Лекция: 30 сағат Лаб: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет7/11
Дата14.06.2016
өлшемі6.44 Mb.
#135137
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Функцияның параметрлерін енгізу

Функцияның параметрлерін енгізу кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрі міндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жай қаріппен берілген болса, ол параметрі тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша сипаттамасы мен параметрлерінің өзгеру аралықтары берілген.





Қорытынды есептеулер


Шебердің көмегімен алынатын функциялардың көп бөлігі ғылыми есептеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдана бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтер лік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функциялардың бәріне ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны Алдан-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақ бір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.

Қосындылау функциясы. Қорытындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ(). Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке ар найы батырма бар – Автоқосынды(Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың үстіңгі немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша парамертлерін беруге болады.

Қорытындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шебері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП(дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.

26-лекция




Функцияларды қолдану


Жоспар:

  1. Функциялардың жұмыс парағында бейнеленуі

  2. Функциялардың түрлері


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі
1 Харистанова И. Самоучитель Excel – 2000г.

Санк – Петербург: Питер-2001г.

2 Павлова И. Т. Компьютерный курс лекции. Астана – 2001г.

3 М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева

“Информатика” Алматы – 2004ж
б) қосымша

4 Мicrosoft Excel 97 кестелі процессоры. Алматы – 2005ж.


5) Попов А. А. Excel практическое руководство. Москва – 2000г.

6 К.З. Халықова “Информатиканы оқыту әдістемесі” – Алматы:

“Білім”,2000ж.
Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы x – функцияның аргументі, алу – функцияның мәні, f – функция.

Функцияларды қарастыруға мысал қарастырайық:

С7 ұяшығында =ABC(A7)+LOG(B7) формуласын есептейік . Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсолют шамасын есептейтін функция ; LOG(B7) – А7 ұяшығындағы мәннің логарифмін есептейтін функция.

Excel программасында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:



  • SIN(), COS(), TAN() – тригонометриялық функциялар;

  • ASIN(), ACOS(), ATAN() – кері тригонометриялық функциялар;

  • МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функциялар;

  • LN, LOG, LOG10 – натурал, жай, ондық логарифдер;

  • КОРЕНЬ() – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;

  • ЕСЛИ, И, ИЛИ, НЕ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;

  • ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР – мәтіндік функциялар.

Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.

Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау

Excel программасында бүкіл жұмыс кітабын, кез-келген парақты немесе ұяшықты қайсыбір көлденең жағдайлардан, өзгерістерден сақтап қоюға болады. Мәліметтерді қорғап қою оны өзгерістерден қорғау қасиетін алып тастағанға дейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулалары, кестенің тақырыптары, ұяшықтардың аттары) ғана өзгертуден қорғалуы тиіс.

Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:


  • өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрыңғы қорғалу қасиеттері алынады;

  • ағымдағы параққа немесе оның кейбір ауқымдарынақорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен ауқымдарға ғана мәліметтер енгіземіз.

Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу



Қажетті ауқымды ерекшелеп алып, содан кейін Пішім Ұяшықтар Қорғау (Формат - Ячейки - Защита) командасын орындап, ашылған Ұяшықт арды пішімдеу (Формат ячеек) сұқбат терезесінің Қорғау(Защита) қыстырмасындағы жалаушаларды орнатамыз немесе алып тастаймыз.
27-лекция.

Excel-де диаграммалар тұрғызу

Лекцияның жоспары: 1. Excel –де диаграммалар тұрғызу

2. Диаграмманың түрін таңдап алу

3. Диаграмманы безендіру

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі
1 Харистанова И. Самоучитель Excel – 2000г.

Санк – Петербург: Питер-2001г.

2 Павлова И. Т. Компьютерный курс лекции. Астана – 2001г.

3 М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева

“Информатика” Алматы – 2004ж
б) қосымша

4 Мicrosoft Excel 97 кестелі процессоры. Алматы – 2005ж.

5) Попов А. А. Excel практическое руководство. Москва – 2000г.

6 К.З. Халықова “Информатиканы оқыту әдістемесі” – Алматы:

“Білім”,2000ж.
Excel – де диаграммалар тұрғызу
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметтердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер қатарын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады.

Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер бұл мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан. Диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмманы тұрғызар алдында мәлімттер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің жұмыс барысында да енгізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет