Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет58/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Ультрадыбыспен пісіру 
Пісірудің бұл әдісі кезінде қосылыс қысымның және ультрадыбыстық тербелістердің 
әсер етуімен құрылады (3.17-сурет). 
3.17-сурет – Ультрадыбыспен пісірудің сұлбасы 
Пісіру қондырғыларында ультрадыбысты тербелістерді келесі түрде алады. Ток 1 – 
жоғары жиілікті генератордан қалыңдығы 0,1-0,2 мм тілімшелерден жиналатын, 2 – магниттік-
стрикциялық түрлендіргіштің 3 – орамасына беріледі.
Ультрадыбысты тербелістерді түрлендіргіштер пісірудің немесе желімнің көмегімен 4 – 
толқын жолымен қосылады. Толқын жолы тербелістерді 5 – шоғырлағышқа таратады. Цилиндр 
пішінді толқын жолы тербелістер амплитудасын өзгертпейді, ал сатылы, конустық 
шоғырлағыштар оларды күшейтеді. Сондықтан шоғырлағыштың арнайы пішіні таңдалады, ал 
оның мөлшерлерін қажетті күшейту коэффициентін есепке алып есептейді. 
Толқын жолы жүйесінің мөлшерлері пісіру аймағында тербелістердің максимум 
амплитудалық мәні болатындай таңдалады (3.17-сурет, 10-қисық). 
Толқын жолын 9 – тіреудің жанында бұру есебінен 6 – пісіруші шығыңқылық (ұштық) 7 
– тетіктерді бір-біріне және пневматикалық немесе рычагты-жүк типті механизмдермен 
құрылатын, Р күшімен төменгі тіреуге – 8 – электродқа қысады. 
Нәтижесінде қысымның астында болатын тетіктерге, шоғырлағыш арқылы бойлық, 
ығысу тербелістері әкелінеді. Піскен қосылыс қысым мен ығысу кезіндегі тербелістердің 
бірлескен әсері нәтижесінде құралады. 
Ультрадыбыспен пісіруді келесі облыстарда қолдану аса ұтымды болады: 
1. Аз қалыңдықты тетіктерді пісіру. Бұл кезде ультрадыбыспен пісірудің, мысалы, 
конденсаторлық пісірудің алдында белгілі артықшылықтары бар. Бұл артықшылықтар мынамен 
себептелген: аз қалыңдықты тетіктерді қосу үшін қолданылатын, конденсаторлық пісіруге 
қарағанда, тетіктердің бірдей қалыңдығы кезінде ультрадыбыспен пісіру кезінде нүктенің 
диаметрін артық алуға болады. 


100 
2. Әртүрлі қалыңдықты тетіктерді және басқа әдістермен пісірілмейтін немесе қиын 
пісірілетін, әр текті металдарды пісіру. Металдарды металл еместермен (жартылай 
өткізгіштермен, шынымен және кейбір басқа материалдармен) ультрадыбыспен пісіру кезінде 
елеулі табыстарға қол жеткізілген.
Бұл электрондық және радиотехникалық өнеркәсіпте ультрадыбыстық пісірудің 
қолданылуын қамтамасыз етті. Ультрадыбыстың көмегімен пластмассалардан тетіктерді 
пісіреді. Лазермен пісірумен қатар, ультрадыбыспен пісіру биологиялық тканьді қосу үшін 
қолданылады, бұл ультрадыбыспен пісіруді пайдаланудың теңдессіз мысалы болып табылады 
және сонымен бірге, оның кең мүмкіндіктерін сипаттайды. 
3. Термиялық өңделген материалдардан жасалған тетіктерді пісіру кезінде едәуір 
қызудың болмауы жік маңайы аймағында металл беріктігінің елеулі төмендеуіне әкеледі. 
4. Қаптаулармен (лактау, анодтау) қорғалған тетіктердің бетін алдын ала тазалаусыз 
пісіру. 
5. Ультрадыбыспен пісіру электр энергиясының шығындары көзқарасынан алғанда аса 
үнемді. Алайда, ультрадыбыспен пісірудің кемшіліктері оның қолданылу облысын едәуір 
тарылтады: пісірілетін тетіктердің қалыңдығы 1.5-2 мм-мен шектелген; пісіру режимдері 
параметрлерінің орнықсыздығы және осының салдарынан пісіру қосылыстар беріктігінің 
тұрақсыздығы байқалады, оларды жою және бұзбай бақылау әдістерімен сенімді бақылау тым 
қиын болады. (ТПМП жаңадан) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет