Л. Н. Гумилев атындағы



Дата17.06.2016
өлшемі44.94 Kb.
#143843
Л.Н.Гумилев атындағы
Eуразия ұлттық университетінің
баспасөз-қызметі
Қазақстан Республикасы
Астана қ.Мұңайтпасов көш. 5
тел: 8 (7172) 70-95-08


Баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2013 жыл 15 ақпан сағат 10-00 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
ҚР ҰҒА академигі Ж.М.Әбділдиннің туғанына 80 жыл

«Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты ІІ Халықаралық- теориялық конференция
2013 жылдың 16 ақпаны күні ғұлама ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Президенттің Бейбітшілік және ынтымақтық келісім сыйлығының лауреаты Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің туғанына 80 жыл толады. Академик Ж.М.Әбділдинге осы мерекеге орай салтанатты құрмет көрсету аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірігіп, «Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты ІІ Халықаралық- теориялық конференция өткізеді. 14-16 ақпан аралығында өтетін кы).

Бұл конференция «Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты конференцияны бес жылда бір өткізіп тұру туралы ұсыныстың іске асуы болып табылады. Осы ұсыныс 2008 жылдың15-16 ақпанында өткен «Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты І Халықаралық- теориялық конференцияның пленарлық мәжілісінде қабылданған болатын.

Ж.М.Әбділдин қазақстандық диалектика, диалектикалық логика мектебінің негізін қалаушы ретінде әлемге әйгілі. Бұл мектеп ғылыми таным теориясының, диалектиканың, сыни шығармашылық ойлауды дамытудың, адамның тұлға болып қалыптасып, жетілуінің өзекті мәселелерін зерттеген.

Әбділдиннің философиялық мектебі басынан бастап, ғылыми танымның шығармашылық әдісі ретінде диалектика теориясын жасаған Эвальд Ильенков, Владислав Лекторский және олардың ізбасарлары сияқты ресейлік ғалымдармен тығыз ғылыми байланыста болып, шығармашылық жобаларды бірігіп жасады. Әбділдин мен мәскеулік зерттеушілердің бұл шығармашылық байланыстары бүгінге дейін жалғасын тауып отыр және оның философияның дамуы мен екі елдің де философиялық мәдениетінің жетілуіне оң ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар, бұл еуразиялық кеңістіктегі мәдени дәстүрдің сақталуы мен сабақтастығының жарқын үлгісі ретінде де маңызды.

Жабайхан Мүбәрәкұлын мерейтойымен құттықтап, конференцияға қатысу үшін философия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі Гусейнов Абдусалам Абдулкеримович(Мәскеу); Фишлер Альберт – профессор, Қазақстан республикасының Бейбітшілік және ынтымақтық келісім сыйлығының лауреаты (Париж, Франция); Пружинин Борис Исаевич – философия ғылымдарының докторы, профессор, «Вопросы философии» журналының бас редакторы (Мәскеу, Ресей); Юдин Борис Григорьевич – РҒА корреспондент-мүшесі , философия ғылымдарының докторы, Мәскеу гуманитарлық университетінің профессоры (Мәскеу, Ресей); Долгов Константин Михайлович – философия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Философия институтының бас ғылыми қызметкері, Лобастов Геннадий Васильевич – философия ғылымдарының докторы, профессор, МГИЭТ-Техникалық университетінің философия және социология кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей); Щедрина Татьяна Геннадьевна – философия ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Мәскеу, Ресей) келеді. Өзінің құттықтауын философия ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі Лекторский Владислав Александрович жолдауда.

Ж.М.Әбділдиннің пікірлестері посткеңестік кеңістіктің барлық өңірінде бар десе де болады, сондықтан конференцияға қызығушылық танытқандар өте көп, өтінімдер Ресейдің түкпір-түкпірінен (Екатеринбург, Красноярск, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону), Украинадан, Өзбекстаннан келіп түсті. ІІ Халықаралық-теориялық конференция алыс шетелді де – Германия, Вьетнам, Польша және т.б.– қамтиды.

Жабайхан Мүбәрәкұлы қазақстандық диалектика мектебінің негізін қалаушы ретінде, көптеген отандық философтардың жетекшісі болған, біздің елімізде ол кісінің шәкірттері де, ізбасарлары да көп. Олар, Алматы диалектика мектебі, ең алдымен, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбдімәлік Нысанбаев, философия ғылымдарының докторлары, профессорлар Әбішев Қажымұрат, Александр Александрович Хамидов, Сергей Юрьевич Колчигин, Мұрат Сәбит, Грета Георгиевна Соловьева, Анатолий Григорьевич Косиченко, Изотов Мұхтар Зиядаевич және басқалар.

Адамзаттың материалдық және рухани мәдениетін алуан түрлілігімен және қайшылықтарымен қоса тұтас қамтитын, сыни шығармашылық ойлаудың әмбебап әдісін ұсынатын диалектика, қазіргі қоғам өмірінің барлық саласындағы қайшылықтардың шиеленіскен кезеңінде әлі де қажет, әлі де өзекті.Сондықтан конференция шеңберінде қарастырылатын сұрақтар да көп, сантүрлі. Конференцияда диалектика, диалектикалық логика және таным теориясы мәселелері, адам , ізгілік және мәдениет мәселелері, ғылым және әлеуметтік- гуманитарлық таным әдіснамасы, дін және білімнің өзекті сұрақтары диалог түрінде талқыланбақшы, әрине, бұның өзі осы сұрақтардың көпшіліктің пікірталасына айналуына және шешімін табуына жол көрсетері анық.

Академик Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин өз отанына әртүрлі салада, әртүрлі қырынан қызмет еткен адам: әрі дарынды ғалым ретінде, әрі тәуелсіз Қазақстан үшін қиын жылдарда депутат, ҚР Парламент Сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы, ҚР Президент жанындағы Адам құқы туралы комиссияның төрағасы қызметімен, яғни мемлекет қайраткері ретінде. Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры ретінде жас ұрпаққа өзінің білімі мен тәжірибесін береді, бұл отандық философиядағы сабақтастықты, оның әлемдік деңгейге шығуын қамтамасыз етеді.

Конференция 2013 жылдың 16 ақпанында (басталуы сағат 11.00 - де) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас әкімшілік ғимаратында Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдинді салтанатты құттықтау рәсімімен аяқталады. Бұл шараға шетелдік және отандық құрметті қонақтар, олардың ішінде өкімет мүшелері, облыс әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысады.

Аккредиттеуден өту сілтемесі

http://www.enu.kz/ru/press-center/accreditaciya/

БАҚ өкілдерінің тіркелуі 15.02.13 сағат 9:30 басталады



Өткізу күні: 2013 жыл 15 ақпан

Өткізу орны:

Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.Тұңғыш Президент аудиториясы 208



Өткізу уақыты: 10.00 – 13.00 аралығы

Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-95-48 ( ішкі 31-118, 31-116), 709-548

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист +7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05



Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі

+7-701-366-35-99

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет