Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет21/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Педагогика пәні.Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың әлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-тех-никалық үдеріске және әлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Әлеуметгік құбылыс болған білімді зерттеудегі әртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, әлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бәрі де адамның күнделікті өсу және даму процестерімен байланысқан білімнің мәндік астарын және сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оган сәйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым - педагогиканың зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пәні - арнайы әлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру және мәдени-тәрбие орындарында-мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика әрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі және құралы болған педагогикалық процестің мәні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын және оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тәлім-тәрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-әрекетін (педагогикалық қызметті) және оқушылардың әрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен әдістерін әрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тәсілдерін нақты-лап, ашып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет