Лекция № Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. Геожүйе туралы түсінік



бет1/5
Дата06.04.2024
өлшемі55.67 Kb.
#497846
түріЛекция
  1   2   3   4   5
2 лекция


ЛЕКЦИЯ № 2.


Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы.

1. Геожүйе туралы түсінік.

2. Геожүйелер иерархиясының схемасы.

3. Ландшафттану ғылымы қалыптасуының ғылыми және тарихи алғы шарттары.

4. Ландшафттану ғылымының ХХ ғасырдағы дамуы.


1963 ж. В. Б. Сочава физикалық географияның зерттеу объектісі ретінде «географиялық жүйені» қолдануды ұсынды. Бұл термин ТТК терминінің синонимі ретінде түсінуге болады. «Геожүйе» деген ұғым табиғи географиялық бірліктердің географиялық қабықтан бастап ең төменгі элементарлық (қарапайым) бөліктеріне дейін қамтиды. Геожүйе ұғымы ТТК деген ұғымға салыстырғанда кең мағынада қолданылады, өйткені ТТК географиялық қабықтың жекелеген бөліктеріне қолданбалы, бірақ географиялық қабықты қамтымайды. Сондықтан, «геожүйе» ұғымы физикалық география мен ландшафттану ғылымдарының объектісі болып табылады. Геожүйелердің даму құрылымында негізінен үш деңгейін ажыратады: планетарлық, регионалдық (аумақтық) және жергілікті жерлік (локальдық).
Жер бетінде планетарлық деңгейде тек ғана географиялық қабақты қарастырамыз. Қазіргі таңда ландшафтоведтер географиялық қабық терминінің орнына «эпигеосфера» терминін ұсынады. Эпигеосфера термині 1910 ж. П.И. Броунов ұсынды, ол аударғанда «жердің сыртқы қабығы» деген ұғымды білдіреді.
Регионалдық деңгейдегі геожүйелер эпигеосфераның ең ірі және құрылымы жағынан күрделі бөліктерін – ландшафттық зоналарды, секторларды, региондарды (аймақтарды) қамтиды.
Жергілікті жер деңгейіндегі жүйелерге құрамы күрделі емес ТТК-ді, яғни мекендерді (урочищелер), фацияларды жатқызады. Регионалдық және жергілікті жерлік деңгейдегі геожүйелер ландшафттық ізденістердің негізгі объектісі болып табылады. Сонымен, ландшафттану ғылымы физикалық географияның бір тарау болып табылады да, эпигеосфераның локалдық және регионалдық деігейдегі бөліктерін зерттейді. Эпигеосфераға континуалдық және дискреттік деген қасиеттер тән. Бұл қасиеттерінің басты немесе басым болады деген сұрақ орынсыз болады. Эпигеосфераның континуалдығы оның компоненттерінің бір-біріне өзара кіруімен шарттанған, яғни зат пен энергияның ағымдары, компоненттердің глобальдық айналымдары түрінде көріністе болады, басқаша айтқанда интеграция процесттерімен шарттанған. Дискретность деген керісінше эпигеосферадағы зат пен энергияның дифференциациялану процестер түрінде болады. Дииференциация мен интеграция табиғатта бірге және бір уақытта болады. Кейбір жағдайда бір компонент эпигеосферада әрі интеграциялық, әрі дифференциациялық рөлді атқарады, мысалы, жер бедерінің пішіндері геожүйелер арасында үлкен айырмашылықтарды тудырады, сонымен бірге ол су мен минералдық заттардың ағымдары арқылы біріктіреді. Эпигеосфераның кеңістік дифференциациясы негізінен екі бағытта қарастырылады: тік және горизонталдық. Оның тік бағыттағы құрылымы қабаттық сипатқа ие. Атмосфера, гидросфера және литосфера жанасқан жерінде олардың өзара бір-біріне кіру және өзара әрекеттесудің белсенді процестері болады. Осы жерде тіршіліктің шоғырлануы байқалады, топырақ деген туынды компонент қалыптасады. Эпигеосфераның осындай жүқа (енсіз) және белсенді қабатын кейбір кезде ландшафттық сфера деп атайды. Эпигеосфераның горизонталдық бағыттағы кеңістік дифференциациясы жер үсті ландшафттар сферасы түрінде байқалады. Бүл сферада энергия мен зат өзгерудің (трансформацияланудың) негізгі механизмдері орналасқан. Мұнда еріту, қышқылдану, қайта қалпына келтіру, гидратация, биологиялық синтез бен ыдырау, тау жыныстардың механикалық қиратылуы, жұмсақ тау жыныстардың тасмалдануы мен аккумуляциясы, жауын-шашынның түсуі, ағын, сіңу, булану, топырақ, мұздық, жер бедері пішіндерінің қалыптасу процестері өтеді.
2. Геожүйе түзілісінің құрделілігі оның деңгейіне (рангіне) байланысты. Геожүйелік иерархияның басты деңгейлері – локальдық, аймақтық және глобальдық – геожүйелердің барлық бірліктерін – фация дан бастап эпигеосфераға дейін қамтиды. Көптеген авторлар осы иерархияда ландшафт деген негізгі сатысын ажыратады.
Аймақтық және локальдық геожүйелер индивидуалдық (жекеленген) және типологиялық тұрде де зерттеледі. Ол дегенміз, тәжірибелік талап үшін геожүйні жеке жүйе ретінде қарастыруға болады, ал кейбір жағдайда берілген деңгейдегі көптеген ТТК-дің үқсастығын, жалпы белгілерін, яғни белгілі бір түрлер, типтер, класстар санына келтіру үшін. Бірақ, табиғатта тек ғана жеке геожүйе болады, оларды типтестіру, зерттеушінің субъективті ғылыми жалпыластыруы. Геожүйелердің иерархиялық схемасы 1 қосымшада көрсетілген.
Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Ғылымның дамуы жаңа ғылыми теориялардың пайда болуына алып келеді, сонымен қатар ол үшін белгілі бір тарихи алғы шарттар болу қажет. Егер де Жер табиғатының жекелеген компоненттерін қарастыратын географияның салалары дамымаған жағдайда ландшафттану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге талдаудан синтезге өту барысында, яғни табиғи географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыстану ғылымдарының іргелі (фундаментальдық) заңдылықтарына сүйенбеуі мұмкін емес. Бірақ мұндай жағдай ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Мысалы, ландшафттану қалыптасуына дарвинизм деген биологияның эволюциялық ілімінің және биогеография мен топырақтанудың қалыптасуының ықпалы өте зор. Себебі, биогеография мен топырақтану мамандары бірінші болып өлі мен тірі табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселесімен соқтығысты және олар басқа мамандарға қарағанда географиялық синтезге өте жақын келді.
Қандай да болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігін үмытуға болмайды. Ғылым әлеуметтік ортаға сай, қоғамды қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен әлеуметтік-экономикалық прогресс арасында қүрделі қатынас бар. Кейбір кезде тәжірибедегі қажеттілік ғылымның алдына қазіргі таңда шешілмейтін талаптарды қояды, ал кейбір жағдайда ғалымдардың ойы тәжірибеде орындалуға мұмкіндігі жоқ ғылыми идеяларды шығарады. Ландшафттану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық тәжірибемен тығыз байланысты.
ХІХ ғ. соңғы онжылдығында орыс ғалымдары ауыл және орман шаруашылығындағы көптеген проблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланыстарды түсіну арқылы екендігін мойындайды. Сонымен, осы кезде ландшафттану ғылымының пайда болуының ғылыми және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттар қалыптасады.
Көптеген ғасырлар бойы география Жер туралы мәліметтер жинауымен айналысты, сондықтан, анықтамалы-сипаттама беру пән түрінде қалыптасқан. Осыған байланысты географияның өзінің теориясы болмаған десек те болады.
Қазіргі таңдағы көптеген географиялық теориялардың бастамалары антикалық ғылымдардың еңбектерінде көреміз. Жердің шар тәрізді екені және жылу белдеулері туралы түсінік Ежелгі Грецияда б.з.д. 500-ші жылы шамасында пайда болған. Бірақ, бұл идеялар іс жүзінде дәлелденген жоқ. Жердің шар тәріздігі екендігі тек ғана б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысынды Аристотель айдың тұтылуындағы жердің домалақ пішіндегі көлеңкесін және солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыуында (қозғалысындағы) жұлдызды аспанның өзгеруі арқылы дәлелдеді. Осы кезде Эратосфен Жердің размерін анықтады (б.з.д. 276 – 194 ж.ж.). Аристотельдің «Метеорологика» деген еңбегін жалпы жертанудың басталуы десек те болады, өйткені мұнда жер қабығы, ауа айналымы, теңіз трангрессиясы мен регрессиясы, өзендердің аккумулятивтік әрекеті туралы мәселелер қаралды.
Осы кезде жер бетін аудандастыру мәселелері де қарастырылған, мысалы, ежелгі гректер Жер бетін Еуропа, Азия және Ливияға (Африка) бөлген. Эратосфеннің «Географиялық хаттар» деген еңбегінің, бүгінгі күнге дейін жеткен үзінділерінен, құрлық бетін сфрагидаларға бөлгенін көреміз.
Б.з. І-ІІ ғ.ғ. Рим империясы кезінде құл иеленушілік дәуірдегі дүниеге келген көз қарастың тоқырауы географияға әсерін тигізді. Физикалық-географиялық идеялардың одан әрі дамуы бәсеңдеді, осы саладағы осы саладағы гректердің жетістіктері үмыт болды. Орта ғасырлар дәуіріндегі діннің көз қарасы табиғатты зерттеуге қарсы болды. Географияның ғылым ретінде қарқындап дамуы XV ғ. Италия гуманистерінің грек-римдік географтарының еңбектерін аударғанынан басталады. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басындағы атақты (ұлы) географиялық ашылулар адамзаттың география жөніндегі дүрыс бетбұрысына әкеп соқты. XV ғ. екінші 2-ші жартысынан бастап қазіргі жаратылыстану ғылымының экспериментальды саласы дами бастады. Бұл кезеңдегі жетістік Н.Коперниктің (1473 – 1543) геолиоцентрлік ілімі; техникалық жетістіктер: термометр, барометр, көрсеткіш дүрбінің т.б. аспаптардың пайда болуы.
Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде жердің шар тәрізді екендігі талассыз дәлелденді, Дүниежұзілік мұхит бір тұтас екені анықталды, мұхиттер үстіндегі тұрақты желдер белдеулері мен мұхит ағыстары ашылды. Бірақ, мұның бәрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды. Өйткені, біріншіден іс-жұзінде құрлықтардың табиғаты зертелмеді, екіншіден жаратылыстану ғылымы кейбір географиялық құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды түсіндіре алмады.
Ұлы ашылулар заманның географиялық жетістіктердің қорытындысы Нидерланды ғалымының Бернхард Варениустің (1622 – 1650) «Жалпы география» деген еңбегінде көрсетілді. Бұл еңбекте география – жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. XVII ғ. екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.

Физикалық-географиялық синтез жолындағы алғышқы қадамдар.

XVIII ғ. екінші жартысынан бастап бір қатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрдегі географиялық ізденістер басталды. Географиялық ізденістердің жаңа бағыты ретінде Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған эксепдициялар болды (1768 – 1784 ж.ж.).
Жердің табиғаты туралы мәліметтердің қарқынды жиналуы, сонымен қатар ғалымдардың дәстүрлі географияға тиісті жеке құбылыстардың мағынасын түсініп алуы жалпы географияның түрлі салаларға бөлінуге алып келді. XIX ғ. басында, география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. ХІХ ғ. бірінші жартысында географияның ішінде климатология, океанография, фито- және зоогеография қалыптасып бастады. Табиғи географиядан экономикалық география бөлініп шықты. Ғылымның мұндай дифференциациясытек ғана география ғылымына ғана емес басқада ғылымдарға да тән нәрсе еді. Жаратылыстану ғылымдарындағы еңбек бөлінісі әр бір зерттеуші тек өзінің саласымен шектелуіне алып келді. Жаратылыстанудағы барлық процестер мен құбылыстарды біртұтас ретінде қарастыратын ғалымдар азайды.
Осындай ғалымдардың бірі А. Гумбольдт (1769 – 1859), ол «Ғарыш» деген еңбегінде Жер бетіндегі табиғи құбылыстардың өзара байланысқан және бүтін болу идеяны көрсетеді; оның пікірі бойынша жеке территориялардың табиғаты бір тұтастықтың бөлігі түрінде (ретінде) қарастыру керек, яғни Жердің бір бөлігі ретінде. А. Гумбольдт, себебші географиялық байланыстарды (причинных географических связей) танудың бас мәселесін органикалық өмірдің өлі табиғаттан тәуелділігін зерттеуде көрді. Бірақ А. Гумбольдт синтезді көрсете алмады, себебі көптеген табиғи компоненттер бойынша мәліметтер толық емес еді. А. Гумбольдт географиялық құбылыстарды физикалық деп есепке алды және де физиканың заңдарын барлық компоненттерге, соның ішінде өсімдік және жануарларға әсер етеді деп түсінетін еді. Мұндай көз қарас ХІХ ғ. бірінші жартысындағы географияға тән еді.
XVIII ғ. 60 – 70 – ші ж.ж. ғалымдар П.С. Паллас, И.А. Гильденштедт, И.И.Лепехин еңбектерінде географиялық құбылыстардың пайда болу заңдылықтарын ажырата білді. Табиғи өзара байланыстарын терең талдау ХІХ ғ. бірінші жартысында дамыды, әсіресе Қазан университетінің профессор Э.А. Эверсманн 1840 ж. жарық көрген «Орынбор өлкесінің табиғи тарихы» еңбегінде органикалық дүние мен табиғи ортаның арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Шын мәнісінде, автор әртүрлі деңгейдегі ТТК ұғымына жақын келді, бірақ терминді қолданбады.
1855 ж. Н.А. Северцев (1827 – 1885) Воронеж губерниясы жағдайында жануарлар дүниесі мен физикалық-географиялық жағдайы арасындағы байланыстарға терең талдау берді, оның негізінде мекендер түрі (род) анықталды. М.И. Богданов 1871 ж. мекендер типі туралы түсінік еңгізді. П.П. Семенов-Тяньшанский 1855-1857 ж.ж. және Н.А. Северцев 1864-1868 ж.ж. Тянь-Шань тауларын зерттеу нәтижесінде таудағы биіктік белдеулілік туралы түсінік пайда болды.
Сонымен ХІХ ғ. 40 – 60-шы ж.ж. орыс ғалымдары географиялық компоненттер арасындағы байланыстарды зерттеу арқылы ТТК деген ұғымға жақын келді.
Ландшафттық-географиялық синтезге, жер бетін физикалық-географиялық аудандастыру арқылы шығуға ғылыми бағыт болды. 1834 ж. «Земледельческая газета» деген газетада белгісіз автор Еуропалық Ресей территориясын 8 белдеуге бөлген, ол ауыл-шаруашылық аудандастыру болды, бірақ ендікті-зоналдық заңдылықтарды есепке алған. 1851 ж. Р.Э. Трауфеттер Батыс Ресей үшін бірінші ботаникалық-географиялық аудандастыру схемасын көрсетті. Бұл аудандастыру схемасын 1874 ж. Н.А. Бекетов және 1885 ж. Ф.П. Кеппен одан әрі дамытты. Осы территорияға 1871 ж. Б.Н. Богданов зоогеографиялық аудандастыруын бастады. 1877 ж. Н.А. Северцев жалпы Палеоарктиканың зоогеографиялық бөлінуін көрсетті, ал 1882 ж. М.А. Мензбир оны әрі қарай дамытты. 1871 ж. А.И. Воейков Кавказ тауларында климаттық аудандастыру схемасын, ал 1886 ж. С.Н. Никитин Еуропалық Ресейге геоморфологиялық аудандастыру схемаларын үсынды. Сөйтіп, ХІХ ғ. 70-80-ші жылдарға табиғатты аудандастыру бағыты бойынша ең интенсивті таладу жұмыстары байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет