L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



Дата25.02.2016
өлшемі29.36 Kb.
#25664

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


2015 жылы 26 тамыз күні сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Сәтбаев көшесі 2, 303 ауд.) Студенттер үйінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг өтеді.

Брифингке ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы мен «Студенттер Үйі» дирекциясының директоры Еркебұлан Нұғыманов қатысып, қойылған сауалдарға жауап береді.

Жыл сайын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға келушілердің және студенттер үйлеріне тұруға ынта білдірушілердің саны артып келеді. Білім ордасында алты Студенттер үйі бар. Оқу орнындағы №2, 3, 6 жатақханаларда ақтау, сырлау, линолеум ауыстыру, дизенфекциялау жұмыстары жүргізіліп, №4 жатақхана күрделі жөндеуден өтті. Жатақханалардың бірінде кинотеатр, енді бірінде би залы, келесі бірінде спорт залы жұмыс істейді. Кинотеатрдағы фильм репертуарын студенттердің өзі таңдайды. Фильм тегін көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап университет ректоры (ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор) Ерлан Сыдықовтың 2015 жылғы 24 маусымдағы №799жс бұйрығына сәйкес Студенттер үйінде тұруға өтініштерді қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Бүгінгі күнге дейін жатақханаға мұқтаж студенттерден келіп түскен өтініштер саны 2500-ге жетіп артылады.

Еліміздің ертеңі саналатын жастарымызға әлеуметтік көмек көрсетіп, олардың алаңсыз білім алуына, толыққанды маман болып қалыптасуына мемлекетіміз бен Еуразия ұлттық университетінің ректораты бұрынғыдан да артық көңіл бөліп отыр. Себебі, университеттің алға қойған басты мақсаты – білім алуға келген студент жастарды мүмкіндігінше жатақханамен толық қамтамасыз ету.

Сондай-ақ 2015-2016 жаңа оқу жылына студенттерді студенттік үйлерге уақытында орналастыру үшін, олардың алыс аймақтардан келетіндігін ескере отырып, мейрам, демалыс күндері студент үйлеріндегі қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Цесна банк басшылығымен келісім жасалып, төлем қабылдау да мейрам және демалыс күндері жүргізілмек.

Ректордың бекіткен кестесіне сәйкес биылғы жаңа оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс бар. Бұрын алдымен жоғарғы курс, содан соң 1 курс студенттері орналасатын болса, биылғы оқу жылында 1 курс факультет бойынша орналасу принципі сақтала отырып, бірінші кезекке қойылды.Студенттер үйлеріне орналасуға алғашқы кезекте 1 курс грант иегерлері, жетімдер, мүгедек студенттер орналастырылады.

Ақысыз түрде орын алатын топқа: мүгедектер, жетімдер және мемлекетаралық келісім бар ауғанстан студенттері жатқызылады.

2015-2016 жаңа оқу жылына студенттер үйіне орналасу кестесі төмендегідей:

1 курс – 25-27 тамыз;

2 курс – 28-29 тамыз;

3 курс – 30-31 тамыз;

4 курс студенттерінің әлеуметтік жағдайы ескеріле отырып 10 қыркүйектен бастап өтініштері тіркеліп қарастырылады. Ол туралы оқу жылының соңында бітіруші курстардың студенттер үйінде тұрмайтындығы туралы әр студенттер үйінде комиссия құрылып, студенттерге жиналыс өткізіліп, ескертілген.

Студенттер үйлері асхана және буфеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тегін интернет жүйесі, 230 адамдық кинотеатр, ойын алаңдары бар.

Тағы бір айта кетері, «Отырар» кітіпханасы жанынан 9 қабатты, 500 орындық студенттер үйінің құрылысы бой көтеріп келеді. Осының өзі болашақ жастарымыз үшін үлкен әлеуметтік көмек.

Сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы өз жатақханасынан Еуразия ұлттық университеті студенттері үшін қазіргі таңда 225 орынды беруді жоспарлап отыр.

Бұл да болса студенттер үшін әлеуметтік мәселені шешуде үлкен әсерін тигізеді.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет