Ондық позициялық санау жүйесі
Ондық позициялық санау жүйесі көпшілік қабылдаған және неғұрлым кең тараған санау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бірінші рет Арабтардың көмегімен Үндістанда ойлап табылған, одан Таяу Шығыс, Орта Азия мен Солтүстік Африка елдері арқылы Еуропаға жеткен. Мұнда да кез-келген позициялы санау жүйелеріндегі сияқты әрбір цифр өзінің орнына байланысты анықталады. Мысалы, І- цифры – бірді, білдіреді, 341-санында да және 001-санында да бірлікті білдіреді. Ал, 4-саны 14 – санында ондықты, 124-санында жүздікті білдіреді.
Ондық санау жүйесінде сандарды өрнектеу үшін 0-ден 9-ға дейінгі 10 цифр қолданылады. Санау жүйесінде қолданылатын цифрлар санын сол жүйенің негізі деп атайды. Ондық санау жүйесінің негізі – 10. Мұнда әрбір кіші разряд өзінен үлкен разрядтан 10 есе кіші болады, яғни көрші разрядтардың бірліктері өз ара белгілі бір тұрақты қатынаста болады. Ондық жүйеде сан коэффициенті бар. Ондықтың дәрежелерінің қосындысы түрінде беріледі. Мысалы, 348502санын ондық жүйеде мына түрде жазуға болады:
348502=3*105+4*104+8*103+5*102+0*101 +2*100.
Жүйенің негізі 10-ды кез-келген а-әріпімен белгілесек, бұл санды былай жазуға болады:
348502=3*а5+4*а4+8*а3+5*а2+0*а1 +2*а0
Бұл көпмүшелікті тек коэффициенттері арқылы қысқаша жазуға болады. Бұл ондық жүйедегі сандарға амалдар қолдану мектептен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |