Тақырыбы: Үздіксіз және дискретті информация.
Абстрактты алфавиттер
1. Аналогтық жєне дискретті информация.
2. Абстрактты алфавиттер.
3. Кодтау. Екілік алфавит.
4. Байттық алфавит.
1.Әр түрлі табиғи құбылыстар мен технологиялық процестер адамның сызу мүшелеріне әр түрлі өлшейтін аппараттар арқылы қабылдап отырады. Бұл құбылысты немесе процестерді математикада функциялар арқылы өрнектейді. У=F(х,t) t=уақыт.
Бұл шамалар мәндерінің үздіксіз қатарын қабылдай алуы мүмкін. Үздіксіз деп шексіз қадамдармен өзгере алатын шаманы айтамыз. Бұны аналогтықтық информация деп те атайды. Аналогтық инфомацияның не, не осы информацияларды сипаттайтын у=F(x) функцияның параметріне ең кіші қадамын белгілеп беретін болсақ онда информацияның дискретті түрін аламыз, яғни қадам белгіленгеннен артық кішірейе алмайды. Дискретті информациялық сандар түрінде, бейне, дыбыс түрінде де белгілі болады.
Дискретті информацияларды сандар түрінде не символдар түрінде белгілеу алфавиттік әріптер арқылы әдіспен берілген делінеді.
-
АВСТРАКТІЛІ алфавит не жай ғана алфавит деп аталады, кезек
анықтайтын шектеулі символдар жиыны алфавиті әдісінің негізі болып табылады. Наќты сандарды бейнелейтін мына 11 символды –0,1,2,3,4,5,6,7,8,9”,” австрактілі алфавитінің – дербес жағдайы ретінде қарастыруға болады. Бұл алфавит “он бір әріптен тұрады делінеді” басқа бір дербес жағдай бұл адам тілдерінің алфавиті. М:қазақ тілі, ал математикалық не басқа да ғылыми тексттер тілінде кәдімгі әріптер (бейнелеуге қажеттілік туындайды) басқа-басқа тілдердің әріптері (көне грек тілі) сонымен қатар арнайы символдар (S,,+,-,) т.б. кездеседі.
3. Кодтау. Информацияны өңдеу барысында бір алфавиттің әріптері арқылы 2-ші бір алфавитінің әріптерін бейнелеуге қажеттілік туындайды. М:х-ті ондық цифрлар алфавиті, ал у-ті кәдімгі қазақ алфавитімен белгілеп алайық, у-ті х-арқылы кодтау керек болса, ол төмендегідей берілуі мүмкін. 0=а,1=ә, 2=б,3=в, 9=к, ал керісінше х-ті у-арқылы кодтау жағдайын біз көріп жүрміз. 1-бір, 2-ек, 3-‰ш.
Екілік алфавит. Кез-келген басқа алфавитті кодтауға жеткілікті болатын қарапайым австрактілі 2-әріптерінен тұрады. Мұндай алфавитті 2-лік алфавит деп атайды, оның әріптері 0 және 1 арқылы белгілеуге келісілген. Информацияның ең кіші өлшем бірлігі 2-мәнді қабылдай алады. 0 және 1 және ең кіші бірлік бит деп аталады.
4. Байттыќ алфавит. Қарапайымдылығына байланысты 2-лік алфабит әріптері техникалық информациялық құрылыстары солардың ішінде электронды есептеуіш машиналарда кең тараған. Адамдар қолданып үйреніп қалған алфавит әріптерін кодтау үшін 2-лік цифрлар қатары қолданылады,2-лік цифрлардың n қатары 2n түрлі символдарға кодтауға жетеді.
М:
n=2 22 =4символдарды кодтауға жетеді.
00
01
11
10
28=256 символдарды кодтауға жетеді. Бұл иероглифтарды есептемегенде іс-жүзінде қолданып жүрген көптеген алфавиттерді кодтауға жеткілікті. Осыған байланысты 8 2-лік цифрлар қатары байт деген атауға ие болады. Байттық алфавит 256 әріптерінен тұрады: кіші және үлкен латын әріптері, тыныс белгілер, ондық цифрлары, математикалық символдарды халықаралық масштабта кодтық жалпыға бірдей стандарт бекітілген. Мұнда пробел белгісі үшін де байттық код берілген. Байттық алфавит орыс және қазақ алфавиттерін кодтауға бұлардан бөлек басқа символдарды грек әріптерін кодтауға жеткілікті резерві қалады.
Бірақ 200 және одан көп символдар түрімен жұмыс істеу үшін енгізу шығару аппараттарының мүмкүндігі өте үлкен болуы керек.
М:256 түрлі символдар орналасқан жазу машинасының өте үлкен болуы сөзсіз. Сондықтан ЭВМ үшін қолданылатын алфавит символды барынша көбейттіруге тырысады. ЭВМ-де 96 әріптік алфавит қолданады, оны біз базистік алфавит деп атайтын боламыз. Егер мұнда кейбір символдарға код жетпей қалса онда алфавитте бар әріптерін бейнелейді. Мысал:грек әріптері - орнына латын әріптерін alphа деп жазамыз.
Лекция 9 Тақырыбы: Сөздер және абстракт тілдер.
1. Формальді тіл.
2. Бэкустің нормаль формалары.
3. Берілгендер. Элементар берілгендер типтері.
4. Айнымалы және тұрақты шамалар.
1. Х абстрактілі алфавитінде кез-келген шектелген әріптер тізбегі осы алфавиттегі сөз деп аталады. Бұл жердегі сөз ұғымы өзіміз қолданатын сөздер сияқты міндетті түрде бір мағынаны білдіре бермейді. Айталық х алфавиті қазақ тілінің алфавит әріптерінен құралсын. Бұл жерде тыныс белгілері және бос орындармен қоса алынған сөйлемде сөз бола алады.
Осылайша құрылған сөздер жиынын ішінен дұрыс сөздерді (қандайда бір ереже бойынша дұрыс құрылған) анықтайтын формальді тіл қажет болады. Формальді тілдің өзіне тән грамматикасы болады. Грамматика формальді ережелердің шектелген жиынынан тұрады. Ал осы формальді ережелерге сәйкес құрылған барлық сөздер дұрыс сөздер болады.
Қазіргі таңда информатикада формальді тілдерді тудыратын бірнеше граматиканы беру әдістері жасалынған. Қарапайым әдістердің бірі (әрі көп жерде қолданылатын) Бэкустің нормаль формалары деп аталатын әдіс.
Мысал арқылы қарастыралық. Айталық 2-лік цифр (0,1) және үтірден тұратын х алфавиті берілсін. Осы алфавит арқылы барлық рационал теріс емес екілік сандардан (бүтін, бөлшек) тұратын тіл құру керек. Мұндай тіл құру үшін Бэкус әдісінде мынандай екі (мета ұғым) ұғым беріледі.
“Сол жақ” Оң жақта келтірілген форма мәндерінің кез-келгенімен анықталады. n деген сөйлемді ынғайлылық үшін : : = белгісімен береміз.
<бүтін сан>: : =<0><1><0> <бүтін сан><1> <бүтін сан>
<екілік сан>: :=<бүтін сан> <,> <бүтін сан>
Мұнда - немесе деген мағынаны білдіреді.
Жоғарыдағы анықтамаларға сәйкес дұрыс сөздер, яғни 2-лік сандар деп төмендегілерді айтуға болады: 01, 0010, 00.
2. Автоматтандырылған информациялық жүйелер мәліметтермен жұмыс істейді. Бұл мәліметтерді әдетте берілгендер деп атайды, ал жүйелердің өзі - берілгендерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелері деп аталады. Берілгендер бастапқы (кіретін) аралық және шығатын болып ажыратылады. Берілгендер жеке-жеке құраушыларға бөлінеді. Оларды элементар берілгендер деп, не берілгендер элементтері деп аталынады. Әр түрлі типтегі берілгендер элементтері қолданылады. Берілгендер типі (элементар) осы берілгендер қабылдай алатын мәндерге сәйкес анықталады.
Қазіргі уақытта информатикада көптеген әртүрлі элементар берілгендер типтерінің ішінен ең жиі қолданылатындары бүтін және нақты сандар, сөздер және бульдік деп аталатын шамалар.
ЭВМ–де сандар көріністерінің 2-түрі бар: екілік, екілік-ондық, екілік көрінісінде екілік санау жүйесі қолданылады. Бұл бүтін сандар үшін.
Ал нақты сандар жағдайында 2-түрлі көрініс формасы пайдаланылады: жылжымалы және жылжымайтын үтір арқылы.
Жылжымайтын үтір арқылы жазылған уақытта барлық нақты сандар үшін үтірдің қай жерде жазылатындығы анықталып алынады. Мысалы: үтір 3-пен 4 разряд аралығында қойылсын деп келісілсе онда 00001010 коды 00001,010=(1+0*2-1 +1*2-2 +1*2-3)=1,2510*1+1/22=1,25
Жылжымалы үтір арқылы жазылған сандар коды мына түрде беріледі х=а*2b а саны (белгісі бар - +) – мантисса деп аталады, b- саны х санының мінездемесі деп аталады.
Буль типі тек 2 мәнді ғана қабылдай алатын берілгендерді анықтайды: ақиқат және жалған. Бульдік шамаларды кодтау үшін 2-лік алфавит қолданылады.
-
Әр түрлі берілгендерді идентификациялау (атау беру) үшін идентификаторлар деп аталатын арнайы атаулар беріледі. Бұл айнымалы қабылдай алатын мәндер осы айнымалымен анықталып отырған элементар берілгендер типімен анықталады.
Элементар берілгендер идентификаторы ретінде кез-келген латын әрпімен басталатын ондық сандар не әріптер тізбегін алуға болады.
Айнымалы шамалар үшін оның атауы мен мәнін айыру талап етілсе, тұрақты деп аталатын шамалар үшін шама мәні оның атауы ретінде де қолданыла береді. Егер тұрақты шамаға атау (идентификатор) берілсе онда ол “константа” деп аталады және тұрақты мәннен өзге мән қабылдай алмайды.
Мысалы: 2,718 е=2,718.
1>0>1>0>
Достарыңызбен бөлісу: |