Лекци Мәдениеттануға кіріспе Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және пәні ретінде. «Мәдениет»



бет1/6
Дата25.01.2022
өлшемі24.23 Kb.
#454796
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Мадениеттану лекция 1


Лекция1. Мәдениеттануға кіріспе


  1. Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және пәні ретінде.

  2. «Мәдениет» ұғымының қалыптасуының тарихы.

  3. Мәдениеттің құрылымы: материалдық және рухани мәдениет.

  4. Мәдениеттанудың әлеуметтік және гуманитарлық басқа да ғылым салаларымен (философия, антропология, әлеуметтану, психология, этнография, өнертану, т.б.) байланысы.

Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжірибесін адам санасында қалыптастырып, болащақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда да мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады. Адам арқылы жасалынған жасанжы нәрселер және адамнан тысқары, тәуелсіз бар дүние арасындағы айырмашылықтардан туындайтын сұрақтарды философия тарихында әр уақытта қарастырылып жүрді. Бірақ, мәдениетті талдау тек қана ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап болмысты философиялық тұрғыдан ұғынудың ең қажетті құрамдас бөлігі болды. Ал ХХ ғасырдың мәдениеттануы философия мәдениетімен тығыз байланыста бола отырып жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының мәселелері шамамен осы уақытта көрінді. Жалы мәдениеттанудың талқылап келе жатқан объектісі мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы және диалогі, мәдениет құрылымдары және функциялары. Жалпы ғалымдардың шығармашылығында философия мен мәдениеттану мәселелері бірімен бірі араласып, иінтіресіп, өріліп, тығыз байланыста болады. Мәдениетті анықтау әрқашан да концептуалды, өйткені оның өзі нақты әлемді тану бағытына меңзейді, оның ең маңызды өзегі болып адам, ізгілік, әсемдік, сенім, ақиқат сияқты категориялар саналады. Ол адамдардың әлеуметтік өміріне байланысты адамның мәнін, болмыс жүйесіндегі орнын ұғу сияқты бақилық сұрақтардың жорамалдарын ұстанады. Бұл жағдайда мәдениеттану ғылымының пәні нақты объект емес, оны нақты құбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының (мифтік, діни, философиялық, ғылыми, өнер, т.б.) сұрыпталған ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім деп қарастырған жөн. Жалпы қорыта келе мәдениеттанудың пәнін төрт топқа бөліп қарастырған жөн. Мәдениеттанудың зерттеу объектісі – мәдениет, бірегей көп қырлы құбылыс. Сол себептен оның пәнінің де бірнеше топқа бөлінуі заңды. Мәдениеттану пәнінің бірінші тобына табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, мәдениет құрылымдары мен функциясы, даму заңдылықтары, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінің өзара байланыстары туралы білімдер жатады.



Мәдениеттану пәнінің екінші тобына мәдени өмір сүру аспектісі арқылы қарастырылатын бүкәіл әлем жатады да, негізгі мазмұны болыпадамның өзін және табиғатқа қатынасын ізгілендіру саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адамзат айқындаған әрі жасаған болмыс ретінде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталады.

Мәдениеттану пәнінің үшінші тобына ең алдымен мәдениеттің рухани сыңарлас жақтарының (миф, дін, өнер, философия) шығу тегі, табиғатты, мазмұны мен мәні және олардың трансформациялануының даму барысы, оларды болжау, ал болашақта басқару жатады. Бұл мәндер көптеген адамдарды біріктіріп, сезім-ойларының негізін құрайды, іс-әрекеттің түрлерін туындатып, жалпы мәдениетті жасайды.

Мәдениеттану пәнінің төртінші тобына адамдардың әлеуметтік тәжірибесін іріктеу, шоғырландыру және әрекет түрлерін қолдануға жаңа ақпараттар көздерін ашу жатады. Ғасырлар бойғы жинақталған мәдениет туралы теориялық білімдердің жиынтығын жүзеге асырады.

Адам – мәдениетті тану мәселелерінің негізі. Осыған байланысты мәдениет түсінігін адам әрекеттерінің алғашқы болмыс тіршілігінің амалы ретінде қабылдай отырып, оны адамдардың іс-қимылы арқылы түсіну қажеттілігін есте сақтау керек.



«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни шығу тегіне тоқталған жөн. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.э.д.45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанжы жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берәілген:

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстарының, шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит, крит-микен, қазақ мәдениеттері, т.б.);

б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек, құқық мәдениеті, т.б.);

в) агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

«Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы – дінге табынушылық.

Көне заманда полистік қалаларда мәдениет тәрбие беруді әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы түсіндірген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған.


Тәрбие, білім, даму
1 – кесте

табыну, ғибадат, құрмет← МӘДЕНИЕТ → жерді өңдеу, баптау


Ежелгі Грекияда дағды, ептілік, іскерліктер жиынтығы,

Грекиялық дәстүрлерді сақтау



Ежелгі Римде жерді өңдеу, жазба ісін жетілдіру,

мінез-құлықтың заңдарын жасау



Орта ғасырда «өркениет» ұғымына жақындау ұғымды бейнеледі,

жалпы қалалық өмірдің әдет-ғұрпын айқындады



Қайта өрлеуде әмбебап, өзіндік қасиетті кемелдендіруді білдірді

XVIII ғасырда ақыл-ойды, ағарту барысын көрсетті

ХІХ ғасырда қоғам мен адамның өзін-өзі бейнелеудің рухани түрі

ХХ ғасырда мәдениет феноменін ұғудағы бұрын-соңды болмаған

амалдар (құндылықтық, әлеуметтік, қызметтілік, т.б)


Мәдениет ұғымын айқындаудағы әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктері және ғалымдардың да әртүрлі тұрғыдан түсіндіруі мәдениет құрылымын қарастыруға да тән. Мәдениетті біртұтас жүйе тұрғысында материалдық пен рухани өндіріс түрлеріне сай әдетте материалдық мәдениет және рухани мәдениет деп екі түрге бөлу қалыптасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет