Бренстед қышқылдары (протондық қышқылдар) — протон беруге бейім бейтарап молекулалар немесе иондар
(протондардың доноры ).
Қышқыл → Н+ + Негіз
Бренстед негіздері — протонды қосып алуға бейім бейтарап молекулалар немесе иондар (протондардың акцепторы).
Льюистың қышқылдары және негіздері
Льюис қышқылы бола алатын атом, молекула немесе катионның ваканттық орбиталі болу керек және коваленттік байланыс түзіп, жұп электрон қабылдауға бейім болу керек.
Льюис қышқылдарына периодтық жүйедегі екінші және үшінші топтар элементтерінің галогенидтері (ВF3, АlСl3, FeCl3, FeBr3, ZnCl2 ж.т.б..), металлдар катиондары, протон жатады. Льюис қышқылдары гетеролиттік реакцияларда электрофилді реагенттер ретінде қатысады.
Льюис қышқылдары — жұп электрондардың акцепторлары; Льюис негіздері — жұп электрондардың донорлары. Льюис негіздері (атом, молекула немесе анион) коваленттік байланыс түзуге әріптестеріне кем дегенде бір жұп электрон беруге бейім болу керек.
Қатты және жұмсақ қышқылдар мен негіздер принципі (ҚЖҚН).
ҚЖҚН принципіне [Пирсон Р.] сәйкес Льюис қышқылдары және негіздері қатты және жұмсақ деп бөлінеді.
ҚЖҚН принципінің мағынасы қатты қышқылдар қатты негіздермен, ал жұмсақ қышқылдар жұмсақ негіздермен басымдылау әрекеттесуінде
Пирсон бойынша, қатты қышқылдар — электрон жұбының акцепторлары, мөлшері кіші, үлкен оң зарядқа ие, электртерістілігі жоғары, поляризацияланғыштығы төмен.
Пирсон бойынша, қатты қышқылдар — электрон жұбының акцепторлары, мөлшері кіші, үлкен оң зарядқа ие, электртерістілігі жоғары, поляризацияланғыштығы төмен.
Қатты негіздер тура осы қасиеттерге ие электрон жұбының донорлары.
Жұмсақ қышқылдар — кіші оң зарядқа ие, мөлшері үлкен, электртерістілігі төмен, поляризацияланғыштығы жоғары Льюистың қышқылдары.
Жұмсақ негіздер – осы қасиеттерге ие Льюистың негіздері
Құрамында сутек атомы бар қосылыстардың кез келгенінен протонның бөлінуін болжауға болады. Яғни, әрбір осындай қосылысты қышқылдар класына жатқызуға болады.
Құрамында сутек атомы бар қосылыстардың кез келгенінен протонның бөлінуін болжауға болады. Яғни, әрбір осындай қосылысты қышқылдар класына жатқызуға болады.
Қышқылдарды қышқылдық қасиет көрсететін сутек атомымен байланысқан элемент атомының сипатына қарай жіктеген жөн:
а) О-Н–қышқылдар: спирттер, фенолдар, карбон қышқылдары, су және басқа да құрамында гидроксид тобы бар қосылыстар;
б) S-H–қышқылдар: тиолдар, тиол қышқылдары және S-H тобы бар басқа да қосылыстар, күкіртсутек;