Label компонентінің қасиетері



Дата02.01.2022
өлшемі14.65 Kb.
#454113
Label компонентінің қасиеттері


Label компонентінің қасиетері
Text Box компоненті - қосымшаға әр түрлі информация енгізу және шығару үшін қолданылатын компанент. Қосымша орындалғанда пайдаланушы бұл объектіде жазылған жазуды редакциялауына болады.
Label компоненті – информацияны шығару үшін қолданылатын компонент. Көптеген қасиеттері Text Box компонентінің қасиеттеріне ұқсайды. Бұл компоненттің Text Box объектісінен өзгешеліктері:
- мұнда қосымша орындалғанда тексті редакциялауға болмайды.
- бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады.
CommandButton компоненті батырма жасау үшін қолданылатын кеңінен қолданылатын пайдалы объектілердің бірі болып табылады.
Text Box компанентіне қосымша жасау сабақты компьютер арқылы қосымша жасау арқылы түсіндіру.
Мысалы: Бір ғана TextBox компонентінен тұратын қосымша іске қосылғанда Text1 алаңына Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10 – сыныбында оқимын деген мәтін шығу керек.
Қосымша жасау үшін:
1. Формаға Text1 компонентін орналастырып, формада оны керектігінше созғаннан кейін, оның MultLine қасиетіне True мәнін орнатамыз.
2. Форманың кез келген жерін екі рет шертіп, шыққан программалық код терезесіне келесі процедураны жазамыз:
Private Sub Form_Load()
Text1. Text= “Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10 – сыныбында оқимын”
End Sub
3. Процедураны толтырғаннан кейін қосымшаны Run - Start командасын орындау арқылы іске қосқанда Text1 алаңына мәтін шығады.
Формаға TextBox, Label, CommandButton компоненттерін пайдаланып, у=5*х^3 өрнегін есептейтін қосымша құру.
Қосымшаны құру барысы:
1. Форманың Caption қасиетінің мәніне у=5*х^3 өрнегін жазыңыз
2. Формаға нәтиже шығару үшін Label 1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетінің мәнін тазалаңыз.
3. Формаға CommandButton 1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне Есепте мәнін беріңіз.
4. Формаға CommandButton 2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне Тазала мәнін беріңіз.
5. Формаға Х - тің мәнін енгізу қызметін атқаратын Text1 компонентін орналастырып, Text қасиетінің мәнін тазалаңыз.
6. Формаға түсініктеме жазу үшін қызмет атқаратын Label 2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне Х= мәнін беріңіз.
7. CommandButton 1 компонентін екі рет шертіп, кодтар терезесінде берілген өрнекті есептейтін процедура толтырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет