Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет105/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Бақылауға арналған сұрақтар
1)Қазіргі заман мектебіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.
2)"Оқушылардың танымдық белсенділігің, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру" ұғымдарының мәнін ашыңыз.
3)Оқушының танымдық белсенділігінің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
4)Оқушылардың танымдық белсенділігінде оқу мотивациясының қандай маңызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?
5)Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы біліктерді меңгерумен байланысты екенін дәлелдеңіз. Басты, жалпы оқу біліктерін атаңыз.
6)Субъект-оқыту процесіндегі субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?
7)Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық іс-әрекетін қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың пәні бойынша репродуктивтік және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.
8)Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі туралы қандай белгілер арқылы білуге болады? Оларды қандай әдістер көмегімен өлшеуге болады?
9)Оқушылардың таныйдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері, формалары, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздың пәні бойынша мысалдар келтіріңіз.
10)Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі дидактикалық әдістерін атаңыз.
22-тақырып. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар
29-30 дәріс.
1.Педагогикалық технология туралы түсінік.
2.« Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.
3.Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.
4.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.
5.Педагогикалық технологиялардың түрлері.
6.Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзіреттілігі.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз делінген. 
Энциклопедиялық сөздіктерді инновация - әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.
Ал, А.И.Кочетов инновация ұғымына төмендегідей анықтама береді. Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекетін бір тұтас бағдарламасы. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, егер баратын деңгей алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация делінген.
Тәжірибелер көрсетіп жүргендей кез келген инновация - мөлшерлі іс әрекеттің шегіне ұмтылу және одан шығуы. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңару дегенімізді былай деп түсіндіреді: жаңару –белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданылған уақытымен анықталатын жаңа идея /Масырова, Линчевская. Инновационные школы в Казахстане. РВК, Алматы/.
Осы тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдасақ, бұл терминнің шығу тегі жөнінен бір пікір қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген зерттеулердің айтуынша, бұл термин қоғамдық ғылымға пайдаланылады. Педагогикалық категория ретінде инновация салыстырмалы түрде жасалынады. Сондықтан бұл ұғымға анықтама беруге әр түрлі пікір таластың болғанымен керемет бір кереғар пікір немесе түсініспеушілік жоқ. Демек инновация терминін анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық жоқ десе болғандай. Олардың ойынша инновация – педагогикалық категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
Инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1)Жеке түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың метематикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация – бұдан бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды еңгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Жеке –бағдарлы оқыту технологиясын конструкциялау жеке тұлғаның өзіндік дамуын және әрі қарай дамуын қамтамасыздандыратын жеке бағдарлы білім беруге ауыса алады және ауысуы керек.
Жеке-бағдарлы оқыту білім беру процесіндегі әрбір оқушыда қызуғышылықты, субъективті тәжірибені, танымдық мүмкіндігін, қабілеттігін тудырады. Ізденісті оқуға баулу.
Жоғарыда айтылып өткендей инновациялар-өзгертулер білім беруге ізденісті оқуға баулуды жүзеге асырады.
М.Клариннің пікірінше әлемдік педагогикада оқыту барысында дамытудың бағыттарын көздеп отыр дейді. Мұнда дидактикалық ізденістер тенденциясын анықтайды.
Оның ойынша, ізденісті оқуға баулудағы дидактикалық ізденістер:
- білім берудің потенциалын екпінді дамыту.
- ізденісті іс-әрекеттің өздігімен жан-жақты бағаланады.
- жоғары танымдық деқгейде дидактикалық мақсаттар қояды.
- педагогты оқуды зерттеу бойынша сыңар етіп тағайындайды.
-педагогтың оқушыларымен өзара жұмысында жеке кәсіптік дайындығын байқатады.
Ізденісті оқуға баулудың базалық моделі болып шығармашылық ізденіс ретіндегі оқыту моделі табылады: проблеманы шығару, туғызу, ғылыми болжам жасау, оны тексеру, танымдық процесс пен нәтижеге танымдық рефлекс туындайды.
Мұндай оқыту дискуссия мен ойынды модельдеу, негізінде құрылады. Оқушы оқу процесін белсенді қатысушы – яғни зерттеуге қатысушы ролін ойнау арқылы өткізуі. Отандық және ресейлік мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр білім берудің мазмұнын қалптастыру жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс жүйе педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену жаңа үлгілердегі оқу мекемелерін жасау оларға енетіндер – гимназия, лицей, колледж кез келген инновациялық үрдістің нысаны - оқушы.
В.Кларин инновациялық білім беруді екі негізгі типін бөліп көрсетеді. Инновациялар - жаңалықтар, оқу процесін жаңартады. Олар кепілдік берілген нақты нәтижелерге жетуге бағытталған. Олардың негізінде білім беруге технологиялық тұрғыда кірісуді қажет етеді.
2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясатсаласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады.
Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.
Мәдениет кашан да болмасын бірінші кезекте. Мәдениетті философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен, яғни қоғамның барлық болмысымен байланыстырған. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мәдениет оның құндылықтарын көрсетеді. Біздің айтпағымыз мектеп табалдырығынан басталатын мәдениет диалогы. Мәдениет туралы барлық ойшылдарымыз айтып кеткен болатын. 
В.С.Библер ұсынған мәдениет диалогы мектебі белгілі бір ойға немесе белгілі бір мәдениетті ұғынушыларға негізделген біртұтас мектеп білімінің концепциясын құрайды. Бұл В.С.Библердің философиясы қазіргі мектептегі дамыта оқытушыларға көкейкесті идея болмақ. Бұл педагогикалық концепция әр үш сөзден өзінің дәстүрлі мағынасын жоймай қазіргі қоғам жағдайымен және мәдениетпен сәйкес келетін дидактикаларды радикалды түрде қайта жаңғыртады. Диалог мәселесі оқытуда және тәрбиелеуде ойдан шығарылған өз алдына жаңалық болып табылмайды, бірақ технология жағынан қарасақ, қарым-қатынас мәселесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше мән береді. Бұл технологияның пайда болуына М.М.Бахтиннің «диалогтың мәдениеті туралы» идеясы, Л.С.Выготскийдің «ішкі сөйленімдер» идеясы және В.С.Библердің «мәдениеттің философиялық ойлары» бағдарламасы түрткі болды. 
«Мәдениет диалогы» технологиясының концептуалды идеясы: 
- Диалог, диалогтік тұлғаның ішкі мазмұнының құрамдас компоненті болады. 
- Полифониялық дыбыстар өзін қоршаған әлемге сәуле түсіретіні сияқты диалог тұлғаның еркіндігінің жағымды мазмұны болады 
- диалогиялық қарым-қатынас кезіндегі мәдениеттің алғашқы формасынан адами ойлаудың жоғарғы табыстарына дейінгі ойлаудың мәдени схемасы құрылады 
«Мәдениет диалогы» технологиясы екі функцияда орындалады: 
1. Оқытуды ұйымдастыру формасы 
2. Ғылым мазмұнының ұйымдастырушылық принципінде: 
а) диалог – түсініктің пішінделуімен және ойдың қалыптасуымен анықталады; б) мәдениет дилогы қазіргі мәдени контексте күнделікті сұрақтардан және таңырқаудан өрістейді; 
в) оқушының түйсігіндегі диалог шығармашылық ойлаудың негізі сияқты ақындар мен ғұламалардың даусы; 
Мәдениет диалогы технологиясының ерекшелігін В.С.Библер атап көрсеткен болатын: 
1. Оқытудың барлық үдерісіндегі мәдени ерекшелігі мен ойлау кезеңдерін жобалау: 
- антикалық ойлау – эйдетикалық; 
- ортағасырлық – қалыптаса бастаған ойлау; 
- жаңа кезең – рационалистік ойлау; 
- қазіргі кезең – релятивизм; 
Инновациялар - өзгертулер оқу процесін айналдыратын бұл типтер, зертеу жұмыстарын қамтамасыздандыруға негізделген. Осыларға сәйкес жоспарланған жобалар техникалық ортаны жасауға және оқыту барысында технологияны қолдануға бағытталған. 
3. Технология-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде: «технология» - өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық шешімдердің тіліне аударылады. Технология - бұл білім беру әдістері сонымен қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез-келген білім беру не технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал технология ғылымға. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады, технологиямен аяқталады.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары” термині ''оқыту технологияларына” қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы техникалық және адамдық ресурстар білімін игеру және оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Бұл технология анықтамасы үздіксіз жаңа (экологиялық, ғарыштық, ақпараттық) технологиялар пайда болса да толық және дәл мәліметті бере алмайды.
Технология - жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар анықтамасының бірнеше варианттарын айтып өтелік: 
-практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;
-адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы
-адамның білім беруін ұйымдастыру әдістері мен процедураларының жиынтығы;
-адамның тәртібін модельдеу үшін қолданылатын құралдар;
Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:
- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының қисықтық принципі;
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі;
Сонымен технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 
Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздерін жүзеге асыруы технологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет