Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Лекция № 15 Тақырыбы: Пластидтердің әр түрлі типтері. Хлоропластар. Хлорофилдер



бет42/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция № 15
Тақырыбы: Пластидтердің әр түрлі типтері. Хлоропластар. Хлорофилдер.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Хлоропластар. Хлорофилдер.
2.Хлорофилдің физикалық, химиялық қасиеттері.
3.Каротиноидтар.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Пластидтердің әр түрлі типтері мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Хлоропластар-фотосинтез процесін жүзеге асыратын, клеткадағы пластидтер. Өсімдіктердің жасыл түсі оларда хлорофилдердің (a,b) болуына байланысты. Өсімдіктерде олардан басқа сары түсі пластидтік пигменттер –каротиноидтар да бар. Көк- жасыл, қызыл сары-жасыл, қоңыр және т.б. балдырлардың хлоропластарында а хлорофилінен басқа с хлорофилдері, қосымша пигменттер –фикоцианин, фикоэритин, фикоксантиндер кездеседі. Хлоропластардың негізгі қызметі- күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез процесінде пайда болатын заттардың химиялық байланыстарындағы энергияға айналдыруы. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге қарағанда балдырларда хлоропластар пішіні, саны, клеткадағы орналасуы, тіпті іішкі құрылыстары жағынан алуан- түрлі болып келеді.
Хлорофилдер- хлорофиллы. Хлоропластарда болатын жасыл пигменттер. Жапырақтағы хлорофилдің мөлшері , өсімдіктің түрлеріне, жапырақтардың сабақта орналасуына, минералдық затпен қоректенуіне т.б. жағдайларға байланысты. Құрғақ затына есептегенде 0,6-тен 1,2%-ке дейінгі шамада болады. Хлорофилдіің биологиялық маңызы олардың жарық энергиясын сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде пайда болатын органикалық заттардың химиялық энергиясына айналдыра алатындығында. Химиялық құрылымы жағынан хлорофилдер күрделі магнийлі органикалық қосылыстарға жатады. Бұл жағынан олар қан гемоглобинінің бояғыш заты-гемге ұқсас. Хлорофилл құрамындағы магний гем молекуласындағы темір атомы сияқты, пиррол ядроларындағы азот атомымен байланысқан. Әдетте, жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлорофилдің a және b деген екі түрі, төменгі сатыдағы өсімдіктерде қосымша т.б. түрлері кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет