Ұлан ауданы бюджетінің 2011 жылғы 1 қазан жағдайындағы орындалуы туралы ақпарат



Дата17.07.2016
өлшемі14.19 Kb.
#204599
Ұлан ауданы бюджетінің 2011 жылғы  1 қазан жағдайындағы орындалуы туралы ақпарат

Ұлан ауданының 2011 жылға нақтыланған бюджеті табыстар және шығыстар бойынша 3002,2 мың теңге сомасын құрайды, оның өзіндік табысы - 637757,0 мың теңге, жалпы түсімнің 21,2 % құрайды, трансферттер мен субвенциялар -  2297083,0 мың теңге және 2011 жылғы 1 қаңтар жағдайындағы бос қалдықтар 31463,8 мың теңге сомасында.


1 қазандағы жағдай бойынша, бюджеттің табыс бөлігі 100,4 %-ға орындалған, соның ішінде өзіндік табыстардың түсуі болжамы  101,9 %-ға орындалды, болжам  476960,0 мың теңге болғанда, түскені 486043,2 мың теңге немесе болжам  9083,2 мың теңгеге асыра орындалды.
Ағымдағы жылдың 1 қазаны жағдайындағы бюджет шығысы -  2211825,1  мың теңге сомасында, бұл есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарының 98,1 % құрайды. Әкімшілер бойынша 41879,2 мың теңге сомасында лимиттер игерілмеді, оның  19932,1 мың теңгесі нысаналы  трансферттер бойынша және 21947,1 мың теңгесі жергілікті бюджет қаражаты.  
2011 жылдың 30 қыркүйегінде өткен Ұлан аудандық мәслихатының кезекті сессиясында «2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 220 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2011 жылғы түсімдердің көлемі бойынша аудан бюджеті 25944,0 мың теңге сомаға өсіп,  3028204,3 мың теңгені құрады, соның ішінде: 
- салық түсімдері 6500,0 мың теңге сомасына өсті;
- ресми трансферттер түсімі 19444,0 мың теңге сомасына өсті.
Шығыстар бойынша нақтыланған бюджет 25944,0 мың теңге сомасына өсті және 3028204,3  мың теңгені құрады, соның ішінде:
- облыстық бюджеттен Молодежное кентіндегі «Алёнушка» балабақшасын ағымдағы жөндеуге және материалдық жарақтауға бөлінген трансферттер есебінен шығыстар 17562 мың теңге сомасына өсті; 
- көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер  1882,0 мың теңге сомасына өсті;
- аудан мектептері бойынша әкімшілік шығындар шығыстары 5004,6 мың теңге сомасына өсті;
- Бозанбай а. «Айгөлек» балабақшасына жиһаз, құрал-сайман және өзге де тауарлар сатып алуға, қосымша штаттың жалақысы мен салықтарына, сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларының балаларын тамақтандыру үшін аудан бюджетінің шығысы 1839,4 мың теңгеге өсті; 
- Мәдени-сауықтыру жұмыстарын қолдау шығыстары 2168,0 мың теңгеге өсті, еңбеақыға, жылытуға және басқа да шығыстарға.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет