Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері



бет20/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде


Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс - әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.


Жоспар
1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
2. Педагогиканың негізгі категориялары, олардың өзара байланысы.
3. Педкагогикалық ғылымдар жүйесі


Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогиканың категориялары, педагогика пәні, педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдістері.
Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» - жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндікгерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі зандылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жаткан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне еңгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі және жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл коғамның берекесі соғаң тәуелді болып тұр.
Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
2. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не онын психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімделу (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет