Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Білімді бақылауға арналған сұрақтар



бет100/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Білімді бақылауға арналған сұрақтар
1."Педагогикалық диагностика" термині қалай анықталады?
2.Мұғалімнің педагогикалық процесті басқару әрекетінде педагогикалық ақпараттың ролі қандай?
3.Мұғалімнің басқару объектісі туралы ақпарат жинауын шектеудің негізгі шарттары қандай?
4.Бастапқы ақпарат деген не?
5.Ағымдағы ақпарат деген не?
6.Жедел ақпарат деген не?
7.Педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары (ауыспалы) қандай?
8.Педагогикалық процестің әрбір сипаттамасының көрсеткіштері қандай?


20-тақырып. Оқытудағы диагностика және бақылау.
27 дәріс.
1. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелілігін бағалау жүйесі. 2.Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары.
3. Тесттік және рейтингтік бақылау. 4.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі.
5.Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
6.Ұлттық біріңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеу және бақылаудың срңғы кезеңі.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне деген бұл талаптар үйлесімді; басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға келесідегідей дидактикалық талаптар қояды:
1.Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сөйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
2.Алынған ақпарат мазмұнының объективтілігі мен анықтығы.
3.Оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі.
4.Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
5.Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:
а)жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді;
ә)тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Бақылаудың үш түрі бар:
1.Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу.
2.Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу;
3.Қортынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесінде педагогикалық процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық білім беру туралы белгіленген талаптарды орындау; мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықталады); оқушылардың тәрбиелілік деңгейі.
Аталып кеткен қортындыға байланысты мектеп құжаттамасын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқыту процесінің даралануы (мектеп психологінің қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықгығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар: білімдерді меңгеру саналылығы - оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа
жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі-жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік — жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері де тән.
Оқушылар білімінің, білік және дағдалырының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:
-білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім санын еске түсіре алуын тексеру (бұл көбінесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);
-білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;
-білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру.
Оқушылардың білімінің, білік және дағдаларының сапасын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады:
1.Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
2.Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.
3.Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.
Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесі қалыптасқан: "5"-толық меңгерген (өте жақсы); "4"-жеткілікті меңгерген (жақсы); "3"-жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық): -"2"-мүлдем меңгермеген (өте нашар).
Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады: к—Z/n. Z — "4" және "5" бағалары бар оқушылар саны, n -оқушылардың жалпы саны.
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесіне объективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетіне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.
Бақылау әдістері-оқытудың жетістігі оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы жүйелі толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері бар: ауызша бақылау әдістері, жазбаша бақылау әдістері, тәжірибелік бақылау әдістері, дидактикалық тестер, бақылап-зерттеу. Кейбір зерттеушілер нәтижелерді зерттеудін басқа да әдістерін ұсынады.
Ауызша бақылау әдістері дегеніміз-сұқбат, оқушы әңгімесі. түсіндірме, тексті оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжірибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негізін оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда бұл толығырақ, жүйелі баяндама) немесе мұғалім сұрақ қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы-сұқбат құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нақтырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді бірақ, екінші жағынан ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлық оқушыларды бірден қамтыса да олардын білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді. Оқытудың белгілі бір уақыт аралығындағы білімді тексерудің ең тиімді де толық түрі сынақ (зачет) пен емтихан болып табылады.
Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) білімді меңгерудің терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді. Жазбаша жұмыста оқушы теориялық білімін де, оларды нақты бір міндеттер мен мәселелерді шешуде қолдана алуын да көрсетуі керек. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы оқушының жазба тілін игеру дәрежесі, мәтінді мәселеге сай, қисынды етіп сөйлем құрап, баяндай алуы, шығармаға, экспериментке, мәселеге баға бере алуы көрінеді.
Тәжірибелік бақылау әдістері көбінесе кәсіптік мектептерде (техникалық, медициналық, педагогикалық білім беретін) қолданылады, өйткені бұл әдіс негізінде оқушылар лабораториялық сынақтар жүргізеді, бұйымдар жасайды, аппарат монтаждайды.
Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерін тексерудің ең жаңа әдісі (амалы) болып табылады. Дидактикалық тест дегеніміз-белгілі бір материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесін анықтайтын стандартты сұрақтар жиынтығы. Тестердің артықшылығы оның объективтілігінде, яғни білімді тексеру мен бағалаудың мүғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:
-Оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктівті жауаптар талап етіледі.
-Алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
-Өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
-Білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайрда қолдана білуі.
Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерін ашауға мүмкіндік береді. Оқушының артта қалу себептерінің үш тобын ажыратуға болады:
1 )Әлеуметтік-экономикалық-жанұя әл ауқатының нашар болуы жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйі де балаларға әсер етеді, бірақ ең бастысы-жанұя өміріндегі кемшіліктер.
2)Биопсихикалық сипаттағы себептер-мұрагерлік ерекшеліктер, қабілеттілік, мінез-құлық белгілері. Алғышарттардың ата-ана арқылы берілетінін, ал қабілеттілік, әуестік, мінез-құлықтың осы алғышарттар негізінде өмір жолында дамитынын ескеру керек. Дені сау болып туған балалардың бәрінің әлеуметтік, жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкіндіктері бірдей екені дәлелденген.
3)Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбінесе қателіктердің, мектеп жұмысының төмен деңгейінің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалім жұмысы-оқушы дамуындағы шешуші фактор. Педагогтің өрескел қателігі оқушының оқыту процесінде алынған және кейде тіпті арнайы психотерапиялық көмек керек ететін психикалық дамуына әсер етеді.
Алайда бұл оқудағы сәтсіздіктің жалғыз себептері емес, оның басқа да себептері бар, мысалы, оқытудың қатал да бірбеткей жүйесі, оқытудың әдістері мен формаларындағы біркелкілік пен стереотиптілік, эмоциялардың бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелерді бақылаудың тиімді жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстіртін сабақ жүргізу. Осылайша мұғалімнің дидактикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан жете білмеушілігі оқудағы сәтсіздіктерге әкеледі.
Үлгермеушіліктің дидактикалық себептерін жоюдың да амал-тәсілдері бар:
а)Педагогикалық алдын алу-орынды педагогикалық жүйелер іздеу, соның ішінде, оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
ә)Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерін жүйелі бақылау мен бағалау, қиыншылықтарды дер кезінде айқындау ретінде.
б)Педагогикалық терапия-оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
в)Тәрбиелік ықпал ету-жеке-дара жоспарлы тәрбиелік жұмыс.
Артта қалушылық-дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, медициналық және әлеуметтік-педагогикалық аспектісі бар күрделі мәселе екенін айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделі болу керек.
Көптеген педагогтар оқушыны оқушы білімін бағалау процесіне қатысты белсенді орынға қоятын әдістерді қолданады. Білім, білік және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзін өзі бағалау, бірін бірі бағалау. Өзін өзі бағалауда оқушы өз еңбегін өз бетінше тексеріп, бағалайды, бірін бірі бағалауда -сыныптастар бір бірінің жұмыстарын тексеріп, баға қояды.
Тексеру әдістерін таңдау тексерушінің өз алдына қойған мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқу жұмысы жүйесінде қажетті жүйелілік пен оқушылардың үлгерімі сапасын терең бақылауды қамтамасыз ету үшін білімдерді тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтірілген әдістерінің барлығы да қолданылуы керек.
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау. Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болуы керек, бұл талдау негізінде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде жемісті екенін біле алады, ұйымдастыру шараларын жетілдіріп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға байланысты түзетулер енгізе алады. Педагогикалық талдау-тәрбиенің мәндік элементтерін бағалап талдау.
Тәрбиелік процесті бақылау, ең алдымен, оқу процесінің барысында жүзеге асырылады; өйткені негізгі тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.
Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі. Оқушы тәрбиелілігі-оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижелілігін анықтау-оқушылардың тәрбиелілік деңгейін айқындау деген сөз.
Тәрбие жұмысын бағалаудың объективтілігіне тәрбиелілік критерилерін анықтау арқылы жетуге болады. Бұл критерилерді екі үлкен топқа бөлуге болады, оның біріншісі жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқын даумен байланысты болса, екіншісі жекелеген белгілер мен қасиеттердің қалыптасуымен, тәрбиелік ықпал етудің белгілі бір әдістерін қолданумен байланысты аралық, жиі-жиі нәтижелерді тексеруге қатысты.
Аралық немесе қортынды кезендегі тәрбиелік процестің қортындысы мен нәтижесін талдау үшін қолданылатын бірінші топтың критерилері негізінде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкін. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесінде өзгеріп отыратын әлеуметтік тапсырыс анықтайды.
Екінші топ критерилерін келесі топтарға бөлуге болады:
а)Тәрбие нәтижелерінің сыртқы формада-пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрініс табуымен байланысты критерилер.
ә)Тәрбиешінің көзінен таса құбылыстармен, яғни сөзінде, қылықтарында, іс-әрекеттеріндегі сыртқы көріністерімен сәйкес келмейтін адамның себеп-салдарларымен, ішкі ұстанымымен байланысты критерилер.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет жемісі, немесе оның нәтижесі балалардың тәрбиелілігі болып табылады. Балалардың тәрбиелілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, педагогтің кәсібилігінің бағасы соғұрлым жоғары болады. Алайда мәселенің мұндай қойылуы әділетсіз көрінуі мүмкін, өйткені педагог алдына келген балалардың өзінің мектепке дейінгі өмірінің нәтижесі ретіндегі тәрбиелілігінің деңгейі әртүрлі болады: бір топта-ақылды, мейірімді, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта-дамымаған, агрессивті, күтім көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арқауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесі де әртүрлі болады.
Мұндай қарама-қайшылықтаң шығудың жолы-тәрбиелік процесті бағалау критерилерінің үшінші тобын енгізу-балалардың өзгеру мөлшерлері, "қандай болды" және "қалай өзгерді", даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бір бірімен емес, тек оларды өткендегісі мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсіби әділеттілік сақталады.
Тәрбие нәтижелерін бағалау мәселесінде оларды өлшеу амал-тәсілдерін іздестіру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелілігін бағалау негізі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір формасында көрінген қандай да бір сипаттамалық немесе өзекті қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердің даму деңгейін, белгілі мағынада, баланың тәрбиелілігінің көрсеткіші деп есептеуге болады.
Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістері ретінде бақылап қарауды, әңгіме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлі құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестіні есептеуге болады.
Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы диагностикалық әдістер арқылы білуге болады. Осындай амал-тәсілдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагаостикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті талдау" орнына қояды және бұл таңдау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.
Әңгіме-сұқбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әңгіме-сұқбат жеке-жеке әрбір оқушымен, сондай-ақ топпен де жүргізіледі. Әңгіме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.
Әңгіме-сұқбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.
Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін бақылап қарауға болады. Олар баланың сыртқы көрінісі, мимикалық және пластикалық бейнесі, тілі мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мінез-құлқы, сайлаушылық іс-әрекеті, әлеуметтік құбылыстарға жауап беруі, оның қоршаған ортамен ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық түрғыдан сапалылығы.
Бақылап, зерттеу объективті және кірістірілген болуы мүмкін. Кірістірілген бақылап зерттеу- бақылаушының өзі сырттай да, іштей де бақылап зерттейтін процестерінің қатысушысы болып келетін зерттеу әдісі. Субъективті бақылап зерттеу-сырттай бақылап зерттеу, онда бақылаушының бақылап зерттеген жағдайына қатысы болмайды.
Бақылап, зерттеу бақылау объектісінің үйреншікті жағдайларында да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргізілуі мүмкін. Егер бақылау объектісі өзінің бақыланып зерттеліп жатқанын білмесе, онда бұл жасырын бақылап-зерттеу деп аталады. Егер бақылау объектісі оны білетін болса, онда бұл ашық бақылап-зерттеу деп аталады.
Бақылап-зерттеу үздіксіз және дискретті болуы мүмкін. Үздіксіз бақылап-зерттеу кезінде зерттеуші әрдайым объектінің қасында болып, оның мінез-құлқын зерттейді. Дискретті бақылап-зерттеуде зерттеуші объектінің мінез-құлқын белгілі бір уақыт аралығында ғана, яғни әртүрлі уақытта зерттейді.
Бақылап-зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі бар:
1.Бақылап-зерттеудің мақсатын, міндеттерін және объектісін анықтау.
2.Бақылап-зерттелетін құбылыстың негізгі параметрлерін анықтау (бақыланатын құбылыстың көріну дәрежесін қандай параметрлері арқылы анықтауға болады).
3.Бақылап-зерттеудің кестесін жасау. Ол бақылау объектісінің саны мен бақылап-зерттеуге бөлінген уақыт мөлшеріне қарай өзгеріп түрады.
Тәрбиелілікті бағалау мәселесі әлі де жете тексерілмеген және одан әрі зерттеуді керек етеді. Алайда, терең зерттелген медагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиені жоғары кәсіби түрде ұйымдастыру өте қиын екені белгілі.
Оқу- тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылап-зерттеуге болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелілік сипатын ісксеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, оқушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеітілігі шоғырланады.
Сабақтың шынайы құндылығы-оның нәтижесі: оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.
Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы түрінде бүл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады:
1.Мұғалім белгілеген сабақгың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабақтың қандай түрі таңдалды.
2.Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен әдістері қаншалықгы терең ойластырып, таңдалып алынды.
3.Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.
4.Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемі жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы.); оқытуда даралық әдіс қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.
5.Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
6.Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту, мақсаттары жүзеге асырылды ма.
Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
1.Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.
2.Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекі құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақгы орындалатын талаптар қою керек.
3.Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде құралатыны белгілі.
4.Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жұмыстың бұрынғы нәтижелері.
Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау-бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар-сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі.Сондықтан сабақталдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді. Сабақты талдау нәтижелерін зерттеу тортібі баспада бірнеше рет басылған. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірінше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңында педагогке өз пікірін білдіру үшін соз беріледі, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгіме жүргізіледі.
Тәрбиелік жұмыстың нәтижелерін есептеу оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейін бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологі жүргізеді. Психологиялық бақылау мен диагностика-психологтің педагогикалық ыкпал-әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, мегізінен, жай ғана бақылап-зерттеуден, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден түрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы таңдалып алынған бірнеше әдістерді қолданады.
Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгілі бір зерттелетін психикалық сипаттардың даму дәрежесінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, объективтілік талаптарына сай болу керек. Тестің беріктігі дегеніміз оның сол нәтижелерді бірнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі. Дәлдік дегеніміз тестің тест жасаушысы өлшегісі келетін дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуі. Айтылғандардан белгілі болғандай, бұндай тестерді жасау мен қолдану арнайы білім мен уақытты қажет етеді. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргізуі керек. Алынған мәліметтер мегізінде психолог мұғалімге оқу-тәрбие процесін психологиялық қамтамасыз ететін мінездеме дайындайды.
Осылайша, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін тексеру тұтас болу керек ол жүйеде өткізілуі керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар оқу мекемесі басшылығының педагогтары, психологтар. әдістемешілер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есептеу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылауға енгізілген.
Оқушылардың білімінің,білік және дағдыларының саласын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады.
Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жан-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы;
Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі;
Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.
Бақылау әдістері
Оқытудың жетістігі,оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында ұқыту үдерісінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді,өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет