Лабораториялық ЖҰмыс №2 Тақырыбы



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі91.67 Kb.
#452401
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ


Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТ





ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №2

Тақырыбы: Гидрометеорологиялық элементтер мен құбылыстардың орташа және шеткi даталарын анықтау (көпжылдық кезеңдегi сипаттық су өтiмдерi мысалында)

Орындаған: Рахымғали Мерей Гид-21

Тексерген: Құрманғазы Е.

Нұр-Сұлтан-2021ж.



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №2

Тақырыбы: Гидрометеорологиялық элементтер мен құбылыстардың орташа және шеткi даталарын анықтау (көпжылдық кезеңдегi сипаттық су өтiмдерi мысалында)
1 Жалпы ережелер

Әр түрлi гидрологиялық және метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың басталуының орташа және шеткi (ерте және кеш) даталарын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор.

Аталған даталар: су объектiлерiнiң қатуы мен еруi, ауа температурасының 00С өтуiнiң даталары, қар жамылғысының пайда болуы және еру даталары, ең жоғары және ең төменгi су өтiмдерi мен су деңгейлерiнiң байқалған даталары жөнiнде бiлiмiмiз болмаса аумақтың гидрометеорологиялық режимiнiң ерекшелiктерiн зерттеу, су деңгейлерi мен су өтiмдерiнiң тербелiстерiнiң типтiк графиктерiн, қамтамасыздығы әртүрлi есептiк гидрографтарды тұрғызу, гидрологиялық және метеорологиялық болжамдар әзiрлеу, сондай-ақ өзендердегi навигациялық кезеңдi, жылу беру маусымын анықтау мүмкiн емес, гидрометерологиялық ақпараттың басқа түрлерiн пайдалану мүмкiндiгi күрт қысқарады.
2 Тапсырманың мазмұны

Берiлгенi: Нақты гидрологиялық бекет бойынша “Негiзгi гидрологиялық сипаттамалар” анықтамалығынан алынған көпжылдық кезең үшiн сипаттық су өтiмдерiнiң кестесi.

Қойылатын талап: Ең жоғары және ең төменгi су өтiмдерiнiң орташа және шеткi мәндерiн, олардың байқалған орташа және шеткi даталарын анықтау.
3 Жұмысты орындау тәртiбi

3.1 Бақылау мерзiмi 20 жылдан кем емес гидрологиялық бекеттi таңдап алу керек. Бақылаудың деректерi 2-кестеге жазылады, оған жыл iшiндегi ең жоғары және ең төменгi, қыс айларындағы ең төменгi және жаз айларындағы ең төменгi су өтiмдерi және әрбiр жыл үшiн олардың даталары енгiзiледi. Су өтiмiнiң шеткi мәндерi (көпжылдық кезеңдегi ең жоғары мәндердiң ең жоғарысы және ең төменгi мәндердiң ең төменгiсi) және шеткi даталары (көпжылдық кезеңдегi ең ерте және ең кеш даталар) бастапқы деректердiң 2-кестесiнен таңдалады.

3.2 Көпжылдық кезең үшiн орташа ең жоғары және орташа ең төменгi су өтiмдерiн анықтау үшiн олардың жылдық мәндерiнiң арифметикалық орташасын табады.

3.3 Көпжылдық кезең үшiн орташа даталарды төмендегiдей анықтайды:

Санақ басын таңдаймыз. Санақ басы ретiнде жылдың басын, көпжылдық кезеңдегi ең ерте датаны немесе қандайда бiр айдың 1-шi күнiн санақ басынан барлық ауытқулар (күндер есебiмен) оң болуын есепке ала отырып қабылдауға болады. Берiлген жұмыста санақ басы ретiнде көпжылдық кезеңде ең төменгi (немесе ең жоғары) су өтiмi байқалған ең ерте датасы кiретiн айдың 1-шi күнi алынады. Сонан кейiн әрбiр жыл үшiн даталардың санақ басынан ауытқуын есептеймiз. Орташа ауытқуды көпжылдық кезең үшiн орташа арифметикалық ауытқу ретiнде анықтаймыз. Санақ басына орташа ауытқуды қосып көпжылдық кезең үшiн орташа датаны табамыз (2-кестенi қараңыз). Мысалы, ең жоғары су өтiмiнiң орташа датасын есептеу кезiнде санақ басы ретiнде 1/IV алу керек. Ауытқуға санақ басы ретiнде алынған күндi де қосады.

2-кесте. Жабай көлі Атбасар қ. Өзен алабы ауданы 8350 км2 (1960-1985)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет