармасы

Азаматтық жағдай актілерін тіркеу.

Нотариалдық қызметті ұйымдастыру.

Адвокатура.


34 Тақырып Денсаулық сақтау және білім беру басқармасын ұйымдастыру нысандары

Білім беру мекемелерін басқару.

Денсаулық сақтауды басқаруды ұйымдастыру ұғымы мен негіздері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі, 30.01. 2001 ж.

2 Комментарий к Общей части Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. - Караганда, 2003.

3 Ибрагимов Х. Ю. Правоохранительные органы. Учебное методическое пособие. - Алматы, 2004

4 Сулейменова Г.Ж., Тусупбеков Р.Т. Правоохранительные органы РК. Курс лекций в схемах. - Алматы, 2003.

5 Административное право России Ч. 1. Учебник под ред. Коренева А. П. - М., 1996.

6 Административное право. Учебник под ред. Коренева А. П. - Москва, 1986.

7 Административное право РК. Учебник под ред. Таранова. - Алматы, 1996, Часть 1 (Общая).

8 Административное право РК. Учебник под ред. Таранова. - Алматы, 1996, Часть 1 (Особенная).



Қосымша әдебиеттер

9 Административная деятельность ОНД. Часть общая. Учебник под ред. Коренев А. П. - М., 1993.

10 Административно-юрисдикционная деятельность органов внутренних дел (милиции). Учебное пособие (практикум). - Под ред. Коренева А. П. - Москва, МВШМ МВД СССР, 1988.

11 Алехин А. П., Козлов Ю. М. Административное право РФ. Ч. l,2 Учебник­ Москва,1995.

12 Бахрах Д.Н. Административное право России: Учебник для вузов. – Москва: Издательство НОРМА (Издательская группа НОРМА – ИНФРА* М), 2001. – 640 с.

13 Тихомиров Ю.А. Курс административного права и процесса. – Москва: ИНФОРМЦЕНТР, 1998. – 798 с.

14 Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Административное право Российской Федерации. Учебник. – Москва: ЗЕРЦАЛО, 2000. – 672 с.

15 Веремеенко И.И. Механизм административно-правового регулирования в сфере охраны общественного порядка. - Москва,1982.

16 Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях. Учебно-методическое пособие /В. Н. Лапшин, М. А. Кызылов. Караганда, 2001. 282 с. 17 Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях (Общая часть): Альбом­ схем /Сост. В. Н. Лапшин, М. А. Кызылов. – Караганда, 2001. - 111 с.

18 Административно-юрисдикционная деятельность органов внутренних дел. Альбом схем. Учебное пособие. / В. Н. Лапшин, М. А. Кызылов и другие. Караганда, 2000.

19 Кисин В. Р. Административное правонарушение: понятие, состав, квалификация. - Москва, 1991.

20 Коренев А. П. Нормы административного права и их применение. - Москва,1978.

21 Петров Г.И. Советские административно-правовые отношения. - Москва,1972.

22 Производство по делам об административных правонарушениях, рассматриваемых органами внутренних дел (милицией). Учебное пособие (образцы документов). Под ред. Коренева А. П. - Москва, МВШМ МВД РК СССР, 1989.

23 Сборник нормативных актов по административной деятельности органов внутренних дел. - Москва, 1985.

24 Татарян В. Г., Яблонский И. Э. Правовые основы обеспечения безопасности граждан, общества и государства. Часть 1, справочник. - Караганды, 1996.

25 Татарян В. Г., Яблонский И. Э. Правовые основы обеспечения безопасности граждан, общества и государства. Часть 2, справочник. - Караганды, 1996.

26 Татарян В-Г. Административное право Республики Казахстан. - Караганды, 1994.

27 Татарян В.Г., Омаров И.А. Казахстанское административное право. Учебное пособие. Часть 1. - Алматы, 1997.

28 Шергин АЛ. Административная юрисдикция. - Москва, 1986.

29 Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в РК. Учебное пособие - Астана, 2000.

30 Абулгазин С. Б. Административно-правовые отношения в деятельности милиции по охране общественного порядка. - Караганда, 1984.

31 Административное право. Учебник под ред. Коренева А. П. - Москва, 1986.

32 Сулейменова Г.Ж., Тусупбеков Р.Т. Правоохранительные органы Республики Казахстан. Курс лекций в схемах. Алматы – Караганда: Издательство ТОО «Арко», 2003. – 270 с.



33. Гуценко К. Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. Учебное методическое пособие. - Алматы, 2001.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет