Лабораториялық сабақтарға арналған тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата18.09.2024
өлшемі175 Kb.
#503760
түріНұсқаулар
  1   2   3
Зертханалық жұмыстар үшін ӘН



МЕХАНИКА 
Зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсыныстар және 
нұсқаулар 
 
Физпрактикумды оқытудың мақсаты. Жалпы физикалық практикум 
студенттерге «Механика» курсында оқылатын физикалық заңдарды терең түсінуге 
көмектеседі, студенттерді маңызды физикалық шамаларды өлшеуге және олардың 
дәлдігін бағылауға үйретеді. 
Физпрактикумды оқытудың міндеттері. Көрсетілген мақсаттарға жету 
үшін: 
- «Механика» қурсындағы теориялық материалды нақты физикалық 
құбылыстарды анализдеуге қолдануды үйрену; 
- механикадағы негізгі физикалық заңдылықтарды эксперименттік түрде 
оқып-үйрену қажет 
Физпрактикумды жасау нәтижесінде студент: 
- өлшегіш приборлар және эксперименттік қондырғылармен жұмыс істеуге 
дағдылануы; 
- маңызды физикалық шамаларды өлшеуді үйренуі, олардың дәл мәнін
анықтауда қазіргі заманғы физиканың соңғы жетістіктермен танысуы; 
- экспериментте алынған информацияларды кесте, график, схема түрінде 
көрсетуге дағдыны қалыптастыруы; 
- алынған нәтижелердің дәлдігін бағалай білуі керек. 
Физпрактикумды оқытудың мазмұны. 
Кіріспе. 
Қателіктер теориясының элементтері және өлшеулер нәтижелерін өңдеу. 
Лабораториялық жұмыстар бойынша есептеуді жүргізу әдістері. Механика бойынша 
лабораторияда қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж жүргізу. 
Жалпы өлшеулер. 
Бір ғана физикалық шаманы бірнеше рет өлшеу мысалымен қателіктер 
теориясындағы 
статистикалық 
заңдылықтарды 
эксперименттік 
зерттеу. 
Ұзындықты, ауданды, көлемді өлшеу. Нониусты, микрометрді оқып-үйрену. 
Кинематика және қатты дененің динамикасы. 
Ньютонның екінші заңын тәжірибелік тексеру. Обербек маятнигімен 
айналмалы қозғалыстың динамикасының негізгі заңын зерттеу. Инерция моментін 
өлшеу. Инерция эллипсоидын зерттеу. Гироскоп. 
Импульстің, импульс моментінің және механикалық энергияның сақталу 
заңдары 
Сақталу заңдарын тәжірибелік тексеру. Шарлардың серпімді соқтығысын 
зерттеу және Юнг модулін анықтау. Айналмалы-баллистикалық маятниктің 
көмегімен дененің ұшу жылдамдығын анықтау. 
Тербелістер. 
Математикалық және физикалық маятниктердің тербеліс заңдарын зерттеу. 
Аударылмалы маятниктің көмегімен ауырлық күшінің үдеуін анықтау. Сыбайлас 
маятниктің тербелісін зерттеу. 
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. 
Көлденең қимасы айнымалы құбырдағы статикалық және динамикалық 
қысымдарды сұйықтың стационар режімінде өлшеу. Тұтқыр сұйықтың қозғалысын 
зерттеу, ламинар және турбуленттік ағыстар. Рейнольдстің критикалық санын 
анықтау. Сұйықтың тұтқырлығын Стокс әдісімен анықтау. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет